Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 106. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      1. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi Ә.М. Қырбасовқа Брюссель қаласындағы болаттан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлерiн сату туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық көмiр және болат бiрлестiгi арасындағы келiсiмге Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      2. Дайындық және Келiсiмге қол қою үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.

      Премьер-Министр