Ғибадат үйлерiн, ғимараттарды және өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктерге беру тәртiбi туралы ереженi бекiту жайында

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 14 желтоқсан 1993 ж. N 1247 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 210 Қаулысымен

      Қарағанды металлургия комбинатының экспортқа өнiм беруiн ынталандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қарағанды металлургия комбинатының өнiм экспортына кеден бажының ставкасы 1993 жылғы 13 желтоқсаннан бастап кеден құнының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi