Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 27 мамырдағы N 887. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Үкiмет жұмыс тобының көшпелi мәжiлiсiнiң 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 15-5/37 хаттамалық шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi:
      "Ривер Интернэшнл С.А." (Швейцария) компаниясымен келiссөз жүргiзсiн және "Ривер Интернэшнл С.А." компаниясының "Алаугаз" (Шымкент қаласы) акционерлiк қоғамынан "Ривер Интернэшнл С.А." компаниясының 1950 мың (бiр миллион тоғыз жүз елу мың) АҚШ доллары мөлшерiндегi дебиторлық берешегiн талап ету құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң пайдасына мәмiлеге келу туралы Келiсiм жасалсын;
      "Ривер Интернэшнл С.А." компаниясының жоғарыда аталған дебиторлық берешегiн талап ету құқығына мәмiлеге келудi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Ривер Интернэшнл С.А." компаниясы арасында 1996 жылғы 20 желтоқсанда жасасылған N 041/012-96 Келiсiм-шартына сәйкес "Ачполиметалл" акционерлiк қоғамының акцияларын төлеу есебiне есептесiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi