Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қаңтар N 95. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.03.15. N 404 қаулысымен. ~P000404


      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне селолық жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, жазба жұмыстарын, дәптерлерiн тексергенi үшiн, оқу кабинетiнiң меңгерушiлiгi үшiн, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 P991876_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      ескертулердiң 6-тармағы мына редакцияда жазылсын:

     "Жазғы, күзгi, қысқы және көктемгi каникулдар кезiнде бiлiм беру 
ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы, олардың лауазымдық жалақысының 
(тарифтiк ставкаларының) 100 процентi мөлшерiнде, жоғарыда аталған қосымша 
ақылар, үстеме ақылар және апталық оқу жүктемесінен артық жүктеме 
есептелместен төленедi".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.