Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі N 806 Қаулысы

      2007 жылғы 19 қыркүйекте Астана қаласында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімұлы Әшімовтің 90 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізілуіне байланысты:
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қабылдау өткізу орнын гүлмен безендіре отырып салтанатты қабылдау өткізуді 2007 жылға арналған респуликалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр