Азаматтарға 1999 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде қаржыландырылатын медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қаңтар N 70. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.27. N 135 қаулысымен. ~P000135

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға 1999 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде қаржыландырылатын медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті - республикалық бюджет қаражатының есебінен, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (департаменттері, бөлімдері) - жергілікті бюджеттердің қаражатының есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде, сондай-ақ "медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталық" мемлекеттік мекемесі мен оның облыстық, Астана мен Алматы қалаларындағы бөлімшелері медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдар болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт

министрлігі медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлеміне кірмейтін 
және ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулерінің тізбесін 
айқындасын.
     4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Үкіметінің
                                         1999 жылғы 29 қаңтардағы
                                         N 70 қаулысымен
                                              бекітілген
     
     Азаматтарға 1999 жылға арналған республикалық және жергілікті
       бюджеттер қаражатының есебінен мемлекеттік тапсырыстың
        шеңберінде қаржыландырылатын медициналық көмектің
                тегін кепілдендірілген көлемінің
                         Тізбесі
     


      1. Азаматтарға республикалық бюджет қаражатының есебінен орындалатын медициналық көмектің тегін кепілдендірілген көлемі:
      1) жүрек-қан тамырлары, онкологиялық, стоматологиялық, хирургиялық, травмотологиялық-ортопедиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, офтальмологиялық және тері-венерологиялық аурулармен ауыратындарға стационарлық көмекті, органдар мен ткандерьді алмастыруды, балалар мен екіқабат әйелдерге және гинекологиялық, кәсіби аурулармен ауыратындарға медициналық көмекті, денсаулық сақтау органдары мен медициналық ұйымдардың жолдамалары бойынша медициналық-генетикалық (медициналық көрсеткіштер бойынша), бактериологиялық зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу институттарының республикалық клиникаларында тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
      2) республикалық балаларды оңалту-сауықтыру Орталығында, "Алатау" балалар клиникалық санаторийінде, "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасында аурудың барлық түрі бойынша, оның ішінде психоневрологиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, аллергологиялық, қолқа-өкпе, жақ-бет ауруларымен ауыратын, қант диабетіне шалдыққан балалардың денсаулықтарын қалпына келтіру;
      3) республикалық медициналық кәсіпорындарда медициналық консультативтік көмек көрсету;
      4) дәрі-дәрмектерді, реактивтерді, диагностикумдарды, қоректік орталарды, дезинфекциялаушы заттарды бір орталықтан сатып алуды, уақытша эпидемиологиялық стационарларды өрістетуді, кең ауқымды сипаты бар эпидемияларды жою үшін алдын ала дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жөніндегі шараларды қоса алғанда, республикалық деңгейде эпидемияға қарсы күрес;
      5) қанның запастарын, компоненттерін және препараттарын (эритроцитарлық масса, эритроцитарлық өлшеу, лейкоциттік масса, тромбоциттердің қоспасы, нативтік плазма, жаңа мұздатылған плазма, альбумин, иммуноглобулин), қанның тобын айқындауға арналған стандарттық сары суларды, барлық медициналық ұйымдарды күнделікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ кең ауқымды сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде резус-факторларды қоса алғанда, республикалық деңгейде қан (оны алмастырушыларды) өндіру;
      6) туберкулезге қарсы препараттарды бір орталықтан сатып алуды қамтитын республикалық деңгейде орындалатын "Туберкулез" бағдарламасы;
      7) қантты төмендететін препараттарды, глюкометрлерді бір орталықтан сатып алуды қоса алғанда, "Диабет" бағдарламасы;
      8) республика балаларын дифтерияға, тырысқаққа, көкжөтелге, полиомиелитке, қызылшаға, туберкулезге, эпидемиялық паротитке қарсы егуге арналған дәрілер мен басқа да биологиялық қарсы тұру препараттарын орталықтандырылған сатып алуды қоса алғанда, иммундық алды алу бағдарламасы;
      9) 5 жасқа дейінгі балаларды егуді қоса алғанда, вирустік "А" және "В" гепатитіне қарсы егетін вакциндерді бір орталықтан сатып алу;
      10) санитарлық автокөлікті, медициналық жабдықтарды, оның ішінде бинокулярлық микроскоптарды, рентгенді және флюорографиялық жабдықтарды, сондай-ақ оларға жұмсалатын материалдарды сатып алуды, орнатуды және сервистік қызмет көрсетуді, қоса алғанда медициналық жабдықтарды, қызмет көрсетулерді және санитарлық автокөлікті бір орталықтан сатып алу;
      11) салауатты өмір салтын насихаттау: салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі Ұлттық орталықтардың қызмет көрсетулері.
      2. Медициналық көмектің жергілікті бюджет есебінен орындалатын, тегін кепілдендірілген ауқымы:
      1) жедел медициналық көмек көрсету;
      2) қор ұстау моделі бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету:
      егу ісін, БДҰ бағдарламасын (ДОТЦ-терапия, респираторлық-вирустік және диареялық инфекциялардың алдын алу және олармен күрес т.б.), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органдар белгілейтін бекіту ережелеріне сәйкес күндізгі стационарда және үйде емдеуді қоса алғанда, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, аудандық, қалалық емханалар, балалар емханалары (консультациялары), әйелдер консультациялары көрсететін медициналық-санитарлық көмек;
      мамандандырылған амбулаториялық-емханалық кәсіпорындар көрсететін консультативтік-диагностикалық көмек;
      консультативтік-диагностикалық орталықтар мен емханалар, амбулаториялық хирургия, травматология, гинекология ПМСП мамандары мен денсаулық сақтау органдарының жолдамалары бойынша;
      18 жасқа дейінгі балаларға, екіқабат әйелдерге, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрғындардың жекелеген санаттарына және ауыр тіс аурумен келген пациенттерге көрсетілетін стоматологиялық көмек.
      3. Жергілікті деңгейде тұрғындарға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмекті қоса алғанда, стационарлық көмек:
      1) стационарлық, оның ішінде ПМСП мамандары мен консультативтік-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) жолдамалары бойынша, сондай-ақ жедел медициналық көмек ауруханаларындағы, облыстық (қалалық) ересек адамдардың (балалардың), орталық, аудандық, ауылдық учаскелік, офтальмологиялық ауруханаларда, онкологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық диспансерлеріндегі, онкологиялық, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар, психоневрологиялық, туберкулез, перзентхана бөлімдеріндегі (кабинеттеріндегі), көп бейінде ауруханалардағы, перинатальдық орталықтардағы бірінші кезектегі әрі шұғыл көмекке мұқтаж аурулар түскен жағдайда көрсетілетін, дәріліктен басқа, мамандандырылған көмек;
      2) патологиялық-анатомиялық бюролар мен бөлімшелердің қызмет көрсетулері, жедел және жоспарлау-консультативтік көмек бөлімшелерінің (облыстық санитарлық авиация) шұғыл көрсеткіштері бойынша қызмет көрсетулер;
      3) медициналық-генетикалық (медициналық көрсеткіштер бойынша), бактериологиялық зерттеулер;
      4) 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмек;
      5) стационарлық емдеуге 18 жасқа дейінгі балаларға, стационарға бірінші кезектегі әрі шұғыл көрсеткіштер бойынша түскен ересек ауруларға дәрілей көмек.
      4. Жергілікті деңгейде салауатты өмір салтын насихаттау, бұған салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталықтарының қызмет көрсетулері де кіреді.
      5. Ауру шыққан жерді, алдын ала дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды, медициналық көмек көрсетуді, жаппай ауыру мен эпидемия кезінде уақытша эпидемиялық стационарларды өрістеуді қоса алғанда, жергілікті деңгейде эпидемиялармен күрес.
      6. Қанның запастарын, компоненттерін және препараттарын (эритроцитарлық масса, эритроцитарлық өлшеу, лейкоциттік масса, тромбоциттердің қоспасы, нативтік плазма, жаңа мұздалған плазма, альбумин, иммуноглобулин), қанның тобын айқындауға арналған стандарттық сары суларды, барлық медициналық ұйымдарды күнделікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жергілікті деңгейде пайда болған төтенше жағдайлар кезінде резус-факторларды қоса алғанда, жергілікті деңгейде қан (оны алмастырушыларды) өндіру.
      7. Тұрғындардың денсаулығын қорғау жөніндегі басқа да қызмет көрсетулер:
      1) жергілікті денсаулық сақтау органдарының, науқастың және қажет жағдайда ілесіп жүретін адамның жол жүруін қоса алғанда, медициналық көрсетулер бойынша республиканың ішінде емделуге жіберілетін науқастардың жолақысын төлеу;
      2) дәрі-дәрмектер науқастарға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес дәрігерлердің жазуы бойынша тегін босатылатын амбулаторлық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарын, науқастардың тізбесі мен санаттарын қоса алғанда, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
      3) балалар тағамы мен азаматтардың жекелеген санаттарының тағамын мамандандырылған өнімдермен қамтамасыз ету, мұнда ана сүтінің орнына алмастырғыштарға, көкөніс және жеміс-жидек пюрелеріне, сондай-ақ қышқыл сүт қоспаларына мұқтаж жасқа толмаған балаларды қамтамасыз ету, дәрігердің рецептілері бойынша берілетін емдік тағам өнімдері (төмен лактозды қоспалар, фенилкетонруиймен ауыруы кезінде).
                                        Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 70 қаулысына қосымша


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші
         жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің міндетті медициналық сақтандыру қорын құру туралы" 1995 жылғы 29 қыркүйектегі N 1295 P951295_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж. N 31, 393-құжат).
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтардың міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 1845 P951845_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 40, 506-құжат).
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтарды міндетті медициналық сақтандыруды қаржыландырудың мәселелері" туралы 1996 жылғы 28 наурыздағы N 369 P960369_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 13, 105-құжат).
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен P961031_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 67-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1997 жылға арналған бюджеті мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттарын бекіту туралы" 1997 жылғы 7 сәуірдегі N 493 P970493_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 120-құжат).
      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 1845 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1036 P971036_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 265-құжат).
      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1556 P971556_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49, 455-құжат) 7-тармағы.
      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Міндетті медициналық сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджеті туралы" 1998 жылғы 29 шілдедегі N 713 P980713_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 24, 211-құжат).
      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім,

мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1999 жылға арналған 
мемлекеттік бюджетін әзірлеу үшін бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды 
бекіту туралы" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737  

P980737_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 26, 224-құжат) 5-тармағы.
     10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 
1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 929  

P980929_

  қаулысының (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 303-құжат) 1, 3-тармақтары.
     
     
     
   Оқығандар:     
  Қобдалиева Н.
  Икебаева А.