Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекарал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1304

      Батыс және Солтүстік Қазақстанның өнеркәсіп ұйымдары мен тұрғындарын энергиямен жабдықтауды жақсарту, электр энергиясының "Ресей БЭЖ" РАҚ-нан жеткізілуіне тәуелділікті азайту және энергетикада "ВОО" (тұрғыз-иемден- пайдалан) принципін пайдалану мақсатында:
      1. "Қазақстан Республикасының Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "ВОО" шартымен ICBC - USA HOLDING Inс. және FINANCIAL INDEPENDENT TRUST американдық қаржы компанияларымен Ақтөбе облысында қуаттылығы 960 МВт құрама циклді электр станциясын және ұзындығы 503 кВ Ақтөбе - Жетіқара 500 кВ электр тасымалдау желісін салу жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігінсіз келісім-шарт жасасу мүмкіндігі туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ақтөбе облысының

әкімі аталған электр станциясының құрылысы мен оны пайдалану үшін барлық

қажетті құжаттар мен рұқсаттамаларды беруге заңдарда белгіленген тәртіппен

жәрдем жасасын.

     3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының әкіміне жүктелсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.