1. Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Тендер комиссиясы заңдарда белгiленген тәртiппен:
"Жезқазғантүстiмет", "Маңғыстаумұнайгаз", "Қазақтелеком", "Ақтөбемұнайгаз", "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн бастапқы орналастыруды жүргiзу жөнiнде ең жақсы ұсыныстар берген инвестициялық банктерге өкiлеттiк мандаттарын беру жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн;
өкiлеттiк мандаттарында акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн отандық
инвестициялардың арасында орналастыруды қарастырсын.
3. "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi", "Қазақстан алюминийi",
"Қазхром", "Борлы", "Соколов-Сарыбай КБӨБ", "Атакент",
"Оңтүстiк-Топар кен басқармасы", "Шымкент қорғасын зауыты"
акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн
сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмi шыққанға дейiн
тоқтатыла тұрсын.
4.
5.
ЕСКЕРТУ. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30.
N 1504 қаулысымен.
P991504_
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 15 қарашадағы
N 1588 қаулысына
қосымша
Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу
жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы
Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, комиссияның
төрағасы
Айымбетов С.Ғ. - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментiнiң бөлiм бастығы
Бектасов Ә.А. - Қазақстан Республикасының Бағалы
қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының төрағасы (келiсiм
бойынша)
Тойбазаров Б.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң басқарма бастығы
Дауылбаев А.Қ. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
вице-министрi
Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Жекешелендiру
жөнiндегi департаментiнiң директоры
Дәмитов Н.Б. - Қазақстан Республикасының Бағалы
қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясы төрағасының көмекшiсi,
комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 247 қаулысымен.
P980247_