"Қылмыспен келтірілген материалдық залалды өтеу жөнінде заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" ССРО Жоғарғы Соты Пленумының 1979-жылғы 23-наурыздағы N 1 қаулысын (Пленумының 1984-жылғы 25-сәуірдегі N 7 қаулысымен енгізілген толықтыруларымен қоса) Р

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1990 жылғы 19 наурыз N 1 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 179 бет). Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен және улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу туралы сот қаулыларын қайта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:
      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен, улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу немесе одан бас тарту туралы аудандық (қалалық) соттың қаулысы облыс прокурорының қадағалау тәртiбiндегi наразылығы бойынша облыстық соттың төралқасында қайта қаралуы мүмкiн екенi түсiндiрiлсiн.