1996 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға көзделген республикалық бюджеттiң қаражатын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 наурыздағы N 344 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi акцияларының 90 процентi мемлекет иелiгiндегi "Ақтау теңiз сауда порты" акционерлiк қоғамын, белгiленген тәртiппен тарату мәселесiн шешсiн және оның негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құрсын.

      2. "Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 қыркүйектегi N 1075  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 434-бап) күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi