Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 20 шілдедегі N 630 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы  23 шілде N 1052.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 187 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 маусымдағы N  575 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет активтерiн тиiмдi басқару мен оларға билiк жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi 1998-1999 жылдарға арналған шаралардың жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді: 
      1. "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын (шаруашылық жүргізу құқындағы) жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Есеп" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (шаруашылық жүргiзу құқындағы) мүлiктiк кешенiн сатуды жүзеге асырсын. 
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Мыналардың: 
      1) "Есеп" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегi N  1066 қаулысының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N  392 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 12, 118-құжат) 1-тармағындағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі