1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен мыналар алынып тасталсын:
"Фосфохим" АҚ, Ақтөбе облысы;
"Петропавл шағын литражды двигательдер зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы.
2-тармақ. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.10.30.
N 1309 қаулысымен. P961309_
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп мынадай акционерлiк қоғамдарды жекешелендiру жөнiндегi жұмысты жеделдетсiн: "Актюбрентген" АҚ, Ақтөбе облысы "Химпром" АҚ, Павлодар облысы "Аспап жасау зауыты" АҚ, Көкшетау облысы "Петропавл электроқшауландыру материалдары зауыты" АҚ, Солтүстiк Қазақстан облысы. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi