Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне берешектерiн мемлекеттiк iшкi қарыздарға жатқызу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 сәуiр N 445. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      "Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн 1996-1997 жылдары мемлекеттiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2693 U952693_ Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне 1992-1994 жылдары бұрынғы "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындарына бөлiнген 329560,2 мың теңге негiзгi қарызы бойынша берешегiн "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген лимит шеңберiнде мемлекеттiк iшкi қарызға жатқызу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен аталған қарызды қамтамасыз ету шарттары жөнiнде келiсiмдi ресiмдесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi