Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 648 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерi тiзбесiнiң бекiтiлуi туралы ақпаратты жеткiзсiн.

      3. "Қазақстан Республикасындағы өткiзу пункттерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 30 қазандағы N 906  қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Mинистрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 3 шiлдедегi 
N 648 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнiң тiзбесi

      1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
      Ганюшкино (Атырау облысы)
      Жайық (Батыс Қазақстан облысы)
      Сайхин (Батыс Қазақстан облысы)
      Жәнiбек (Батыс Қазақстан облысы)
      Қыргелдi (Ақтөбе облысы)
      Жайсан (Ақтөбе облысы)
      Шыңғырлау (Батыс Қазақстан облысы)
      Ақсу (Қостанай облысы)
      Қайрақ (Қостанай облысы)
      Пресногорьков (Қостанай облысы)
      Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Булаев (Солтүстiк Қазақстан облысы)
      Шарбақты (Павлодар облысы)
      Ауыл (Шығыс Қазақстан облысы)
      Шемонаиха (Шығыс Қазақстан облысы)
      Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 N 1608 Қаулысымен.
      2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темiр жол өткiзу пункттері:
      Бейнеу (Маңғыстау облысы)
      Сарыағаш (Оңтүстiк Қазақстан облысы)
      Мақтаарал (Оңтүстiк Қазақстан облысы).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23 N 1275 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
      Мерке (Жамбыл облысы).
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 N 1608 Қаулысымен.
      4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
      Достық (Алматы облысы)
      Алтынкөл (Алматы облысы).
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 N 1608 Қаулысымен.
      5. Түрікменстанмен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
      Болашақ (Маңғыстау облысы).
      Ескерту. Тізбе 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 N 1608 Қаулысымен.