Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерi лауазымдық жалақыларының схемасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 ақпан 1993 ж. N 113. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күнінен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi үш ай мерзiмде:
      республиканың заң актiлерiн "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк

комитеттерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн өз
нормативтiк актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюуын қамтамасыз ететiн
болсын.
     3. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңдары "Кәсiптiк
одақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрiлгенге
дейiн олардың аталған Заңға қайшы келмейтiн бөлiгi қолданыла
бередi.
     Қазақстан Республикасы
   Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы