Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiнiң салық полициясында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы<*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 сәуiр N 459. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.04. N 1702 қаулысымен. ~P971702

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2235 Z952235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiнiң

 

салық полициясында қызмет өткеру туралы Ереже бекiтiлсiн, қоса

берiлiп отыр.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi киiм үлгiлерiн

әзiрлеуге тапсырыстардың орналастырылуын және онымен нормалар

бойынша салық полициясы қызметкерлерiнiң қамтамасыз етiлуiн

ұйымдастырсын.

     3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi

салық милициясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 маусымдағы N 596 


P940596_


  қаулысы күшiн

жойды деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                   Қазақстан Республикасы

                                        Үкiметiнiң

                                   1996 жылғы 16 сәуiрдегi

                                      N 459 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

        салық қызметiнiң салық полициясында қызмет өткеру туралы

                               ЕРЕЖЕ


              I. Жалпы ережелер


     Бұл ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық

қызметi органдарының салық полициясы қызметкерлерiнiң қызмет көтеру

тәртiбiн, олардың қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн,

құқықтық мәртебесiн және салық полициясы бөлiмшелерiн ұйымдастыру

жүйесiн айқындайды.


                  1. Салық полициясы


     Салық полициясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

салық қызметiнiң орталықтандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып

табылады.


            2. Салық полициясының негiзгi мiндеттерi


     Салық заңдарының атқарылуын қамтамасыз ету, олардың тиiмдiлiгiн

зерттеу:

     салық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарын анықтау, тыю;

     салық қызметi жұмысының хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

     қылмыс жасаушылықпен күрес мәселелерi бойынша басқа құқық

қорғау органдарымен бiрлесiп жұмыс iстеу.


              3. Салық полициясы органдарының жүйесi



 
       Салық полициясы органдарының жүйесiн Бас салық инспекциясының салық полициясы басқармасы, облыстар, Алматы қаласы бойынша салық полициялары және салық полицияларына тiкелей бағынысты ауданаралық салық тергеу бөлiмдерi құрайды.
      Салық полициясы органдары бөлiмшелерiнiң құрылымын, лауазымдардың атауын және оларға тиiстi шектес арнаулы атақтарды салық полициясы басқармасы бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының бастығы айқындайды.
      Салық полициясы органдарының қызметiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының бастығы жүзеге асырады.
      Салық полициясы органдарына тiкелей басшылықты лауазымы жөнiнен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары болып табылатын салық полициясы басқармасының бастығы жүзеге асырады.
 
              4. Салық полициясы басқармасы
 
      Салық полициясы басқармасы:
      салық полициясы қызметтiң негiзгi бағыттарын, жұмысын бағалау өлшемдерiн айқындайды;
      салық полициясының төменгi бөлiмшелерiнiң шұғыл-қызмет бабындағы жұмысын ұйымдастырады;
      салық полициясының бөлiмшелерi үшiн салық құқық бұзушылықтарын талдауды жүзеге асырады және әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлейдi;
      салық полициясы қызметкерлерiн даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      салық полициясы органдарына бақылауды жүзеге асырады және заңдарды сақтау мәселелерi бойынша түсiнiктеме бередi;
      салық полициясы қызметкерлерiнiң арнаулы есебiн жүргiзiп отырады.
 
                5. Салық полициясының қызметкерлерi
 
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық полициясының қызметкерлерiне (бұдан әрi - салық полициясының қызметкерлерi) салық полициясы органдарында қызметте жүрген, белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.
      Салық полициясының қызметкерлерiне бiрыңғай үлгiдегi қызмет куәлiктерi, жетон және жеке нөмiрлер берiледi, олар үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тегiн киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
      Салық полициясының қызметкерiне басқа ұйымдарда жұмыс iстеуiне, ғылыми, оқытушылық және басқа да шығармашылық қызметтен басқа кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына тыйым салынады.
      Салық полициясының қызметкерлерi салық полициясы органдарында қызмет атқарған кезеңiнде әскери есептен шығарылып, салық полициясында арнаулы есепте тұрады.
 
             6. Салық полициясының мiндеттерi
 
      Салық полициясының органдары:
      Қазақстан Республикасы салық заңдарының бұзылғандығы туралы арыздарға, хабарламалар мен басқа да ақпараттарға тексеру жүргiзуге;
      заңдарға сәйкес салық төлеушiлер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
      салық заңдарының бұзылу фактiлерiн жинауға, оларға талдау жасап, баға беруге және салық құқық бұзушылығы мен қылмыстарына түрткi болатын себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
      салықтардың төленбеуiне байланысты қылмыстардың бетiн ашу мақсатында заңда көзделген негiзде және тәртiппен шұғыл-iздестiру әрекеттерiн жүргiзуге, анықтауға;
      заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты яки олардың пайданы (табысты) жасырып қалу немесе азайтып көрсету, салық салу объектiлерiн жасыру мақсатында жасайтын қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықты, салықтарды, және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлеуден жалтарудың басқа да әрекеттерiн, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң түспеуiне немесе кем түсуiне байланысты мемлекеттiң зиян шегуiне соқтырған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың алдын алуға;
      өзiнiң құзыры шеңберiнде салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн, оның қызметкерлерiн қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауы кезiнде қылмыстық және құқыққа қарсы өзге де қаскүнемдiк әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
      салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлеуден

 

жалтарған, олар жөнiнде мемлекет алдында борышы бар екенi яки

декларация беруден жалтарып жүргенi туралы ресми мәлiметтер келiп

түскен жеке және заңды тұлғаларды өз құзыры шегiнде iздестiруге

мiндеттi.

     Салық полициясы қолданылып жүрген заңдардан туындайтын өзге де

мiндеттердi өз құзыры шегiнде орындайды.

     Салық полициясына заңдарда және осы Ережеде көзделмеген

мiндеттер жүктелмейдi.


               7. Салық полициясының құқықтары


     Салық полициясы органдарының:


 
       заңды тұлғалар (оның iшiнде ерекше тәртiппен жұмыс iстейтiн заңды тұлғалар) мен жеке тұлғаларда барлық ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарға, есептерге, сметаларға, қолда бар ақшалай қаражатқа, бағалы қағаздар мен басқа да игiлiктерге, есеп айырысуларға, декларацияларға, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да құжаттарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен және шарттар негiзiнде тексеру жүргiзуге, ұйымдардың лауазымды адамдары мен басқа да қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан осы тексерулер кезiнде туындайтын мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес салық тергеулерiн жүргiзуге;
      өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде табыс алу үшiн пайдаланылатын не орналасқан жерiне қарамастан салық салу объектiлерiн ұстауға байланысты ұйымдар мен азаматтардың кез-келген өндiрiстiк, қойма, сауда және басқа да үй-жайларын қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып тексеруге;
      ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға салық заңдарының анықталған бұрмалаушылықтарын жою туралы мiндеттi түрде орындалатын нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
      салық заңдарының анықталған бұрмалаушылықтарын жою туралы талаптар орындалмаған, салық полициясының қызметкерлерi тексеру мен тергеуге жiберiлмеген, бухгалтерлiк есептер мен баланстарды, есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс алумен, салық салу объектiлерiн ұстаумен, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен байланысты басқа да құжаттар берiлмеген жағдайда анықталған жолсыздықтар жойылғанға дейiн салық полицияларының бастықтары, салық тергеулерi бөлiмдерiнiң бастықтары арқылы ұйымдар мен азаматтардың банктердегi есеп айырысу және басқа да шоттары бойынша олардың шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар. Жалған, қолдан жасалған құжаттар анықталған жағдайда салық заңдарының бұзылғанын айғақтайтын құжаттар алынып, салық төлеушiге алынған құжаттардың тiзiмi көрсетiлген акт тапсырылады;
      салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға салық полицияларының бастықтары, салық тергеулерi бөлiмдерiнiң бастықтары арқылы қолданылып жүрген заңдарда көзделген салық санкциялары мен айыппұлдарын қолдануға;
      салықтар, айыппұлдар мен өсiмдер белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн, ақша-валюта қаражатын хаттауға;
      ұйымдардың лауазымды адамдары мен азаматтардың салық заңдарын бұзу фактiлерi бойынша хаттамалар жасауға;
      сауда және басқа ұйымдардан, жеке кәсiпкерлерден тауарларды (өнiмдi), орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi бақылау мақсатымен сатып алуға;
      кәсiпкерлiк қызмет, тексерiлiп, отырған ұйымдар мен азаматтардың операциялары және шоттарындағы ақша қаражатының жай-күйi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзетiн басқа заңды тұлғалардан, банктерден, биржалардан және азаматтардан тек қана қызмет бабында пайдаланылатын мәлiметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға;
      егер азаматтар мен лауазымды адамдар қылмыс жасады деп күдiктенуге жеткiлiктi негiз болса немесе олар әкiмшiлiк құқық бұзу әрекеттерiн жасаса, олардан жеке басының кiм екенiн анықтау үшiн қажет құжаттарды талап етуге және тексеруге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен шұғыл iздестiру, анықтау iс-әрекеттерiн жүргiзуге;
      қылмыс белгiлерi байқалған жағдайда қылмыстық-iс жүргiзу заңдарында көзделген негiзде, тәртiппен және мерзiмде заңды және жеке тұлғаларға кезектен тыс тексеру жүргiзуге;
      салық органдарында жемқорлықтың алдын алуға, оны анықтауға және тыюға;
      "Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында көзделген негiзде және тәртiппен қаруды, арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге, қолдануға;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға әкiмшiлiк жолмен ұстауға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолдануға;
      салық құқық бұзушылығына қарсы күресi мақсатында өз құзыры шегiнде адамдардың, заттардың және фактiлердiң есебiн жүргiзуге;
      таксиден басқа қоғамдық көлiкте тегiн жүрiп-тұруға құқығы бар.
      Салық полициясы органдары қылмысқа қарсы күресу мүдделерi үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттiк тергеу комитетi жүйелерiнiң уақытша ұстап тұратын оңаша бөлмелерiнiң, тергеу бөлмелерiнiң, ақпарат орталықтарының, автоматтандырылған ақпарат-iздестiру жүйелерiнiң (шұғыл iздестiру қызметiнiң объектiлерi мен субъектiлерiн есепке алудан басқа), мекен-жай бюроларының мүмкiндiктерiн тегiн пайдаланады.
      "Шұғыл iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шегiнде салық полициясы органдарының арнаулы шұғыл iздестiру шараларын жүргiзу жөнiндегi тапсырмаларын тиiстi қызмет орындары риясыз негiзде орындайды.
      Салық полициясы органдарының банктерде есеп айырысу шоттары, елтаңбалық мөрлерi және белгiленген үлгiдегi iс қағаздары болады.
 
              8. Салық полициясының арнаулы мәселелерi
 
      Салық полициясы органдары мен бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары қылмыстық iс жүргiзу, шұғыл iздестiру қызметi мәселелерi және "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында (171-баптың 9,10,11, 12-тармақтары, 172-баптың 2, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтары) көзделген арнаулы құзыреттiң өзге де мәселелерi бойынша салық полициясының жоғары тұрған органдарына және Бас салық инспекциясының бастығына есеп берiп отырады.
      Шұғыл iздестiру қызметiн реттейтiн заңда және нормативтiк актiлерде көзделген жағдайлардан басқа кезде салық полициясының iс жүргiзу және шұғыл iздестiру қызметiне араласуға жол берiлмейдi.
      Салық полициясының бастықтары құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы басқармасының бастығы, Бас салық инспекциясының бастығы тоқтата алады немесе өзгерте алады, сондай-ақ бұл шешiмдер заңда көзделген тәртiппен тоқтатылады немесе өзгертiледi.
 
               II. Қызмет тәртiбi
 
             9. Салық полициясы органдарындағы қызмет тәртiбi
 
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында, Антта, қызмет туралы келiсiм-шартта, Қаржы министрiнiң, Бас салық инспекциясы бастығының, салық қызметi салық полициясы басқармасы бастығының (бұдан әрi - Бас салық полициясы басқармасының бастығы), облыстар мен Алматы қаласы бойынша салық полициясы бастығының және салық полициясының басқа да лауазымды адамдарының өз құзыретi шегiнде шығарған бұйрықтарына белгiленген тәртiп пен ережелердi сақтау болып табылады.

 

     Бас салық полициясы басқармасының бастығына, облыстар мен

Алматы қаласы бойынша салық полициясының бастықтарына өздерiнiң

қарамағындағы қызметкерлердiң арасындағы қызмет тәртiбiнiң жай-күйi

үшiн дербес жауапкершiлiк жүктеледi.


           10. Салық полициясының қызметкерлерiне

               қолданылатын көтермелеу түрлерi


     Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн үлгiлi

орындағаны және жұмыста жоғары нәтижелерге жеткенi үшiн мынадай

көтермеулер қолданылады:

     а) алғыс жариялау;

     б) бұдан бұрын жарияланған сөгiстi алу;

     в) ақшалай сыйлық беру;

     г) бағалы сыйлық немесе Құрмет грамотасын беру;

     д) омырауға тағатын белгiмен наградтау;

     е) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын беру;

     ж) штаттық лауазымда көзделген атақтан бiр саты жоғары кезектi

арнаулы атақ беру.

     Қызмет борышын орындау кезiнде көрсеткен батылдығы мен ерлiгi,

сiңiрген басқа да ерекше еңбегi үшiн салық полициясының

қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларына

ұсынылуы мүмкiн.


          11. Бастықтардың қарамағындағы қызметкерлерге

              көтермелеулердi қолдану жөнiндегi құқықтары


     Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қарамағындағы салық

полициясының қызметкерлерi жөнiнде осы Ереженiң толық көлемiнде

көтермелеу шараларын қолдану құқығын пайдаланады.

     Бас салық инспекциясы бастығының, Бас салық полициясы

басқармасы бастығының, облыстар, мен Алматы қаласы бойынша салық

полициялары бастықтарының:

     а) алғыс жариялауға;

     б) бұдан бұрын жарияланған сөгiстi алуға;

     в) ақшалай сыйлық беруге;

     г) бағалы сыйлық немесе Құрмет грамотасын беруге құқығы бар.


          12. Салық полициясының қызметкерлерiне

              қолданылатын тәртiптiк жазалар


     Салық полицияларының қызметкерлерiне мынадай жазалар қолданылуы

мүмкiн:

     а) ескерту жасау;

     б) сөгiс;

     в) қатаң сөгiс;

     г) қызметке толық сай келмейтiндiгi туралы ескерту;

     д) лауазымын төмендету;

     е) арнаулы атағын бiр саты төмендету;

     ж) салық полициясы органдарынан шығарып жiберу.


          13. Бастықтардың қарамағындағы салық полициясы

              қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолдану

                        жөнiндегi құқықтары



 
       Облыстар мен Алматы қаласы бойынша салық полицияларының бастықтары салық полициясы органдарының кiшi басшы құрамының қызметкерлерi, инспекторлары мен аға инспекторлары жөнiнде арнаулы атағын бiр саты төмендетуден басқа осы Ереженiң толық көлемiнде тәртiптiк жазалар қолдану құқығын пайдаланады.
      Салық полициясы басқармасының бастығы қарамағындағы қызметкерлерге арнаулы атағын бiр саты төмендетуден басқа өзiнiң құзыретi шегiнде осы Ереженiң толық көлемiнде тәртiптiк жазалар қолдану құқығын пайдаланады.
      Бас салық инспекциясының бастығы салық полициясының қызметкерлерiне арнаулы атағын бiр саты төмендетуден басқа осы Ереженiң толық көлемiнде тәртiптiк жазалар қолдану құқығын пайдаланады.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң осы Ереженiң толық көлемiнде тәртiптiк жазалар қолдануға құқы бар.
      Салық полициясының қызметкерi өзiне тәртiптiк жаза қолданғандығы жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне дейiн және заңда белгiленген тәртiппен шағынуға құқылы.
 
           14. Көтермелеу және жазалау шараларын
                     қолдану тәртiбi
 
      Көтермелеу және тәртiптiк жазаларды тiкелей және жоғары тұрған бастықтар: Қаржы министрi, Бас салық инспекциясының бастығы, Салық полициясы басқармасының бастығы, облыстар, Алматы қаласы бойынша салық инспекцияларының бастықтары көтермелеу шараларын қолдану бөлiгiнде, олардың орынбасарлары - салық полицияларының бастықтары өздерiне берiлген құқықтар шегiнде қолданады.
      Лауазымы бойынша мiндеттердi уақытша атқарған жағдайда, бұл жайында бұйрықта айтылған кезде, бастық уақытша атқарылатын лауазымына сәйкес тәртiптiк жазалар қолдану құқықтарына пайдаланады.
      Көтермелеу мен тәртiптiк жазалау шаралары бұйрықпен жарияланады.
      Көтермелеу және тәртiптiк жазалау шаралары жайында қызметкерге жеке қолын қойдырып немесе жеке құрамның ол қатысып отырған кеңесiнде, жиналысында жарияланады, бұл жөнiнде бұйрыққа жазу жазылады.
      Тәртiптiк жазалау шарасы жағымсыз әрекет байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады, ал қызмет бабындағы тексеру болған, қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жағдайда - тиiстi орган немесе лауазымды адам қылмыстық iстi не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi тексерудi, қарауды аяқтаған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қолданылады, бұл орайда қызметкерлердiң ауырған немесе демалыста болған уақыты есептелмейдi.
      Жазалау шарасы жағымсыз әрекет жасалған күннен 6 айдан кешiктiрмей қолданылады.
      Қызмет тәртiбi бұзылған әрбiр жағдайда тек бiр ғана тәртiптiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн.
      Қызметкерге бұйрықпен жарияланған тәртiптiк жаза:
      ескертпе, егер қызметкер жаза қолданылған күннен бастап үш ай iшiнде жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, алып тасталады деп есептеледi;
      сөгiс, егер қызметкер жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, алып тасталды деп есептеледi;
      қатаң сөгiс, егер қызметкер жаза қолданылған күннен бастап тоғыз ай iшiнде жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, алып тасталды деп есептеледi;
      қызметке толық сай келмеуi туралы ескерту, егер қызметкер жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл iшiнде жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, алып тасталды деп есептеледi;
      қызметiн төмендету төмен қызметке тағайындалғаннан кейiн жүзеге асырылған болып есептеледi;
      арнаулы атағын төмендету арнаулы атағын төмендету туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейiн жүзеге асырылған болып есептеледi.
      Көтермелеу ретiнде тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алуды оны қолданған бастық, оған тең басшы немесе жоғары тұрған бастық жүзеге асырады, бiрақ үш айдан ерте болмайды.
      Қызметкерлер демалыста, iссапарда немесе емделуде жүргенде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғатын ағаттық жiберген жағдайда бұл жайында мәлiм болған салық полициясы органының бастығы болған жағдайды ағаттық жiберген қызметкердiң жұмыс орнына хабарлайды.
      Көтермелеу және тәртiптiк жазалау шараларын қолдану жөнiнде өзiне берiлген құқықты асыра пайдаланған бастыққа бұл үшiн тәртiптiк жауапкершiлiк жүктеледi.
 
           15. Салық полициясы органдарындағы iшкi тәртiп
 
      Салық полициясы органдарындағы iшкi тәртiптi олардың бастықтары осы органдар қызметiнiң ерекшелiктерiн басшылыққа ала отырып, заңдарға сәйкес Бас салық инспекциясының бастығы, салық полициясы басқармасының бастығы айқындайтын тәртiппен белгiлейдi.
 
           16. Жұмыс уақытының ұзақтығы
 
      Салық полициясының қызметкерлерiне еңбек туралы заңдарда белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығы қолданылады.
      Қажет болған жағдайда салық полициясының қызметкерлерi қызмет мiндеттерiн атқаруға белгiленген мерзiмнен тыс уақытта, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi де тартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда оларға Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында белгiленген тәртiппен өтемақы төленедi.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң ауысымдық жұмысында ұзақтығы бiрдей күндiзгi, кешкi және түнгi ауысымдар белгiленедi.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң уақытша жоқ қызметкер үшiн қосымша мiндеттер атқарғанда заңдарға сәйкес және Бас салық инспекциясының бастығы айқындайтын тәртiппен өтемақы алуға құқығы бар.
 
                       III. Аттестация
 
               17. Аттестация
 
      Салық полициясы қызметкерiнiң салық полициясы органдарында қойылатын талаптарға қызмет бабында сай келуiн анықтау мақсатында аттестациялау жүргiзiледi.
      Салық полициясында белгiлi бiр мерзiмде қызмет ету туралы келiсiм-шарт жасасқан қызметкер келiсiм-шартты ұзарту кезiнде, ал қызметiн келiсiм-шартсыз өткерiп жүрген қызметкер - қызметтiң әр үш жылында аттестациядан өтедi. Соңғы аттестация бойынша тұжырымды өзгертуге негiз болған жағдайда салық полициясының қызметкерi

 

аттестациядан мерзiмiнен бұрын өтедi.

     Аттестация нәтижелерi бойынша салық полициясының қызметкерлерi

осы Ереженiң 43-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша жоғары

лауазымға ұсынылуы, лауазымы төмендетiлуi, сондай-ақ жұмыстан

шығарылуы мүмкiн.

     Аттестациядан өту тәртiбiн Бас салық инспекциясының бастығы

белгiлейдi.


                  IV. Арнаулы атақтар беру


             18. Арнаулы атақтар


     Салық полициясы қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар берiледi:

     кiшi басшы құрам

     салық полициясының прапорщигi, салық полициясының аға

прапорщигi;

     орта басшы құрам

     салық полициясының кiшi лейтенанты, салық полициясының

лейтенанты, салық полициясының аға лейтенанты, салық полициясының

капитаны;

     аға басшы құрам

     салық полициясының майоры, салық полициясының подполковнигi,

салық полициясының полковнигi;

     жоғары басшы құрам

     салық полициясының генерал-майоры, салық полициясының

генерал-лейтенанты.


             19. Арнаулы атақтар беру



 
       Салық полициясына қызметке қабылданған адамдарға атқарып отырған лауазымын, кәсiптiк бiлiктiлiгiн, бiлiмiн, осы Ережеде көзделген жағдайларды ескере отырып арнаулы атақтар берiледi.
      Салық полициясы органдарына қызметке қабылданған Қарулы Күштердiң запастағы офицерлерi салық полициясының кадрларына сол әскери атағымен қайта аттестациядан өту тәртiбiмен салық полициясы басшы құрамының арнаулы атағын беру арқылы қабылданады. Бұл орайда запаста берiлген әскери атақтарымен қызмет өткерген жылдары оларға салық полициясының кезектi арнаулы атақтарын беру кезiнде ескерiледi.
      Бұдан бұрын салық полициясы органдарында, заң жүзiнде арнаулы атақтар белгiленген басқа органдарда қызмет өткерген салық полициясының қызметкерлерiне салық полициясының кадрларына қабылдау кезiнде, егер олар бұрынғы қызмет кезеңiнде белгiленген мерзiмдi берiлген атақта өткерген болса, ал жаңа атағы атқарып отырған лауазымы бойынша шектi атақтан аспайтын түспейтiн болса, салық полициясының кезектi арнаулы атағы берiледi. Мұндай жағдайда кезектi арнаулы атақтарды беру осы Ережеге сәйкес жиынтық есептеу бойынша берiледi.
      Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын, арнаулы атақ - салық полициясының полковнигi атағын, сондай-ақ мерзiмiнен бұрын берiлетiн атақты және атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгiленген атақтан бiр саты жоғары атақты Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бередi.
      Кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын оларды қызметке тағайындауға, қызметiн ауыстыруға және жұмыстан шығаруға құқығы бар тиiстi лауазымды адамдар бередi.
      Кезектi арнаулы атақтар жоғарыда аталған талаптарға сәйкес, сондай-ақ қызметке көзқарасын, қызмет өткерген жылдарды ескере отырып салық полициясының қызметкерлерiне:
      салық полициясының лейтенантынан салық полициясының капитанына дейiн қоса алғанда - салық полициясы басқармасының бастығы бередi;
      салық полициясының майоры мен подполковнигi атағын - Бас салық инспекциясының бастығы бередi;
      жоғары басшы құрамның атақтары - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiледi.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары қызмет өткеру мерзiмi былайша белгiленедi:
      Салық полициясының прапорщигi атағында бес жыл.
      Салық полициясы аға прапорщигiнiң арнаулы атақтарында қызмет өткеру мерзiмi белгiленбейдi.
      Салық полициясының кiшi лейтенанты атағында - бiр жыл.
      Салық полициясының лейтенанты атағында - екi жыл.
      Салық полициясының аға лейтенанты атағында - үш жыл.
      Салық полициясының капитаны атағында - үш жыл.
      Салық полициясының майоры атағында - төрт жыл.
      Салық полициясының подполковнигi атағында - бес жыл.
      Салық полициясының полковнигi атағында және одан жоғары атақта қызмет өткеру мерзiмi белгiленбейдi.
      Бес жылдық күндiзгi оқу бөлiмiн бiтiрген, жоғары аяқталған бiлiмi бар қызметкерлер үшiн салық полициясының лейтенанты деген арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi 1 жыл болып белгiленедi.
 
            20. Салық полициясының қызметкерлерiне арнаулы
                    атақтар беру ерекшелiктерi
 
      Арнаулы атақтар рет-ретiмен берiледi. Салық полициясының кiшi лейтенанты арнаулы атағы:
      жоғары оқу орындарының жоғарғы курстарында оқитын және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға;
      арнаулы орта бiлiмi бар салық полициясының жаңадан қабылданған және орта басшы құрамның адамдары атқарып отырған лауазымдарға тағайындалған адамдарға берiледi.
      Салық полициясының лейтенанты арнаулы атағы:
      а) салық полициясының кiшi лейтенанттарына осы Ережеде белгiленген бұрынғы атақта қызмет өткеру мерзiмi өткеннен кейiн, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - осы атақта қызмет өткеру мерзiмiне қарамастан;
      б) жоғары оқу орындарын немесе арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және салық полициясының орта және аға басшы құрамының адамдары атқарып отырған лауазымдарға тағайындалған кiшi басшы құрамның адамдарына;
      в) жоғары бiлiмi бар және салық полициясының орта және аға басшы құрамының адамдары атқарып отырған лауазымдарға тағайындалған салық полициясының жаңадан қабылданған қызметкерлерiне берiледi.
      Салық полициясының майоры арнаулы атағы жоғары бiлiмi бар және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiлуi мүмкiн.
      Салық полициясының қызметкерлерiне басқа кезектi арнаулы атақтар осы Ережеге сәйкес берiледi.
      Тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны, сондай-ақ жедел қызмет iсiне жоғары нәтижелерге жеткенi үшiн басшы құрамның кезектi атақтары мерзiмiнен бұрын берiлуi немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
      Арнаулы атақтар яки атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары арнаулы атақ жоғарыда көзделген негiздемелердiң әрқайсысы бойынша салық полициясы органдарындағы қызметтiң бүкiл кезеңiнде бiр рет берiледi.
      Салық полициясына ауыстырылған салық қызметiнiң қызметкерлерiне арнаулы атақтар олар 40 жасқа толғанға дейiн берiлуi мүмкiн.
 
              21. Арнаулы атақта қызмет өткеру
                       мерзiмiн есептеу
 
      Арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi. Салық полициясы қызметкерлерiнiң төмендетiлген арнаулы атағында болған уақыты қалпына келтiрiлген атақта қызмет өткеру мерзiмiне есептелмейдi.
      Салық полициясының прапорщигi, аға прапорщигi арнаулы атақтары бар, салық полициясының орта және аға басшы құрамының адамдары атқарып отырған лауазымдарға тағайындалған салық полициясының қызметкерлерi салық полициясының прапорщигi, аға прапорщигi арнаулы атақтарында қызмет өткерген мерзiмiне қарамастан салық полициясының орта және аға басшы құрамының алғашқы арнаулы атақтарын беруге ұсынылады.
      Арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмi осының алдындағы арнаулы атақта қызмет өткеру мерзiмiн аяқталған сәттен бастап есептеледi.
      Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақтар арнаулы атақта белгiленген қызмет өткеру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн және берiлген атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сай келген жағдайда берiледi.
      Атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ:
      бұрынғы арнаулы атақта қызмет өткерудiң кемiнде бiржарым мерзiмi өткеннен кейiн берiледi.
      Қызметтен жасына, денсаулығына немесе шаттың қысқартылуына байланысты босатылған, қызмет өткерген мерзiмi күнтiзбелiк есеппен алғанда 20 жыл және одан да ұзақ болған басшы құрамның адамдарына босатылуымен бiр мезгiлде салық полициясының подполковнигiне дейiнгi кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
      Салық полициясының қызметкерлерi кезектi арнаулы атақтар беруге бұдан бұрын берiлген арнаулы атақтарда қызмет өткеру мерзiмi аяқталып қалған кезде ұсынылады. Қарамағындағы адамды кезектi арнаулы атақ алуға уақытында ұсынбаған бастыққа бұл үшiн тәртiп жауапкершiлiгi жүктеледi.
      Кезектi арнаулы атақтар берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.
 
            22. Кезектi арнаулы атақтар берудегi кiдiрiс
 
      Тәртiптiк жаза қолданылған, сондай-ақ үстiнен қылмыстық iс қозғалған салық полициясының қызметкерлерiне жаза алынғанға дейiн немесе ақтаудан тыс негiздемелер бойынша қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн кезектi арнаулы атақтар берiлмейдi.
      Кезектi арнаулы атақ берудiң кiдiртiлу себептерi салық полициясы басқармасы бастығының атына жазылған рапортта баяндалады, салық полициясының қызметкерiне 10 күн iшiнде хабарланып, кейiннен кезектi арнаулы атақ беруге ұсыну немесе аттестация кезiнде көрсетiледi.
 
            23. Арнаулы атақты төмендету және арнаулы
                        атақтан айыру
 
      Салық полициясының кiшi, орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтары бар салық полициясы қызметкерлерiнiң арнаулы атағын бiр саты төмендетудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрi iске асырады.
      Арнаулы атағы төмендетiлген қызметкерлердiң бұрынғы арнаулы

 

атағы олардың атқарып отырған штаттық лауазымына қарамастан

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бұйрығымен қалпына

келтiрiледi.

     Салық полициясы қызметкерлерiнiң бұрынғы арнаулы атағы және

оған кезектi арнаулы атақ берiлуi қалпына келтiрiлгенге дейiн арнаулы

атақты қайталап төмендетуге жол берiлмейдi.

     Салық полициясының қызметкерлерi ауыр қылмыс жасаған жағдайда,

соттың үкiмi бойынша арнаулы атақтардан айырылуы мүмкiн.


           V. Қызметке тағайындау, қызмет бойынша ауыстыру

                           және жоғарлату


          24. Салық полициясына қызметке қабылдау



 
       Салық полициясына қызметке жасы 20-ға толған, өзiнiң iскерлiк және жеке қасиеттерi, бiлiмi және денсаулық жағдайы жөнiнен қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
      Салық полициясының органдары жасы 20-ға толмаған адамдарды Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң оқу орындарына түсiп оқуға осы ведомстволармен келiсiлген шартқа сәйкес мақсатты бөлу арқылы жiберуi мүмкiн.
      Бұрын сотталған және ақтаудан тыс негiздемелер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен жағымсыз себептер бойынша босатылған азаматтарды салық полициясының органдарына қызметке қабылдауға болмайды.
      Салық полициясы органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының лауазымдарына арнаулы орта немесе жоғары бiлiмi бар, әдетте жасы 35-тен аспаған азаматтар, сондай-ақ запастағы офицерлер және бұрын әскерлерде, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк тергеу комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қорғаныс министрлiгi, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитет органдарында, Республикалық ұланда, басқа да арнаулы, әскери құрамаларда қызмет өтеген, әскери және арнаулы атақтары бар, жасы 45-тен аспаған адамдар қабылданады.
 
      . Ескерту: Лауазымдардың және оларға сай келетiн бiлiмнiң
                    тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы
                    министрлiгi Бас салық инспекциясының бастығы
                    айқындайды.
 
      Стажы 6 айдан асқан салық қызметiнiң қызметкерлерiн салық полициясы органдарына 40 жасқа дейiн қабылдауға болады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi, Үкiмет қажет болған жағдайда салық полициясы органдарының аға және жоғары басшы құрамының қызметтерiне тағайындау үшiн бұрын салық полициясының кадрларында болмаған мемлекеттiк өкiмет пен басқару, прокуратура, әдiлет органдарының мамандарын жiбередi, бiрақ олардың жасы 50-ден аспаған болуы керек, бұл орайда олардың мамандық бойынша бұрынғы жұмыс стажы, соның iшiнде аспирантурада және докторантурада оқыған жылдары қызмет өткерген жылдар үшiн проценттiк үстеме ақы төлеу, зейнетақы тағайындау үшiн салық полициясы органдарындағы қызмет стажына қосылады.
      Жаңадан қабылданатын қызметкерлер үшiн оның кәсiби жарамдылығын анықтау мақсатында 3 айға дейiн сынау мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Мұндай жағдайда олар тиiстi қызметтерге мiндеттерiн уақытша атқарушы болып тағайындалады, салық полициясының кадрларына қабылданбайды және оларға арнаулы атақтар берiлмейдi.
      Салық полициясының қызметкерлерi бастапқы даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан өтуi, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң оқу органдарында осы министрлiктермен, ведомстволармен келiсiлген шарттарда оқытылуы мүмкiн.
      Салық полициясының қызметкерi Ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының үкiметi бекiтедi.
 
            25. Салық полициясының кiшi басшы құрамының
                       қызметтерiне тағайындау
 
      Салық полициясының кiшi басшы құрамының лауазымдары келiсiм шарт негiзде, әдетте, мерзiмдi әскери қызметтен өткен адамдардан, келiсiм шарт негiзiнде солдаттардың, теңiзшiлердiң, сержанттардың, старшиналардың лауазымдарында әскери қызметтен өткен әскери мiндеттi адамдардан жасақталады.
      Кiшi бастықтар құрамы мен ерiктi жалданушылар атқаруға тиiс қызметтерге облыстар және Алматы қаласы бойынша салық полицияларының бастықтары тағайындайды.
 
            26. Салық полициясы органдарындағы келiсiм шарт
 
      Салық полициясы органдарында қызмет ету туралы келiсiм шарт Қазақстан Республикасының азаматы мен қызметке қабылдау және қызметтен босату құқығы бар басшы өкiлдiк ететiн салық полициясы арасында жасалады. Келiсiм шарттың нысаны мен талаптарын Бас салық инспекциясы бекiтедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Үлгi келiсiм шартқа сәйкес келiсiм шарт 5 жылға жасалады.
      Келiсiм шартта азаматтық салық полициясы органдарында қызмет ету жөнiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындау, Антты, iшкi тәртiптi, осы Ереженiң талаптарын сақтау жөнiндегi мiндеттемесi, салық полициясының қызметкер қабылданған қызметкердiң қызметтi өткеруi үшiн заңдарда, осы Ережеде және тараптардың келiсуi бойынша көзделген кепiлдiктер мен қажеттi шарттарды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерi ескертiледi.
      Келiсiм шартта тараптардың өзiне алған мiндеттемелердi орындамауы салдарынан болатын зардаптар да көрсетiледi. Келiсiм шарт жазбаша жасалады.
      Қаржы министрлiгiнiң қаражаты есебiнен оқытылатын оқу орындарына түскен адамдар үшiн келiсiм шартта оқу аяқталғаннан кейiн кемiнде үш жыл мерзiмге салық полициясы органдарында қызмет өткеруге мiндеттi болатыны ескерiледi.
 
      27. Салық полициясының орта, аға және жоғары
          басшы құрамының қызметiне тағайындау
 
      Салық полициясы басқармасының бастығын - Бас салық инспекциясы бастығының орынбасарын қызметке Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      Облыстар, Алматы қаласы бойынша салық инспекциялары салық полицияларының бастықтарын, олардың орынбасарларын, Бас салық инспекциясы салық полициясы басқармасының қызметкерлерiн салық полициясы басқармасы бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясының бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Облыстар, Алматы қаласы бойынша салық полициялары бөлiмшелерiнiң аға инспекторларын, инспекторларын облыстар, Алматы қаласы бойынша салық инспекциялары салық полицияларының тиiстi бастықтары қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
      Салық полициясының басқа қызметкерлерiн салық полициясы басқармасының бастығы қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
 
            28. Салық полициясының қызметкерлерiн қызметке
                        тағайындаудың ерекшелiктерi
 
      Салық полициясының қызметкерлерiн қызметке тағайындай кезiнде оны негiзгi және сабақтас мамандық бойынша, не жинаған тәжiрибесiне сәйкес пайдалану, ал оны өзi үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымға пайдалану қажет болған жағдайда тағайындар алдында бұл қызметкердi тиiсiнше қайта даярлау қамтамасыз етiледi.
      Кейбiр жағдайларда салық полициясының қызметкерi лауазым бойынша мiндеттi атқарушы болып тағайындалуы мүмкiн. Бұл орайда бос лауазым бойынша мiндеттi атқарудың үзiлiссiз мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс.
      Орта және аға басшы құрамның бос қызметтерi мен бос емес қызметтерiн, егер осы қызметтердi атқарып жүрген адамдар штат бойынша қарамағында салық полициясының орта және аға басшы құрамының адамдарын ұстауға тиiс болмаса, салық полициясы органдарында қызметте жүрген неғұрлым даярлығы мол адамдардың атқаруына рұқсат етiледi.
      Салық полициясы органдарында ұйымдық-штаттық шараларды жүргiзу кезiнде қызметкер атқарып отырған қызметiнен босатылып, ақшасы толық сақталып осы органның қарамағына екi айдан аспайтын мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
      ұйымдық-штаттық шараларды жүргiзу кезiнде салық полициясының аталған органының қарамағында қызметкердiң үздiксiз болған мерзiмiне осы қызметкердiң сырқаттануға байланысты қызмет бабындағы мiндеттерден босатылған уақыты, оның кезектi және қосымша демалыстарда болған уақыты есептелмейдi.
 
           29. Қызмет бабымен ауыстыру және жоғарлату
 
      Салық полициясының қызметкерлерiн қызмет бабымен ауыстыру:
      а) жоғары қызметке - қызметкердiң келiсуiмен қызмет бабымен жоғарылату тәртiбiмен;
      б) тең дәрежедегi қызметке - олардың келiсуiмен қызметкерлердi неғұрлым тиiмдi пайдалану үшiн қажет болғанда немесе отбасы жағдайына, денсаулығына немесе жасына байланысты;
      в) оқу орнына түсуiне байланысты атқарып отырған қызметiнен босата отырып, сондай-ақ оқу орнын бiтiргеннен кейiн қызметке тағайындау кезiнде;
      г) төменгi қызметке - штаттар қысқартылып, тең дәрежедегi лауазымға ауыстыру мүмкiн болмағанда; өз өтiнiшi бойынша, қызметкер келiсiм шарт талаптарын орындамағанда; аттестаттау тәртiбiмен қызметке сәйкес болмағанда; тәртiптiк жаза қолдану жолымен;
      д) мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына жiберу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Салық полициясының қызметкерiн қызмет бабымен ауыстыру, қарамағына беру барлық жағдайда лауазымды адамның бұйрығымен осы Ережеде айқындалған тәртiппен ресiмделедi.
      Штаттардың қысқартылуы кезiнде лауазымды айлық ақысының мөлшерi азайтылып төменгi қызметке ауыстырылған жағдайда 15 жыл және одан да көп жыл (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген салық полициясының қызметкерлерiне соңғы қызмет орны бойынша лауазымды жалақысының мөлшерi сақталады.
      Төменгi лауазымға ауыстырылған салық полициясының қызметкерi кейiннен оның қызмет бабындағы бiлiктiлiгiн, жұмыс тәжiрибесiн, iскерлiк және жеке басының қасиеттерiн, денсаулығын ескере отырып, қызмет бабымен лауазымын жоғарлатып ауыстырылуы мүмкiн.
      Салық полициясының қызметкерiне қылмыс жасады деген айып тағылған жағдайда, сондай-ақ қызмет тәртiбiн қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына болмайтындай етiп өрескел бұзған жағдайда, ол салық полициясы басқармасының бастығы белгiлеген тәртiппен қызметтен уақытша шеттетiлуi мүмкiн.
 
              30. Салық полициясының қызметкерiн басқа
                        жерге қызметке ауыстыру
 
      Салық полициясының қызметкерiн басқа жерге қызметке ауыстыруға, оның iшiнде салық полициясының органы қоныс ауыстыруына байланысты ауыстыруға, егер келiсiм шартта басқаша көзделмесе, оның келiсуiмен ғана рұқсат етiледi.

 

     Салық полициясының кiшi басшы және ерiктi жалданған құрамының

қызметкерiн басқа жерге қызметке оның өтiнiшiмен ауыстыруға тек

салық полициясының тиiстi органдарының бастықтарымен келiсiм бойынша

ғана рұқсат етiледi.

     Салық полициясының қызметкерлерiн басқа жерге ауыстырған кезде

олардың шығындарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

өтеледi.


           31. Салық полициясының басшы құрамының адамдарын

               Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өкiметiнiң

                 орталық органдарына жiберу тәртiбi туралы


     Салық полициясының басшы құрамының қызметкерлерiн Қазақстан

Республикасы мемлекеттiк өкiметiнiң орталық органдарына жұмысқа

жiберу ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицерлер құрамы және iшкi

iстер органдарының басшы құрамының адамдары үшiн Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлеген негiзде және тәртiппен

жүргiзiледi.


           32. Салық полициясының қызметкерлерiн басқа

              министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге

              және өзге де органдарға ауыстыру тәртiбi туралы



 
       Салық полициясының қызметкерлерiн Қарулы Күштерге, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi мен органдарына, темiр жол әскерлерiне, Азаматтық қорғаныс әскерлерiне, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң әскерлерiне, iшкi iстер

 

органдарына, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдарына, прокуратура

органдарына Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiне, басқа да

әскери және арнаулы құрамаларға ауыстыру салық полицисы

қызметкерлерiнiң тiлегiн ескере отырып, тиiстi органдармен келiсiм

бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.


                       Демалыс


               33. Демалыс түрлерi


     Салық полициясының қызметкерлерiне ақшалай қаражатты сақтай

отырып демалыстың мынадай түрлерi берiледi:

     жыл сайынғы негiзгi демалыс;

     қысқа мерзiмдi демалыс;

     сырқаттануын байланысты демалыс;


 
       каникулдық демалыс (Қаржы министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi Мемлекеттiк комитеттiң, басқа да министрлiктердiң, Мемлекеттiк комитеттердiң және өзге органдардың оқу орындарын бiтiруiне байланысты);
      қосымша демалыс (қызмет стажы үшiн);
      әлеуметтiк демалыс (бала тууына, баланы күтуге байланысты демалыс, оқу, шығармашылық және заңдарда белгiленген басқа да демалыс).
      Өзiнiң жыл сайынғы кезектi демалысын пайдаланбаған қызметкерлердi жұмыстан босату жағдайларынан басқа кезде демалысты ақшалай өтемақымен ауыстыруға болмайды.
      Демалыстың ұзақтығы күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
      Жыл сайынғы кезектi және каникулдық демалыс өткiзетiн жерге барып, келу жолақысының құны, сырқаттануына байланысты демалыстың құны белгiленген тәртiппен жылына бiр рет төленедi. Ұзақтығы 40 күн және одан да көп күнтiзбелiк күн болатын жыл сайынғы кезектi және қосымша демалысқа шығуға құқығы бар қызметкерлерге олардың қалауы бойынша демалысты екi мерзiмде пайдалануына рұқсат етiледi, бұл орайда Қазақстан Республикасының аумағында демалысты өткiзетiн жерге барып, келу жолақысының құны бiр рет төленедi.
 
           34. Жыл сайынғы негiзгi демалыс
 
      Жыл сайынғы негiзгi демалыс салық полициясының қызметкерлерiне 30 күнтiзбелiк күн, ал климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге - 45 тәулiк ұзақтығымен берiледi, бұған демалысты өткiзетiн жерге барып, келуге қажеттi уақыты кiрмейдi.
      Бұл орайда салық полициясының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген нормалар бойынша және тәртiппен жол ақы құны төленедi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне жыл сайынғы негiзгi демалыс күнтiзбелiк жыл iшiнде берiлуге тиiс.
 
              35. Қысқа мерзiмдi демалыс
 
      Шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен денсаулық сақтауға, туыстық парызды орындауға, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептерге байланысты мәселелердi шешу үшiн салық полициясының қызметкерлерiне жыл сайын ұзақтығы көп дегенде 10 күнтiзбелiк күн болатын қысқа мерзiмдi демалыс берiледi, демалысты өткiзетiн жерге барып, келу үшiн қажеттi уақыт есептелмейдi.
      Қысқа мерзiмдi демалыс кезектi демалыс есебiне жатқызылмайды.
 
               36. Сырқаттануына байланысты демалыс
 
      Сырқаттануына байланысты демалыс салық полициясының қызметкерлерiне әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде берiледi. Аталған демалыстың ұзақтығы аурудың сипатына қарай айқындалады. Сырқаттануына байланысты үзiлiссiз демалыста болу мерзiмi заңдарда көзделген жағдайлардан басқа ретте төрт айдан аспауға тиiс. Бұл мерзiм ерекше жағдайларда салық полициясының тиiстi бөлiмшесi бастығының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
      Сырқаттануына байланысты демалыста және емделуде үзiлiссiз болудың белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн аталған қызметкерлердi олардың бұдан былай қызметке жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссия куәландыруы тиiс.
      Қызметкерлердiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатына, контузиясына немесе мертiгуiне байланысты олардың емделуде болу уақыты шектелмейдi. Аталған қызметкерлер емделуiн аяқталғаннан кейiн немесе аурудың анықталған нәтижесi болған жағдайда медициналық куәландыруға жiберiледi.

 

     Сырқаттануына байланысты демалыс жыл сайынғы кезектi демалыс

есебiне жатқызылмайды.

     Салық полициясының қызметкерлерiн қызметтен босатқанда

сырқаттануына байланысты демалыс берiлмейдi.


           37. Каникулдық демалыс және оқу орнын бiтiруiне

                        байланысты демалыс


     Оқу орындарында күндiз оқып жүрген салық полициясының

қызметкерлерiне:

     ұзақтығы 14 күнтiзбелiк күн болатын қысқы каникулдық демалыс;

     ұзақтығы 30 күнтiзбелiк күн болатын жазғы каникулдық демалыс

берiледi. Оқу орнын бiтiруiне байланысты ұзақтығы 30 күн болатын

демалыс берiледi және ол ағымдағы жылдың жыл сайынғы кезектi

демалысы есебiне жатқызылады. Аталған демалысты қызметкер қызметiн

өтейтiн жерге жiберiлгенге дейiн пайдалануға тиiс.


            38. Жыл сайынғы қосымша және әлеуметтiк

                           демалыстар


     Салық полициясындағы қызмет стажы үшiн:

     а) 10 жылдан 15 жылға дейiн өткергендерге - ұзақтығы 5

күнтiзбелiк күн болатын;

     б) 15 жылдан 20 жылға дейiн қызмет өткергендерге ұзақтығы 10

күнтiзбелiк күн болатын;


 
       в) 20 жыл және одан да көп қызмет өткергендерге - ұзақтығы 15 күнтiзбелiк күн болатын жыл сайынғы қосымша демалыс берiледi.
      Жыл сайынғы қосымша демалыс жыл сайынғы кезектi демалысқа

 

қосылады және қызметкердiң қалауы бойынша сонымен бiр мезгiлде

немесе одан бөлек берiлуi мүмкiн.

     Ұзақтығы 45 күнтiзбелiк күн болатын демалысқа құқығы бар салық

полициясының қызметкерлерiне қосымша демалыс берiлмейдi.

     Жүктi болуына және босануына байланысты берiлетiн демалыс салық

полициясының қызметкер әйелдерiне заңдарда белгiленген ұзақтықта

және тәртiппен берiледi.


           VII. Салық полициясының қызметкерлерiн

                     әлеуметтiк қорғау


           39. Ақшалай және материалдық қамтамасыз ету


     Салық полициясы қызметкерлерiнiң ақшалай үлесақысына мыналар

жатады:

     атқарып отырған штаттық лауазымның жалақысы;

     берiлген арнаулы атақ бойынша айлық ақы;

     қызмет өткерген жылдар үшiн проценттiк үстеме ақы;

     азық-түлiк сыбағасының орнына берiлетiн өтемақы, үстеме ақы;


 
       iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген басқа да төлемдер мен үстеме ақылар.
      Iшкi iстер органдары кадрларының еңбегiне ақы төлеу жүйесiнде әртүрлi жалақылар, лауазымдық жалақыға, зейнетақыға проценттiк үстемелер төлеу көзделген жағдайда Қаржы министрi өзiнiң бұйрығымен салық полициясының қызметкерлерi осы адамдардың қай санатына теңестiрiлетiнiн айқындай алады.
 
            Салық полициясының қызметкерлерiне жыл сайын негiзгi демалысқа кеткен кезде, екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде материалдық көмек көрсетiледi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне сыйлық ақы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiнiң қызметкерлерiне сыйлық ақы беру туралы Ережеде және басқа да нормативтiк актiлерде көзделген шарттар бойынша және мөлшерде, арнаулы атақты ескере отырып есептеледi.
      Жергiлiктi атқарушы органдар салық полициясының қызметкерлерi үшiн тиiстi бюджеттердiң қаражатынан қосымша төлемдер белгiлей алады.
      Салық полициясының қызметкерлерiн арнаулы киiм үлгiсiмен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн нормалар бойынша және тәртiппен белгiленедi.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң қалауы бойынша заттай мүлiктердiң орнына ақшалай өтемақы төленедi. Бұл орайда салық полициясының әрбiр қызметкерi формалық киiм киюге мiндеттi.
      Демалыс күндерi және мереке күндерi жұмыс iстегенi үшiн салық полициясының қызметкерлерiне төлем ақы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң бұйрықтары негiзiнде төленедi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне жеке меншiк көлiгiн қызмет бабындағы мақсатқа пайдалануына байланысты жұмсалған шығындары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төленедi.
      Тұрғын үй-жайды жалдау шарты бойынша пайдаланатын салық полициясының қызметкерлерiне iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде өтемақы төленедi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет бабындағы iссапарларға, оқуға, бiлiктiлiгiн көтеру курстарына барып, қайтқанда, демалысқа шыққанда темiр жол, әуе, су, автомобиль көлiгiмен жол жүру құны төленедi, сонымен қатар қызмет бабымен орын ауыстырғанда iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген нормалар бойынша және тәртiппен меншiктi мүлкiн тасымалдау құны төленедi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне мынадай үстеме ақылар: аудандық коэффициенттер, сыныптық бiлiктiлiгi үшiн үстеме ақы белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 39-тармағының 8-абзацы күшiн жойды, 9-абзацқа өзгерiс
               енгiзiлдi ҚРҮ-нiң 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.
 
               40. Медициналық қамсыздандыру
 
      Салық полициясының қызметкерлерiн медициналық қамсыздандыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң салық полициясы органдарына қызметке қабылдау кезiнде, олар қызметтен босатылғанда және басқа да қажеттi жағдайларда медициналық комиссиялардан өтуiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң әскери-медициналық комиссиялары жүзеге асырады.
      Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық полициясының қызметкерлерiне, зейнеткерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медициналық мекемелерiнде осы ведомствомен келiсiм бойынша шарттық негiзде медициналық қызмет көрсетiледi.
      Салық полициясының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi демалысқа шыққан кезде санаторийлерде, демалыс үйлерiнде және басқа да мемлекеттiк сауықтыру мекемелерiнде iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен санаторий-курорттық емдеумен және ұйымдасқан демалыспен қамтамасыз етiледi.
      Бұл құқық жасына, денсаулығына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен босатылған, қызмет өткеруiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болған салық полициясының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
 
            41. Мiндеттi мемлекеттiк жеке және
                    мүлiктiк сақтандыру
 
      Салық полициясының қызметкерлерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке және медициналық сақтандырылуы тиiс.
      Салық полициясының қызметкерi қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде және қызметтен босатылғаннан кейiн қайтыс болған (өлген) жағдайда қаза тапқан (өлген) қызметкердiң отбасына немесе асырауындағыларға (мұрагерлерге) республикалық бюджет қаражатынан соңғы атқарған қызметi бойынша он жылдық ақшалай ақысы төленедi.
      Қайтыс болған немесе қазаға ұшыраған салық полициясының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақысы мөлшерiнде бiр жолғы ақшалай өтемақы төленедi.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң қызметтi өтеу кезеңiнде алған немесе контузия, мертiгуi, ауыруы салдарынан қызметтен босатылғаннан соң бiр жыл өткенге дейiн басталған мүгедектiгi анықталған жағдайда мемлекеттiк сақтандыру органдары:
      I топтағы мүгедекке - бес жылдық ақшалай ақысы;
      II топтағы мүгедекке - үш жылдық ақшалай ақысы;
      III топтағы мүгедекке - жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасын төлейдi.
      Салық полициясының қызметкерi қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедек болмай ауыр жарақат алған (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған үш айлық ақшалай ақысы мөлшерiнде, жеңiл жарақат алғанда - бiр айлық ақшалай ақысы мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi.
      Егер салық полициясы қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жаралануы (мертiгуi), ауруға шалдығуы қызмет бабындағы мiндеттерiн атқарумен байланысы жоқ жағдайлардан болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
 
            42. Салық полициясының қызметкерлерiне, олардың
                отбасы мүшелерiне берiлетiн жеңiлдiктер,
                       кепiлдiктер мен өтемақылар
 
      Оқу орындарында сырттай және кешке оқитын салық полициясының қызметкерлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер берiледi. Салық полициясының қызметкерлерi қатарындағы жүктi әйелдер мен аналар заңдарда белгiленген барлық құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
      Салық полициясының әйел қызметкерлерi үшiн көзделген жеңiлдiктер балаларды анасыз (ол қайтыс болған, ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда, аналық қамқорлығы жоқ басқа да жағдайларда) тәрбиелеп жүрген қызметкер әкелерге де белгiленген тәртiппен қолданылады.
      Салық полициясының қызметкерлерi iссапарға шыққанда, жаңа қызмет орнына, сондай-ақ демалысын өткiзетiн жерлерге барып, қайтқанда көлiктiң барлық түрлерiне кезектен тыс билет алу құқығын пайдаланады.
      Салық полициясының қызметкерлерi қызмет өткерген жылдарына қарамастан, сондай-ақ салық полициясынан жасына, денсаулығына, немесе штаттардың қысқартылуына байланысты босатылған, 20 жыл және одан да көп жыл қызмет өткерген азаматтар мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорлары (соның iшiнде жекешелендiрiлген)

 

үйлерiнде отбасы мүшелерiмен тұратын бүкiл тұрғын алаңдары және

коммуналдық қызметтер үшiн 50 процент мөлшерiнде төлейдi.

     Салық полициясының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлеген шекте iшкi iстер органдарының

қызметкерлерi үшiн заңдарда белгiленген өзге де әлеуметтiк қорғау

шаралары болады.


              VIII. Қызметтен босату


           43. Салық полициясының органдарынан босататын негiздер


     Салық полициясының қызметкерi қызметтен мынадай негiздер

бойынша босатылады:

     а) зейнетақы алу құқығын беретiн қызмет өткерген жылдары

(қызмет ету мерзiмi) бойынша;

     б) жасына байланысты, яғни қызметте болудың шектi жасына

жетуiне байланысты;


 
       в) денсаулығына байланысты - әскери қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығы шектеулi екенi туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
      г) салық полициясы органдары штаттарының қысқартылуына немесе

 

олардың қайта құрылуына байланысты басқа қызметте пайдалануға

мүмкiндiк болмаған жағдайда;

     д) келiсiм шарттың бұзылуына байланысты;

     е) өз өтiнiшi бойынша;

     ж) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға

(ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;

     з) сынақ мерзiмi кезiнде қызметке жарамсыздығы байқалған

жағдайда;

     и) қызметтiк-әскери тәртiптi ұдайы бұзғандығы үшiн;

     к) аттестацияның қорытындылары бойынша қызметке жарамсыздығы

анықталған жағдайда;

     л) салық полициясы қызметкерлерiнiң атағына кiр келтiретiн

жағымсыз әрекет жасағаны үшiн;

     м) ол жөнiнде заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмi болғанда;

     н) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына

байланысты;


              44. Салық полициясы органдарында қызмет

                       өткерудiң шектi жасы


     Салық полициясындағы қызметте кiшi басшы құрамның адамдары 45

жасқа дейiн бола алады.

     Орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдары салық

полициясындағы қызметте мынадай шектi жасқа дейiн бола алады:

     салық полициясының кiшi лейтенанттарынан

     салық полициясының подполковниктерiне дейiн

     қоса алғанда                                 - 45 жас

     салық полициясының полковниктерi             - 50 жас

     салық полициясының генерал-майоры, салық

     полициясының генерал-лейтенанты              - 55 жас.


 
       Қажет болған жағдайда және салық полициясы қызметкерлерiнiң келiсуiмен олар қызметке жарамды болған жағдайда қызмет ету мерзiмiн лауазымға тағайындау құқығы берiлген бастықтар 5 жылға ұзарта алады.
      Айрықша жағдайларда бұл адамдарға осы мерзiм сол тәртiппен қайталап 5 жылға ұзартылуы мүмкiн, бұл орайда олардың қызметте болу жасы 60-тан аспайды.
      Қызмет мерзiмiн ұзарту мәселесiн шешу кезiнде аталған адамдарды олардың қызметке жарамдылығын айқындау үшiн медициналық комиссияға жолдау мiндеттi шарт болып табылады.
      Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм салық полициясының қызметкерiн осы Ережеде көзделген негiздер бойынша қызметтен босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
 
            45. Салық полициясы органдарында қызметтен
                        босату тәртiбi
 
      Салық полициясының қызметкерлерiне тiкелей бастықтары қызметтен босатылардан кемiнде екi ай бұрын алдағы уақытта қызметтен босатылатынын хабарлайды, бұған осы Ереженiң 43-тармағының "и", "к", "л", "м", "н" тармақшаларында көзделген жағдайлар бұған кiрмейдi.
      Қайтыс болған, қаза тапқан, белгiсiз себеппен жұмысына шықпай қойған, сондай-ақ арнаулы атақтан айырылған салық полициясының қызметкерлерi салық полициясы қызметкерлерiнiң тiзiмiнен шығарылады.
      Өз тiлегiмен қызметтен кететiн салық полициясының қызметкерлерi бұл жайында екi айы бұрын рапорт бередi.
 
            46. Салық полициясы органдарындағы қызметтен
                    босатылудың мүлiктiк салдары
 
      Салық полициясының қызметкерi келiсiм шарт талаптарын бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Ереженiң 43-тармағының "и", "к", "л", "м" тармақшаларында көзделген негiздер бойынша босатылғанда берiлген киiм үлгiсiнiң құны оның тозуын ескере отырып, даусыз тәртiппен өндiрiп алынуға тиiс. Аталған негiздер бойынша қызметтен босатудың қызметкер үшiн қызмет туралы өзара шартта және қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де мүлiктiк салдары болуы мүмкiн.
      Қызметтен босатылған жағдайда куәлiк пен өңiрге тағылатын жеке белгi қайтарылуы тиiс. Зейнеткерлiкке шығарылғанда қызмет куәлiгiндегi жапсырманың екi жағына iрi әрiптермен "Зейнеткер", "Пенсионер" деген жазу жазылған мөртабан басылып, иесiне ескерткiшке қалдырылады. Барлық басқа жағдайларда куәлiк қайтарып алынады.
 
           47. Салық полициясының қызметкерлерiн
                  зейнетақымен қамсыздандыру
 
      Салық полициясының қызметкерлерi зейнетақымен "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарын және олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген норма бойынша және тәртiппен қамсыздандырылады.
      Салық полициясының қызметкерлерiн зейнетақымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiн салық полициясы қамсыздандырады. Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық полициясының қажетiне жұмсалатын шығындар сметасында салық полициясының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыратын қаражат көзделедi.
      Заңдарға сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар салық полициясының қызметкерлерiне алатын ақшалай ақысына оларға тағайындалуы мүмкiн зейнетақы сомасының елу процентi мөлшерiнде ай сайынғы үстеме ақы белгiленедi.
      Салық полициясының құпия жағдайларда жұмыс iстейтiн бөлiмшелерi қызметкерiнiң қызмет ету мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен есептеледi.
 
           48. Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет
               өткерген жылдарға проценттiк үстеме ақы
              төлеу үшiн стажды есептеу, зейнетақы тағайындау
 
      Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет өткерген жылдар үшiн қызметтегi үзiлiстерге қарамастан лауазымды айлық ақыға үстеме ақы алуға құқық беретiн жұмыс стажына:
      а) салық қызметi органдарында, соттар мен прокуратурада инспекторлардың, судьялардың, прокурорлардың, тергеушiлердiң қызметтерiнде жұмыс iстеген уақыты олар салық полициясының қызметкерлерi ретiнде салық полициясы органдарына қызметке ауысқан жағдайларда;
      б) Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң оқу орындарында, Қаржы министрлiгiнiң жанындағы салық полициясының қызметкерлерiн даярлау мен қайта даярлау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру жөнiндегi бөлемшелер мен курстарда оқыған уақыты;
      в) ұлттық қауiпсiздiк органдарында, iшкi iстер органдарында, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң органдарында қызмет iстеген уақыты;
      г) бұрынғы КСРО-нiң, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Республикалық ұланда, Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетте, Қазақстан Республикасының басқа да арнаулы әскери құрамаларында қызмет iстеген уақыты;
      д) 1992 жылдың 1 қаңтарынан дейiн Қазақстан Республикасының партия, кәсiподақ және комсомол органдарында жұмыс iстеген уақыты;
      и) қызметкерлердiң салық полициясының кадрларында болған уақыты, егер олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiметiнiң орталық органдарына белгiленген тәртiппен жiберiлген болса;
      к) салық полициясы қызметкерлерiнiң азаматтық жоғары оқу орындарында, болмаса арнаулы орта оқу орындарында 5 жылға дейiнгi шекте оқыған жылдары - алты ай үшiн бiр жыл есебiнен.
      Салық полициясының қызметкерлерiне зейнетақы тағайындау үшiн жұмыс өткерген жылдарына қосымша есептелетiн өзге де қызмет iстеген кезеңдер Қазақстан Республикасының Үкiметi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн айқындаған тәртiппен белгiленедi.
      Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет өткерген жылдары үшiн лауазымдық жалақыға (оның iшiнде сақталған және өсiрiлген лауазымдық жалақыға) және дербес берiлген арнаулы атақтар бойынша жалақыға проценттiк үстеме ақы мынадай мөлшерде төленедi:
      қызмет стажы 3 жылдан 5 жылға дейiн болса - 15%
      5 жылдан 10 жылға дейiн - 20%
      10 жылдан 15 жылға дейiн - 30%
      15 жылдан 20 жылға дейiн - 40%
      20 жылдан жоғары - 50%.
      Бұл орайда қызмет өткерген жылдар үшiн проценттiк үстеме ақы лауазымдық жалақының (салық полициясы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн белгiленген үстеме ақыны ескере отырып) және арнаулы атақ бойынша жалақының сомасынан айқыналады.

 

     Салық полициясының қызметкерлерiне қызмет өткерген жылдарына

проценттiк үстеме ақы белгiлеу үшiн стаж есептеу тәртiбiн Қазақстан

Республикасының Қаржы министрi айқындайды.

     Қоса атқарылған лауазымдар бойынша жалақыға қызмет өткерген

жылдар үшiн үстеме ақы есептелмейдi.


          IХ. Салық полициясы қызметкерлерiнiң киiм үлгiсi


           49. Салық полициясының жоғары басшы құрамына

                      арналған киiм үлгiсi


     а) Салтанатты бiркиер киiм үлгiсiне мыналар кiредi:

     бас киiм - алтын түстi және жиегiнде алтын жiптен тiгiсi бар

кокардалы, жиегi көгiлдiр, толқын түстес фуражка;

     мундирдiң жағасы мен жеңi алтын жiппен әдiптелген, толқын

түстес, қос қаусырмалы ашық салтанат мундирi;

     қара галстук пен ақ жейде;

     көгiлдiр көмкермесi және лампасы бар, толқын түстес кең балақ

шалбар;

     алтын түстi салтанат белдiгi;

     ақ қолғап;

     аяқ киiм - шевролы қара туфли;

     қара ұйық;

     б) Күнделiктi киiм үлгiсiне мыналар кiредi:


 
       бас киiм - алтын түстi және жиегiнде алтын жiптен тiгiсi бар

 

кокардалы, жиегi көгiлдiр, қоңыр түстi күнделiктi киетiн фуражка;

     қоңыр түстi, жалғыз қаусырмалы күнделiктi киетiн ашық китель,

төрт түйемен түймеленедi, төсқалталары жапсырмалы, iшке қараған

жанқалталары жабық. Кительдiң жағасында алтын түстес тiгiсi бар;

     қоңыр галстук пен ашық-қоңыр жейде;

     жабық жапсырмалы қалталары және iшке қараған ысырмалы

жанқалталары бар ысырмалы кеудеше;

     көк көмкермесi және лампасы бар кең балақ қоңыр шалбар;

     аяқ киiм - күңгiрт-қоңыр түстi шевролы туфли;

     қоңыр ұйық.

     Жеңiл жазғы киiм нұсқасы - күнделiктi фуражка, галстуксыз қысқа

жең жейде, кең балақ шалбар. Бәрi де жеңiл матадан тiгiлген, қоңыр

туфли.

     Салқын күндерi жазғы киiм кигенде:

     жүн матадан тiгiлген күңгiрт-қоңыр түстi пальто;

     қоңыр кашне;

     аяқ киiм - қоңыр туфли.

     Күнделiктi қысқы киiмдер жиынтығына мыналар кiредi:

     кокардасы бар, төбесi көгiлдiр түстi шұғадан қаракөл папаха;

     жылы астары бар, сұрғылт түстi драптан тiгiлген және қаракөл

жағалы қос қаусырмалы пальто, үш түймемен түймеленедi. Сол жағында

сәндiк үшiн қадалған үш түймесi бар, қалталары iшке қараған, жабық;

     табиғи мехтан астары бар, қоңыр түстi матадан тiгiлген, қоңыр

түстi қаракөл жағасы бар кеудеше-бушлат;

     ақ және сұр кашне;

     қоңыр түстi қысқа қонышты жылы етiк;

     жылы астарлы қоңыр былғары қолғап;

     жартылай жүн ұйық;

     в) Әйелдер үшiн салтанатты бiркиер киiм үлгiсiне мыналар

кiредi:

     алтын түстi және алтын жiптен тiгiсi бар кокардалы, көк оқалы,

тоқын түстес телпек;

     жағасында алтын жiптен тiгiсi, және қайырмасында петлицалары

бар, толқын түстес, қос қаусырмалы салтанат мундирi;

     толқын түстес юбка;

     қара галстук пен ақ жейде (блузка);

     ақ қолғап;

     шевролы қара туфли;

     "Эластик" колготкалар;

     г) Әйелдер үшiн күнделiктi киiм үлгiсiне мыналар кiредi:

     көк оқалы, алтын түстi кокардалы қоңыр телпек;

     күнделiктi киетiн қоңыр түстi, жалғыз қаусырмалы китель, төрт

түймемен түймеленедi, iшке қараған жанқалталары жабық. Жағасы алтын

жiппен әдiптелген;

     қоңыр галстук пен ашық-қоңыр жейде;

     қоңыр юбка;

     шевролы қара туфли;

     жеңiл жазғы киiм нұсқасы - ашық-қоңыр пилотка, жеңiл матадан

тiгiлген ашық-қоңыр көйлек.

     Салқын күндерi киетiн жазғы киiм:

     жүн матадан тiгiлген қоңыр пальто;

     қоңыр кашне;

     қара туфли.

     қысқы киiмдер жиынтығына мыналар кiредi:

     алтын түстi кокардалы, төбесi көгiлдiр шұғадан сұр

қаракөлкубанка;

     қайырмасы көк оқалы және сұр қаракөл жағалы, қос қаусырмалы

маусымдық сұр пальто;

     ақ және сұр кашне;

     жылы астары бар қара етiк;

     жылы астары бар қоңыр былғары қолғап;

     жартылай жүн колготка.


            50. Аға, орта және кiшi басшы құрамға

                    арналған киiм үлгiсi


     а) Салтанатты-бiркиер киiм үлгiсiне мыналар кiредi:

     бас киiм - көк жиектi, толқын түстес фуражка;

     жағасында эмблемалы көк петлицалары бар, толқын түстi,

салтанатты-бiркиер ақын мундир;

     алтын түстi, пропорщиктер үшiн көк погондар;

     қара галстук пен ақ жейде;

     көк оқалы кең балақ шалбар;

     алтын түстi салтанат белдiгi;

     аяқ киiм - шевролы қара туфли;

     ақ қолғап;

     қара ұйық;

     б) Күнделiктi киiм үлгiсiне мыналар кiредi:

     бас киiм - күнделiктi қоңыр фуражка. Кокардасы мен өрмелi бауы

алтын түстi, прапорщиктерде алтын түстi баудың орнына - лакталған

қара бау;

     қоңыр түстi, жалғыз қапсырмалы күнделiктi ашық китель, төрт

түймемен түймеленедi, төсқалталары жапсырмалы, iшке қараған

жанқалталары жабық. Жағасында эмблемалары бар;

     қоңыр галстук пен ашық-қоңыр жейде;

     көк оқалы кең балақ қоңыр шалбар;

     қақпақты жапсырмалы қалталары, iшке қараған тiстүймелi

жанқалталары бар тiстүймелi кеудеше;

     аяқ киiм - шевролы қоңыр туфли;

     қоңыр ұйық.

     Жеңiл жазғы киiм нұсқасы - күнделiктi фуражка, галстуксыз қысқа

жең жейде, кең балақ шалбар. Бәрi де жеңiл матадан тiгiлген.

     Салқын күндерi киетiн жазғы киiм:

     жартылай жүн матадан тiгiлген белдiктi пальто;

     қоңыр кашне;

     аяқ киiм - қоңыр туфли.

     Күнделiктi қысқы киiмдер жиынтығына мыналар кiредi:

     цигейкадан (салық полициясының полковниктерi үшiн қаракөлден)

тiгiлген кокардалы сұр құлақшын;

     жылы астары алмалы-салмалы және цигейка (қаракөл) жағалы, сұр

шұғадан тiгiлген қос қаусырмалы пальто, үш түймемен түймеленедi. Сол

жағында сәндiк үшiн қадалған үш түймесi бар. Қалталары iшке қараған,

жабық;

     сұр цигейка жағалы, қоңыр матадан тiгiлген кеудеше-бушлат;

     ақ және сұр кашне;

     қысқа қонышты қысқы етiк;

     жартылай жүн ұйық;

     в) Күзет адамдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне арналған киiм

үлгiсiне мыналар кiредi:

     жер түстi мақта-мата фуражка;

     мақта-матадан бойлай пiшiлген жер түстi кеудеше мен шалбар, жер

түстi iшкөйлек;

     биiк қонышты бәтеңке;

     былғары керек-жарақ;

     қоңыр ұйық.

     Қысқы киiмдер жиынтығына мыналар кiредi:

     цигейкадан (салық полициясының полковниктерi үшiн қаракөлден)

тiгiлген құлақшын;

     жағасы жасанды мехтан (салық полициясының полковниктерi үшiн

цигейкадан) салынған,жылы астары бар кеудеше;

     жылы астары бар биiк қонышты бәтеңке;

     былғары керек-жарақ;

     жартылай жүн ұйық;

     г) Әйелдердiң салтанатты-бiркиер киiм үлгiсi:

     алтын түстi кокардалы, қой терiсiнен тiгiлген толқын түстес

телпек;

     жалғыз қапсырмалы, салтанатты-бiркиер ашық мундир, жанқалталары

iшке қараған, жабық, жағасында эмблемалы көк петлицалары бар;

     толқын түстес юбка;

     қара галстук пен ақ жейде;

     погондары алтын түстi;

     қара туфли;

     ақ қолғап;

     "Эластик" колготкалар;

     д) Әйелдердiң күнделiктi киiм үлгiсiне мыналар кiредi:

     көк оқалы, алтын түстi кокардалы қоңыр телпек;

     жалғыз қаусырмалы, күнделiктi ашық китель, төрт түймемен

түймеленедi, жанқалталары iшке қараған, жабық. Жағасында эмблемалары

бар;

     қоңыр галстук пен ашық-қоңыр жейде;

     қоңыр юбка.

     Жеңiл жазғы киiм нұсқасы - ашық-қоңыр пилотка, белдiктi

ашық-қоңыр көйлек.

     Салқын күндерi киетiн жазғы киiм:

     жартылай жүн матадан тiгiлген белдiктi пальто;

     қоңыр кашне;

     аяқ киiм - шевролы жабық туфли.

     Күнделiктi қысқы киiмдер жиынтығына мыналар кiредi:

     алтын түстi кокардалы, сұр қаракөлден тiгiлген кубанка;

     астары алмалы-салмалы, қаракөл жағалы, қос қаусырмалы маусымдық

күңгiрт-сұр пальто;

     сұр түстi мех жағалы, табиғи мехтан астары бар, күңгiрт-қоңыр

матадан тiгiлген кеудеше-бушлат;

     сұр кашне;

     қоңыр түстi жүн қолғап;

     шевролы қысқы етiк;

     жартылай жүн колготка.


             51. Салық полициясы қызметкерлерi пагондарының

                            сипаттамасы



 
       Салық полициясы органдары қызметкерлерiнiң погондары мен жеңге тағатын белгiлерi қызметкерлердiң арнаулы әскери атағын, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң салық полициясында iстейтiнiн айқындауға арналған.
      Погондар салтанатты, күнделiктi болып белгiленген. Киiмге бекiтiлу тәсiлiне қарай олар тiгiлмелi немесе алмалы-салмалы болуы мүмкiн.
      Погондардың бетiнде берiлген арнаулы әскери атаққа сәйкес мыналар орналастырылады: Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi, бес бұрышты жұлдыздар мен жұлдызшалар, солардың арасындағы бос жерлер, өрнектi тiгiстер, эмблемалар.

 

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасы бейнесiнiң,

жұлдыздар мен жұздызшалардың мөлшерi сипатталған шеңбердiң

диаметрiмен айқындалады.

     Погондардың мөлшерi: ұзындығы - 13,0 - 18,0 см;

     а) жоғары басшы құрам үшiн - 6,5 см (сырт жейделерде - 5,5 см);

     б) аға, орта және кiшi басшы құрам үшiн - 6,0 см (сырт

жейделерде - 5,5 см).


           Жоғары басшы құрамның погондары


                а) Салтанат погондары



 
       Погондар - бетi алтын жалатқан талшықтан (пальтоға тағатын погондар сұрғылт жiбектен) дайындалып, ерекше әдiспен тоқылған галуннан жасалады, көк оқалы.
      Жоғары басшылардың погондарындағы диаметрi 22 м жұлдызшалар алтын жалатқан жiңiшке сыммен өрнектелген және қырлары көк жiбекпен көмкерiлген. Жұлдызшалардың саны арнаулы әскери атаққа сәйкес келедi.
      Сырт жейдеге тағатын погондар - оқасыз. Погондардың бетi жейде қандай матадан тiгiлсе, сондай матамен қапталады, алтын жалатқан жiңiшке сыммен өрнектелген галунның суретi болады.
      Жоғары басшы құрамның погондарындағы жұлдыздар мен эмблемалар

 

мундирге тағатын погондармен бiрдей, бiрақ жұлдызшалары оқаланбаған.


          б) Күнделiктi погондар


     Погондар - бетi ерекше әдiспен тоқылған қоңыр түстi жiбек

галуннан жасалады, көгiлдiр оқалы.

     Жоғары басшы құрамның погондарындағы жұлдыздар, жұлдызшалар мен

эмблемалар салтанат погондарымен бiрдей, погондарға қадалған

жұлдыздар оқаланбаған.

     Сырт жейдеге тағатын погондар мундир кигенде жейдеге тағатын

погондармен бiрдей, бiрақ погондардың бетi күнделiктi жейде қандай

матадан тiгiлсе, сондай матамен қапталады.


            Орта және аға басшы құрамның погондары


                  а) Салтанат погондары


     Погондар - бетi алтын түстi металл галуннан жасалады, оқалары

мен аралық бос жерлерi көк түстi.


 
       Аға басшы құрамның погондарында екi аралық бос жер және диаметрi 20 мм алтын түстi металл жұлдызшалар болады. Орта басшы құрамның погондарында бiр аралық бос жер және диаметрi 13 мм алтын түстi металл жұлдызшалар болады. Погондардағы жұлдызшалардың саны арнаулы әскери атаққа сәйкес келедi.
 
               б) Күнделiктi погондар
 

 

     Погондар - бетi қоңыр түстi жiбек галуннан жасалады, оқалары,

аралық бос жерлерi болмайды.

     Аралық бос жерлерi мен жұлдызшалары салтанат погондарында

қандай болса, сондай болады,

     Сырт жейдеге тағатын погондар бетi қоңыр түстi жiбек галуннан

жасалады, оқалары болмайды, аралық бос жерлерi мен эмблемалары

болады. Погондардағы аралық бос жерлер мен жұлдызшалар салтанат

погондарында қандай болса, сондай болады.


             в) Қызмет адамдарын күзету бөлiмшелерiне

                      арналған погондар


     Погондар - камуфляж түстi, киiмнiң екi жеңiне орнықтырыла

тiгiледi, оқалары мен аралық бос жерлерi болмайды. Жұлдызшалары жер

түстi.


             Кiшi басшы құрамның погондары


               а) Салтанат погондары



 
       Погондар - бетi көк түстi жiбек галуннан жасалады, оқалары болмайды. Погондарға диаметрi 13 мм алтын түстi металл жұлдызшалар қадалған. Погондардағы жұлдызшалардың саны арнаулы әскери атаққа сәйкес келедi.
 
                 б) Күнделiктi погондар
 
      Погондар - бетi қоңыр түстi жiбек галуннан жасалған, оқалары болмайды. Погондардағы жұлдызшалар салтанат погондарында қандай болса, сондай болады.
      Сырт жейдеге тағатын погондар - бетi қоңыр түстi жiбек галуннан жасалған, оқалары болмайды, эмблемалары бар. Погондардағы жұлдызшалар салтанат погондарында қандай болса, сондай болады.
 
          52. Салық полициясы қызметкерлерiнiң кокардалары,
              эмблемалары және бас киiмдер мен киiмдерге
                      әдiптелетiн өрнектер
 
      а) Жоғары басшы құрамның салтаннатты және күнделiктi фуражкасындағы кокарда мен өрнектер:
      Диаметрi биiктiгi бойынша 36 мм, енi бойынша 28 мм, жартылай сопақша нысандағы кокарда анодталған алюминийден және басқа да түстi металдардың қорытпаларынан жасалады. Кокарданың нақ ортасы көгiлдiр түспен боялып, оған қыран мен алтын түстi күннiң суретi салынған. Кокарданың жиегi шашыраған сәуле түрiнде бейнеленген.
      Фуражкадағы өрнек алтын жалатқан жiңiшке сыммен әдiптелген. Кокарданың екi жағына төрт-төрттен тармақ тiгiледi.
      б) Жоғары, аға, орта және кiшi басшы құрам адамдарының папахасындағы, құлақшынындағы кубанкасы мен күнделiктi фуражкасындағы кокардалар бiрдей болады.
      қызмет адамдарын күзету бөлiмшелерiнiң мақта матадан тiгiлген фуражкаларына тағылатын кокардалар нақ сондай рәмiзбен, бiрақ жер түстi етiп жасалады.
      в) Аға, орта және кiшi басшы құрам адамдарының салтанатты-бiркиер фуражкасына тағылатын эмблемалы кокарда алтын түстi алюминий қорытпасынан тұтас құйылып жасалады.
      Кокарда жартылай сопақша түрiнде болады, екi қапталы мен төменгi жағы енiне қарай созылған бiрнеше тармақтармен жиектеледi.
      Эмблеманың мөлшерi - биiктiгi бойынша 42 мм, енi бойныша 88 мм.
      г) Жоғары басшы құрам адамдарының салтанатты киiмiнiң жағасы мен қайырмасындағы өрнек алтын жалатқан жiңiшке сыммен тармақ түрiнде әдiптеледi, жағадағы тармақтың ұзындығы 65 мм, енi - 18-20 мм, қайырмадағы тармақтың ұзындығы 190 мм, енi 25 мм.
      д) Салық полициясының барлық қызметкерлерiне арналған салтанат белдiктерiнiң тоғасы түстi металдар қорытпаларынан жасалады және сопақша болып келедi. Тоғаның диаметрi - биiктiгi 50 мм, енi - 42 мм.
      Жоғары басшы құрам үшiн - тоғаның ортасында диаметрi 23 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, аға, орта және кiшi басшы құрам үшiн - бес бұрышты жұлдыз болады, жұлдыздың нақ ортасындағы күн бейнесiнiң үстiне қыранның суретi орналасқан. Елтаңба мен жұлдыз емен жапырақтарынан өрiлген гүлдестемен көмкерiлген. Тоға мен оның бетiндегi барлық нысандар - алтын түстi.
      е) Салық полициясы органдары қызметкерлерiнiң үлгi киiмдерiне тағатын түймелердiң диаметрi: жоғары басшы құрамға арналған үлкен түймелер 24 мм, қалған құрамға - 22 мм, кiшкентай түймелер - 14 мм болып жасалады. Жоғары басшы құрамға арналған түймелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, қалған құрам үшiн - бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, жұлдыздың нақ ортасындағы күн бейнесiнiң үстiне қыранның суретi орналасқан.
      ж) Жеңге тағатын белгi тоқылған немесе тоқылмаған материалдардан ашық көк түстi алты бұрышты қалқан түрiнде дайындалады, жеңге тағатын белгiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы, жалаудың жоғарғы жағында - "Қазақстан Республикасы" деген жазу, жалаудың астында - "Салық полициясы" деген жазу орналасқан.
      з) Кеуденiң сол жағындағы жапсырмалы қалтаның үстiнен салтанатты және күнделiктi киiмге түстi металдардың қорытпаларынан жасалған алтын түстi жетон бекiтiледi. Көгiлдiр эмаль бояуын жалатқан, диаметрi 60 мм бес бұрышты жұлдыздың бейнесi үстiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, оның жоғарғы жағына

 

- "Қазақстан Республикасы" деген жазу, елтаңбаның астына - "Салық

полициясы" деген жазу орналастырылады. Қызмет адамдарын күзету

бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң арқасына "Салық полициясы" деген жазу

жазылады.

     и) Эмблема алтын түстi алюминий қорытпасынан жасалады. Диаметрi

18 мм бес бұрышты жұлдыздың бейнесi үстiне Қазақстан Республикасының

Мемлекеттiк елтаңбасы орналастырылады.


           53. Салық полициясының қызметкерлерiн заттай

                   мүлiкпен жабдықтау нормалары


___________________________________________________________________

        Заттардың атауы              |Бiр адамға     | Киiп жүру

                                     |берiлген       |  мерзiмi

                                     |заттардың саны |

___________________________________________________________________

              1                      |       2       |      3

___________________________________________________________________

     Жоғары басшы құрамның

       адамдары үшiн

     I. Киiм-кешек

1. Салтанатты-бiркиер жүн фуражка        1 дана          5 жыл

2. Күнделiктi фуражка                    1 дана          2 жыл

3. Қаракөл папаха                        1 дана          5 жыл

4. Кубанка                               1 дана          5 жыл

5. Толқын түстес телпек                  1 дана          4 жыл

6. Қоңыр телпек                          1 дана          3 жыл

7. Погондары бар пальто                  1 дана          4 жыл

8. Погондары бар кеудеше-бушлат          1 дана          3 жыл

9. Погондары мен петлицалары бар

   салтанатты-бiркиер мундир             1 дана          5 жыл

10. Погондары мен эмблемалары бар

    күнделiктi китель                    1 дана          3 жыл

11. Погондары бары ысырмалы кеудеше      1 дана          3 жыл

12. Салтанатты-бiркиер кең балақ шалбар  1 дана          3 жыл

13. Күнделiктi кең шалбар                1 дана          2 жыл

14. Жазғы жүн пальто                     1 дана          4 жыл

15. Жазғы жеңiл кең балақ шалбар         1 дана          2 жыл

16. Толқын түстес юбка                   1 дана          4 жыл

17. Қоңыр юбка                           1 дана          3 жыл

18. Көйлек                               1 дана          2 жыл

19. Салтанат қолғабы                     1 пар           3 жыл

20. Қысқы қолғап                         1 пар           3 жыл

      II. Аяқ киiм

21. Қысқы қысқа етiк                     1 пар           3 жыл

22. Шевролы қара етiк                    1 пар           3 жыл

23. Шевролы қоңыр туфли                  1 пар           2 жыл

24. Ерлер ұйығы                          3 пар           1 жыл

25. Колготка                             3 пар           1 жыл

       III. Iш киiм

26. Күнделiктi кительге тағылған

    сырт погондары бар жейде             2 дана          1 жыл

27. Салтанат мундирiне тағылған

    погондары бар сыртқы ақ жейде        1 дана          2 жыл

28. Жазғы жеңiл сырт жейде               1 дана          2 жыл

29. Салтанатты-бiркиер мундирге

    тағатын галстук                      1 дана          2 жыл

30. Күнделiктi кительге тағатын

    галстуктер                           2 дана          1 жыл

31. Кашне (ақ және қоңыр)                2 дана          3 жыл

        IV. Керек-жарақ

32. Салтанат белдiгi                     1 дана          15 жыл

33. Күнделiктi тартпа                    1 жиын          5 жыл

    Аға, орта және кiшi басшы

    құрамның адамдары үшiн

       I. Киiм-кешек

1. Салтанатты-бiркиер жүк фуражка        1 дана          3 жыл

2. Күнделiктi фуражка                    1 дана          2 жыл

3. Камуфляжды фуражка                    1 дана          1 жыл

4. Қаракөлден тiгiлген құлақшын          1 дана          5 жыл

5. Цигейкадан тiгiлген құлақшын          1 дана          3 жыл

6. Погондары бар пальто                  1 дана          4 жыл

7. Жазғы жүн пальто                      1 дана          4 жыл

8. Погондары мен петлицалары бар

   салтанатты-бiркиер мундир             1 дана          4 жыл

9. Погондары мен эмблемалары бар

   күнделiктi китель                     1 дана          3 жыл

10. Ысырмалы кеудеше                     1 дана          3 жыл

11. Салтанатты-бiркиер шалбар            1 дана          3 жыл

12. Күнделiктi шалбар                    1 дана          2 жыл

13. Жазғы жеңiл кең балақ шалбар         1 дана          2 жыл

14. Камуфляжды кеудеше мен шалбар        2 жиын          1 жыл

15. Мех астарлы кеудеше-бушлат           1 дана          3 жыл

16. Камуфляжды жылы кеудеше мен шалбар   1 жиын          2 жыл

17. Толқын түстес юбка                   1 дана          4 жыл

18. Қоңыр юбка                           1 дана          3 жыл

19. Көйлек                               1 дана          2 жыл

20. Салтанат қолғабы                     1 пар           3 жыл

21. Қысқы қолғап                         1 пар           3 жыл

22. Колготка                             3 пар           1 жыл

23. Ұйық                                 3 пар           1 жыл

        II. Аяқ киiм


24. Қысқы қысқа етiк                     1 пар           3 жыл

25. Шевролы қара туфли                   1 пар           3 жыл

26. Шевролы қоңыр етiк                   1 пар           2 жыл

27. Биiк қонышты бәтеңке                 1 пар           2 жыл

28. Биiк қонышты жылы бәтеңке            1 пар           2 жыл

        III. Iш киiм

29. Күнделiктi кительге тағылған

    сырт погондары бар жейде             2 дана          1 жыл

30. Салтанат мундирiне қосып

    киетiн сыртқы ақ жейде               1 дана          2 жыл

31. Жазғы жеңiл жейде                    1 дана          2 жыл

32. Салтанатты-бiркиер мундирге

    тағатын қара галстук                 1 дана          2 жыл

33. Күнделiктi кительге тағатын

    қоңыр галстук                        2 дана          1 жыл

34. Кашне (сұр және қоңыр)               2 дана          3 жыл

        IV. Керек-жарақ

35. Салтанат белдiгi                     1 дана          15 жыл

36. Күнделiктi офицер тартпасы            1 жиын          6 жыл

37. Шалбарға тағатын былғары белдiк      1 дана          6 жыл

38. Погонға қадайтын жұлдыздар           36 дана         3 жыл

39. Бас киiм белгiсi (кокарда)           3 дана          2 жыл

40. Диаметрi 24 мм түймелер              40 дана         3 жыл

41. Диаметрi 22 мм түймелер              40 дана         3 жыл

42. Диаметрi 14 мм түймелер              40 дана         3 жыл

43. Жетон (кеудеге тағатын нөмiрлi

    белгi)                               1 дана          5 жыл

44. Алюминий қорытпасынан жасалған

    диаметрi 18 мм эмблема               5 дана          3 жыл