Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы туралы

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 қыркүйек 1992 ж. N 733. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1820 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қорғаныс комитетiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi етiп қайта құру туралы" 1992 жылғы 7 мамырдағы N 738 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 575 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасының базасында құрылған Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бағындырылсын.
      Облыстардың, қалалардың Азаматтық қорғаныс штабтары, оларға ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелер, мекемелер, ұжымдық пайдаланудағы республикалық есепте орталығы мен азаматтық қорғаныстың республикалық курстары Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы орталық аппаратының саны 90 адам болып (ғимараттар мен арнайы құрылғыларды күзету және қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлердi қоспағанда) және қызмет көрсететiн 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына азаматтық қорғаныс штабтары мен бөлiмшелерiнiң құрылымы мен штаттарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсе отырып, әскери қызметшiлер атқаратын лауазымдар бойынша белгiленген сан мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде бекiту хұқы берiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-абзац жаңа редакцияда - ҚРМК-нің 1993.02.15. N 113
               қаулысымен. P930113_
      3. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы:
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен, республиканың мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп, 2 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы туралы Заңның жобасын әзiрлеп, Үкiметтiң қарауына енгiзсiн;
      3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтуге берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде азаматтық қорғаныс штабын, оларға ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелердi, мекемелер мен әскери бөлiмдердi "Қорғаныс шығыны" бабы бойынша көзделген қаржы есебiнен қажеттi қаржыландыруды белгiлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер жөнiндегi нормативтiк актiлерi қабылданғанға дейiн азаматтық қорғаныс штабтарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар әскери қызметшiлерi үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн көзделген әлеуметтiк-хұқықтық қорғау жөнiндегi жеңiлдiктер, басқа да жеңiлдiктер сақталсын.
      Азаматтық қорғаныс штабтары және оларға ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелер мен мекемелердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiне Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Бiрiккен Қарулы Күштерi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн көзделген еңбекке ақы төлеу қолданылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi республиканың Азаматтық қорғаныс штабына қажеттi материалдық-техникалық ресурстар бөлудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

мен жергiлiктi әкiмшiлiктер: 
     республиканың азаматтық қорғаныс штабтарының әлеуметтiк-тұрмыстық
және арнайы бағыттағы объектiлер құрылысына өтiнiмiн басым орналастыруды
көздесiн.
     8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi 
әкiмшiлiктер:
     көбейткiш, компьютерлiк және басқа техника, көлiктiк құралжабдықтар 
алуға қаржы бөлудi;
     республиканың азаматтық қорғаныс штабтары мен оларға ведомстволық
бағыныстағы бөлiмшелер мен мекемелердiң әскери қызметшiлерiн тұрғын
үй алаңымен қамтамасыз етудi көздесiн.

               Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi