ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН ОРЫНДАРЫН (ЖЕР ҚОЙНАУЛАРЫН), СОНДАЙ-АҚ ТЕХНОГЕНДI КЕН ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУМЕН ШҰҒЫЛДАНАТЫН МЕМЛЕКЕТТIК МЕНШIК ОБЪЕКТIЛЕРIН БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 наурыз 1994 ж. N 269. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қылмысқа қарсы күрестi күшейтуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпаратпен iшкi iстер органдарын қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында:
      1. Iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiнде деректердi өңдеудiң компьютерлiк жүйесiн құру жөнiнде "Simens Nixdorf Osteuropa GmbH" фирмасымен (Германия) 42 781 860 немiс маркасына Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi жасаған жоба мақұлдансын және оны қаржыландыру герман кредит желiсi есебiнен қамтамасыз етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi төлем кезiнде белгiлеген бағам бойынша 6417279 немiс маркасы мөлшерiнде аванстық төлем жасау үшiн мемлекеттiк бюджеттен теңгеге шағылған қажеттi қаражат бөлу көзделсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет қаражаты есебiнен төлем кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң баға бойынша кредиттi және оған iлеспе шығыстарды теңгемен өтеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Әлем банкi KWF банкiмен ("Кредитанштальт фюр Видерауфбау") 36364581 немiс маркасына кредит келiсiмiн жасасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Әлем банкi кредит бойынша берешектiң уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      Премьер-министр