Мемлекеттік мекемелердің бюджет ақшасы есебінен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 5 маусым N 703.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.27. N 1101 қаулысымен.

      Ішкі істер органдары үшін мамандар дайындауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы№Ішкі істер министрлігінің Алматы заң институты" мен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институты" мемлекеттік мекемелерін біріктіру жолымен мемлекеттік мекеме "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" (бұдан әрі - Академия) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Академияның жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясын басшы және профессорлық-оқытушы құрамның білікті кадрларымен жасақтасын;
      3) екі ай мерзімде Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Құпия.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі "1999 жылға

 

арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998

жылғы 16 желтоқсандағы Заңында "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігінің Алматы заң институты" мен "Қазақстан Республикасы Ішкі

істер министрлігінің Алматы техникалық институтын" ұстауға көзделген

қаражаттың шегінде Академияны қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Орынбекова Д.