Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлгі бiр айлық мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Кәсiпорынның құрылтайшы құжаттарында оның қызмет аясын айқындасын;
2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
3) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн;
4) Кәсiпорынды тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі