1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 4 тамыз N 737

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы N 592 P980592_қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шарты мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын;
      "9. Осы шарт сатып алатын тұрғын үйi үшiн ақша "Жаңа астана" қорының шотына түскеннен кейiн күшiне енедi".
 

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi