Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 335 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі – өзгерістер) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 335 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 505 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бөлінген қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне (бұдан әрі – № 328 рәсімдер) сәйкес жүзеге асырылады.";

      11-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған ақшаны, бюджет қаражатының үнемделуін және (немесе) бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігінің қалдығын ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті қалпына келтіру арқылы қайтаруды және № 328 рәсімдерде белгіленген тәртіппен тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізгеннен кейін төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган № 328 рәсімдерде белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шiлдедегi № 551 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бюджет қаражатын бөлу туралы қаулы қабылданғаннан кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жұмыс күні ішінде тиісті қаржыландыру жоспарларына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне (бұдан әрі – № 328 рәсімдер) сәйкес өзгерістер енгізеді.";

      8-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде үнемделген, пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісі оны № 328 рәсімдерге сәйкес тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервін қалпына келтіру арқылы ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруды қамтамасыз етеді.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жоғары тұрған бюджеттің тиісті қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізгеннен кейін төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган № 328 рәсімдерге сәйкес тиісті жергілікті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген және шетелдік валютаға айырбасталған бюджет қаражаты пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі шетелдік валютаның пайдаланылмаған бөлігін № 328 рәсімдерге сәйкес бастапқыда резервтерден қаражат бөлінгендегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамына қайта есептей отырып қайтаруды қамтамасыз етеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша ұзақ мерзімді іс-шараларды іске асыруға, сондай-ақ олардың алдын алуға арналған есеп-қисаптармен бірге шығындардың қажетті көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсынады.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға бюджет қаражатын бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасын бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган дайындайды.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген бюджет қаражатын алатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаржы жылының қорытындысы бойынша "Бюджеттік мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 275 бұйрығына сәйкес тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға олардың пайдаланылуы туралы есеп береді.".

      3. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 571 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей интеграцияланған цифрлық жүйе арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 10-РБҮСҚ нысаны бойынша қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп тапсырады.";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 275 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы есеп тапсырады.".

      4. "Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 603 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне (бұдан әрі – № 328 рәсімдер) сәйкес мемлекеттік қазынашылық:

      1) Ұлттық Банкке – бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын банктерде орналастыру нәтижелері, сондай-ақ банктер тарапынан міндеттемелерді орындамау фактілері туралы ақпаратты;

      2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға – банктерде орналастырылған бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасы туралы ақпаратты ұсынады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Банктерде орналастырылған бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын есепке алу № 328 рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.".