Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1716 және 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 маусымдағы N 979

      "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3378 Жарлығын   жүзеге асыру және компанияның Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуi мақсатында, сондай-ақ "Ембiмұнайгаз" және "Атырау МӨЗ" акционерлiк қоғамдарының жекешелендiру жөнiндегi тендерлердiң тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енiзiлсiн:
     <*>
     "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы  N 410 қаулысына :
     аталған қаулының 1-қосымшасына:
     "Жетiбай-Куэст" ЖШС 50" деген жол алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "Ембiмұнайгаз" АҚ                 85
     "Теңiзмұнайгаз" АҚ                85";
     "Арман" ЖШС                       50
     "Қараққұдықмұнай" АҚ              40";
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Арман" ЖШС                       35
     "Қараққұдықмұнай" АҚ              20";
     аталған қаулының 2-қосымшасына:
     мына жолдар алынып тасталсын:
     "Ембiмұнайгаз" АҚ, Атырау қаласы   85    25
     "Теңiзмұнайгаз" АҚ, Құлсары құп.   85    85";
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1998.05.19. N 452 қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен .

     2. Берiлген "Ембiмұнайгаз" және "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамдарының акцияларын Қазақстан Республикасының ашық қор рыногында 1998 жылы қаражатты бюджетке қайтара отырып сату көзделсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып "Тельф АГ" Швейцария фирмасына "Атырау МӨЗ" акционерлiк қоғамы акцияларының 12,1 проценттiк сатып алу-сату шартының күшi жойылған деп тану туралы белгiленген тәртiппен сотқа талап қоятын болсын.

     4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi осы қаулының жүзеге асырылуы жөнiнде шаралар қабылдасын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi