ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 122-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 571 қаулысымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар осы қаулының 3-т. сәйкес 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 122-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепте республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру бойынша есепті қаржы жылында жүргізілген барлық операция көрсетіледі.
Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.
Түзетілген бюджетте бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде өзгеруі ескеріледі.
Есепті қаржы жылында бюджет түсімдерінің және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ақы төленген міндеттемелердің атқарылу сомаларының ауытқуы, пайыздық қатынасы түзетілген бюджетке қатысты есептеледі және тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепте көрсетіледі.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Бюджет кодексіне және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
4. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде мың теңгемен жүзеге асырылады.
2-тарау. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі
1-параграф. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамы
5. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке мыналар кіреді:
1) түсіндірме жазба;
2) есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есеп;
3) тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, бұл – республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер;
4) түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп, ол мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау негізінде жасалады;
5) шоғырландырылған бюджет түсімдері бойынша талдамалық есеп;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың жиынтық есептері;
7) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік;
8) орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын мониторингтеу нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері;
9) республикалық бюджетке дивидендтер (таза кірістің бір бөлігін) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есептері;
10) нәтижелерді бағалау қорытындылары;
11) Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама.
2-параграф. Түсіндірме жазбаны жасау
6. Түсіндірме жазбада мынадай талдамалық ақпарат қамтылады:
экономикалық жағдай туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде қосылған құн түзетін экономика салаларының экономиканың дамуына әсерін талдау және экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау;
елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы;
мемлекеттік сектор міндеттемелерінің ағымдағы жай-күйі туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз талаптарына сәйкес негізгі борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің, сыйақылардың, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемі туралы деректер.
3-параграф. Есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепті жасау
7. Есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы бекітілген заңның негізгі параметрлерінің іске асырылуы туралы талдамалық ақпарат, бекітілген көрсеткіштерге қатысты бюджеттің атқарылу пайызы, республикалық бюджеттің түсімдері, шығыстары мен тапшылығы бойынша баптардың атқарылуы, республикалық бюджет қаражатын бөлуді көздейтін нормативтік сипаттағы баптардың іске асырылуы көрсетіледі.
4-параграф. Республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер болып табылатын тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау
8. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің орындалуы туралы деректерді білдіреді.
9. Есеп тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және бюджет түсімдерінің сыныптамасы мен бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылып:
есепті қаржы жылына бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджеттің сомасы;
есепті қаржы жылына қабылданған міндеттемелердің сомасы;
есепті қаржы жылында ақы төленбеген міндеттемелердің сомасы;
есепті қаржы жылында республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) ақы төленген міндеттемелердің атқарылу сомасы;
есепті қаржы жылында республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) ақы төленген міндеттемелердің атқарылу сомаларының есепті қаржы жылында түзетілген республикалық бюджет сомасынан ауытқуы;
есепті қаржы жылында республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет түсімдерінің және (немесе) ақы төленген міндеттемелердің атқарылу сомаларының есепті қаржы жылында түзетілген республикалық бюджет сомаларына пайыздық қатынасы;
бюджет қаражатының игерілмеген сомасы көрсетіледі.
10. Бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығын, Қазақтан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген, нысаналы трансферттердің қайтарылуын және есепті қаржы жылында бөлінген, Бюджет кодексіне сәйкес толық пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қайтарылуын шегергенде түзетілген бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша ақы төленген міндеттемелерден асып кеткен сомасы республикалық бюджет қаражатының игерілмеген сомасы болып табылады.
5-параграф. Мониторинг нәтижелері және нәтижелерді бағалау негізінде түсімдер мен шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті жасау
11. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп есепті қаржы жылында түзетілген республикалық бюджеттің атқарылуын көрсетеді әрі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті саланың (аяның) уәкілетті органдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган жүргізген бюджеттік мониторинг нәтижелері мен нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық бюджеттік бағдарламалардың түсімдері және оларды іске асыру жөніндегі талдамалық деректерді қамтиды.
12. Республикалық бюджеттің түсімдері бойынша талдамалық есепте мынадай:
республикалық бюджет кірістері туралы ақпарат, оның ішінде түсімдер жоспарының атқарылуына әсерін тигізген негізгі факторлар және кірістер түсімдерінің жоспарынан іс жүзіндегі атқарылудың ауытқу себептері баяндалған салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттер түсімдерінің атқарылуын талдау;
бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдер туралы ақпарат, оның ішінде іс жүзіндегі атқарылудың бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша қаражаттың түсу жоспарынан ауытқуының негізгі факторлары мен себептері;
салықтар бөлінісінде салық берешегінің көлемдері туралы;
салықтар бөлінісінде артық төлем көлемдері туралы;
қосылған құн салығын қайтару туралы;
Бюджет кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес төлемдер, алымдар, баждар, айыппұлдар және басқа да төлемдер туралы ақпарат қамтылады.
13. Республикалық бюджеттің шығыстары бойынша талдамалық есепте мынадай:
1) мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген бюджет қаражатымен және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланыста мемлекеттік органның даму жоспары мақсаттарының іске асырылуы және нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы;
бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) түпкі нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы, есеп Бюджет кодексінің 152-бабының 6-тармағына сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады;
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің және Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдалану туралы;
бюджеттің бастапқы бекітілген көрсеткіштерінің, бастапқыда жоспарланған түпкі нәтижелердің және нысаналы индикаторлардың өзгеру себептері көрсетілген есепті қаржы жылы ішінде жүргізілген республикалық бюджетті нақтылау мен түзетудің себептері мен көлемдері туралы;
бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат;
2) мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын, түпкі нәтижелердің және (немесе) іс-шаралар нәтижелерінің көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы бойынша;
Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына есепті қаржы жылында бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, оның ішінде "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік аудит мақсаттарына қол жеткізу және оның қағидаттарының іске асырылуы туралы;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына есепті қаржы жылында бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпарат;
3) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдарын орындау туралы:
есепті қаржы жылындағы республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау қорытындылары бойынша ақпарат;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген ұсынымдардың орындалуына қатысты ақпарат қамтылады.
14. Тиісті мемлекеттік органдар есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің жобасын уақтылы дайындау мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдерінде мәндер мың теңгемен көрсетілген мынадай ақпарат береді:
1) мемлекеттік жоспарлау, бюджет саясаты, өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей:
тиісті қаржы жылында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде қосылған құн түзетін экономика салаларының экономиканың дамуына әсерін талдау және бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне экономика салаларының әсерін және елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуын талдау;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес оның құжаттарын мониторингтеу және бағалау;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің мониторингін қоса алғанда, мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы есеп;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау;
байланысты гранттардың пайдаланылуы туралы оларды бағалау нәтижелеріне негізделген есеп;
Бюджет кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес жалпы сипаттағы трансферттер мониторингінің нәтижелері:
жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер;
дамуға жұмсалған шығындар;
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең аз көлемі;
2) мемлекеттік қазынашылық есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей:
қазынашылық мониторинг;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есеп;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей:
мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есеп;
есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей:
бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп;
қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсер және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы мен салалық заңнамасының талаптарына сәйкес нәтижелерді бағалау көрсетілген республикалық бюджеттің шығыстары туралы талдамалық ақпарат;
тиісті мемлекеттік органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтары туралы оның түзілу себептері көрсетілген ақпарат;
қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп;
бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп;
есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей:
мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы туралы есептер;
есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей:
заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп;
республикалық бюджетке дивиденд (таза кірістің бір бөлігі) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есебі;
дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегиялары туралы есептер.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;
орталық мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мемлекеттік органдардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкі нәтижелерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде мақсаттарға қол жеткізілуін операциялық бағалау;
есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей:
ұлттық жобалардың іске асырылуы туралы есептер, сондай-ақ есепті жылы оларды іске асыруға көзделген және пайдаланылған қаражат, жоспарланған іс-шараларды орындау (орындамау) нәтижелері мен себептері, саланың, өңірдің, елдің дамуына олардың әсері көрсетілген талдамалық ақпарат кіреді.
15. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына жауапты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 10-РБҮСҚ нысаны бойынша қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп тапсырады.
16. Мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдамалық ақпараты:
нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеу (асыра орындалуы) себептерінің түсіндірмесімен бірге мемлекеттік органның даму жоспарының стратегиялық мақсаттарын іске асыру және нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы (қаржы жылы ішінде нысаналы индикаторлардың бекітілген мәндерімен, көлемдерімен және санымен салыстырғанда өзгерістер болған жағдайда жүргізілген өзгерістердің себептері көрсетіледі);
бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражаты және оларға қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштері туралы ақпаратты қамтиды.
17. Мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдамалық ақпараты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын және оларға қол жеткізілмеу (асыра орындалуы) себептері көрсетілген түпкі нәтижелердің және (немесе) іс-шаралар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштері көрсетілген іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтиды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатына қатысты бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша игерудің жоспарлы және нақты сомалары, қаражат игерілмеген жағдайда игерілмеу себептері көрсетіледі.
18. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган басқа қажетті ақпаратты сұратады және өз құзыреті шегінде қосымша нысандарды белгілейді.
6-параграф. Шоғырландырылған бюджет түсімдері бойынша талдамалық есепті жасау
19. Шоғырландырылған бюджет түсімдері бойынша талдамалық есепте мынадай:
бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне экономика салаларының әсерін талдау және бюджетке салықтар мен төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін талдау;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес экономиканың мұнай секторы мен мұнайға қатысы жоқ секторларының кәсіпорындары бойынша салық түсімдері туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түсетін салық түсімдері туралы ақпарат;
шоғырландырылған бюджет құрылымына сәйкес Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық түсімдері туралы ақпарат қамтылады.
7-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың жиынтық есептерін жасау және ұсыну
20. Квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне есептердің мынадай түрлерін ұсынады:
дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялары туралы;
бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы;
мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы туралы;
заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы;
бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы туралы.
21. Бюджет кодексінің 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялары туралы есеп тапсырады.
22. Квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне мемлекеттік мүлік тізілімінің активтерін басқарудың цифрлық платформасы арқылы есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 9-БААЖ нысаны (бұдан әрі – 9-БААЖ нысаны) бойынша бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп тапсырады.
Тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей 9-БААЖ нысаны бойынша есеп тапсырады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне 9-БААЖ нысаны бойынша жиынтық есеп тапсырады.
23. Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы есепте мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілуі туралы, мемлекеттік қызмет көрсетудің әсері түпкі нәтижелерге қол жеткізілуі, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат көрсетіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар Бюджет кодексінің 16-бабының 11-тармағына сәйкес Бюджеттiк мониторинг жүргізу қағидаларына сай тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есеп тапсырады.
24. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп тапсырады.
Дербес білім беру ұйымдары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 10-ЗТТ нысаны (бұдан әрі – 10-ЗТТ) бойынша заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп тапсырады.
Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей 10-ЗТТ нысаны бойынша бюджеттің атқарылуы бойынша есеп тапсырады.
25. Бюджеттен тыс қорлардың түсімдері мен шығыстары туралы есептерде есептердің мынадай түрлері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп;
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп;
Арнаулы мемлекеттік қордың түсімдері мен шығыстары туралы есеп;
Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есеп қамтылады.
26. Квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне Бюджет кодексінің 38-бабының 4-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының немесе іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы туралы есеп тапсырады.
8-параграф. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау
27. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік:
бухгалтерлік баланстан;
қаржылық қызмет нәтижелерi туралы есептен;
ақша қозғалысы туралы есептен (тікелей әдіс);
таза активтердің/капиталдың өзгеруі туралы есептен;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазбадан тұрады.
28. Бухгалтерлік баланс қаржы жағдайы, активтер, міндеттемелер және таза активтер/капитал туралы есепті білдіреді.
Қаржылық қызмет нәтижелерi туралы есеп кірістер, шығыстар және қаржы нәтижесі туралы ақпаратты білдіреді.
Ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс) есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы: ақша қаражатының түсімдері мен шығарылуы туралы ақпаратты көрсетеді.
Таза активтердің/капиталдың өзгеруі туралы есеп таза активтердің/капиталдың өзгеру себептері туралы ақпаратты ашады.
Қаржылық қызмет нәтижелерi, ақша қозғалысы (тікелей әдіс), таза активтердің/капиталдың өзгеру көрсеткіштері және кірістер мен шығыстардың негізгі баптарын талдау бойынша ашып жазылған ақпарат өткен есепті кезеңнің деректерімен салыстыра отырып ұсынылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікке қатысты жалпы мәліметтерді және ашып жазылған ақпаратты көрсетеді.
Жалпы мәліметтер қаржылық есептілікті дайындаудың негізгі қағидаттары мен қолданылатын есептік саясат туралы ақпаратты қамтиды.
Ашып жазылған ақпарат:
бухгалтерлік баланс баптарының сипаттамасын, сондай-ақ олардың салыстырмалы талдауын;
қаржылық қызмет нәтижелерi туралы есеп кірістері мен шығыстарының негізгі баптарын талдауды қамтиды.
9-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мониторинг нәтижелері туралы есептерін жасау
29. Бюджет кодексінің 55-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекетке немесе өңірге мүліктік және мүлікке қатысы жоқ игілік беруге, оның ішінде ақшалай нысанда беруге бағытталған міндеттемелері көзделсе, уәкілетті салалық мемлекеттік органдар орталық салалық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен сомалары көрсетіліп жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуының тиісті есептілігін қалыптастыру арқылы мониторингті жүзеге асырады.
30. Уәкілетті салалық мемлекеттік органдар Бюджет кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тізілімге сай бәсекелес ортаға берілген орталық атқарушы орган функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг нәтижелері туралы есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.
10-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтер төленгеннен немесе аударымдардан кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есебін жасау
31. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтер төленгеннен немесе аударымдардан кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есебінде қол жеткізілген нәтижелер көрсетіліп, тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кірістің бір бөлігінің іс жүзінде пайдаланылғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің республикалық бюджетке дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы есепке түсіндірме жазба қоса беріледі, ол тиісті бюджетке аударымдардан немесе дивидендтер төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатын пайдаланудың әрбір бағыты бойынша ақпаратты қамтиды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
11-параграф. Нәтижелерді бағалау қорытындысын жасау
32. Нәтижелерді бағалауда бағалау ақпаратының мынадай түрлері қамтылады:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі операциялық бағалау, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Астананың және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау.
12-параграф. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы жасау
33. Мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
34. Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндамада:
мемлекеттік активтердің есепті кезеңдегі жай-күйі туралы талдамалық ақпарат;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат;
мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар;
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер қамтылады.
3-тарау. Жылдық есепті ұсыну тәртібі
34. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
35. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына ұсынады.
36. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер және есепті қаржы жылы үшін бюджеттік кредиттер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларына 1-қосымша |
Кімге тапсырылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
Нысанның атауы: қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп
Нысанның индексі: 10-РБҮСҚ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы__________
Нысанды тапсыратын тұлғалар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
Нысанды тапсыру мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей
Жинау әдісі: электронды түрде
Өлшем бірлігі: мың теңге
№ | Жоба атауы | Кредитор | Жобаның жалпы сомасы, миллион теңге | Тартылған қарыз көлемі, миллион теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Іске асырылу мәртебесі | Іске асыру мерзімдері | Қол жеткізілген нәтижелер (физикалық көрсеткіштер) | Әлеуметтік-экономикалық әсер | Ескертпе |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Атауы: _________________
Мекенжайы: ___________________
Телефоны: ___________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _______________________
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы:
______________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бас бухгалтері:
______________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Ескертпе: осы нысан "Қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп" нысанына қосымшаға сәйкес толтырылады.
"Қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп" нысанына қосымша |
"Қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (10-РБҮСҚ, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалаумен бірге үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы қол қойып, оның тегі мен аты-жөні көрсетіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
4. 2-бағанда жобаның атауы көрсетіледі.
5. 3-бағанда халықаралық қаржы ұйымының немесе шетелдік кредит берушінің атауы көрсетіледі.
6. 4-бағанда жобаның жалпы сомасы көрсетіледі.
7. 5-бағанда тарылған қарыз көлемі көрсетіледі.
8. 6-бағанда жобаның іске асырылу мәртебесі (жоспарлануда, процесте, аяқталған, уақытша тоқтатылған) көрсетіледі.
9. 7-бағанда жобаны іске асыру мерзімдері көрсетіледі.
10. 8-бағанда нақты сандық жетістіктер (салынған объектілер, қамтылған елді мекендер, сатып алынған жабдықтар және тағы сол сияқты) көрсетіледі.
11. 9-бағанда жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейі, өнімділік, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық және әлеуметтік орнықтылық тұрғысынан нәтижелерді қысқаша талдау көрсетіледі.
12. 10-бағанда қажет болған жағдайда өзге ақпарат көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларына 2-қосымша |
Кімге тапсырылады: бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
Нысанның атауы: бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп
Нысанның индексі: 9-БААЖ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы__________
Нысанды тапсыратын тұлғалар тобы: квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган
Нысанды тапсыру мерзімі: квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей; мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей
Жинау әдісі: электронды түрде
Өлшем бірлігі: мың теңге
Атауы | Есепті кезеңдегі жоспар | Өсу қорытындысымен есепті кезеңде атқарылуы |
1 | 2 | 3 |
I. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың кірісі – түсімдер, барлығы | ||
инвестициялық жобалар бойынша | ||
мемлекеттік тапсырмалар бойынша | ||
бюджеттен түсетін өзге түсімдер | ||
II. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың шығыны, барлығы | ||
оның ішінде жобалар бойынша: | ||
оның ішінде мемлекеттік тапсырмалар бойынша | ||
өзге шығыс | ||
III. Кіріс пен шығыс сальдосы | ||
IV. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жылының басындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы | ||
V. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жылының соңындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы |
Атауы: _________________
Мекенжайы: ___________________
Телефоны: ___________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _______________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де
алушылардың/ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/ мемлекеттік мүлік жөніндегі
уәкілетті органның орындаушысы:
________________________________ ________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де
алушылардың/ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/ мемлекеттік мүлік жөніндегі
уәкілетті органның басшысы:_______________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Ескертпе: осы нысан "Бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп"
нысанына қосымшаға сәйкес толтырылады.
"Бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп" нысанына қосымша |
"Бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (9-БААЖ, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Бюджеттен алынған ақшаның жұмсалуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысанға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың/ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы қол қойып, оның тегі мен аты-жөнін көрсетіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың кірісі – түсімдер, барлығы" деген I бөлімде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және бюджет қаражатын өзге де алушыларға республикалық және жергілікті бюджеттен түсетін түсімдердің сомасы көрсетіледі.
4. "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге алушылардың шығыны, барлығы" деген II бөлімде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері және бюджет қаражатын өзге де алушылар жүргізген төлемдер немесе шығыстар сомасы көрсетіледі.
5. III "Кіріс пен шығыс сальдосы" деген бөлімде I "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың кірісі – түсімдер, барлығы" және II "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге алушылардың шығыны, барлығы" деген бөлімдердің арасындағы айырма сомасы көрсетіледі.
6. IV "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жылының басындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы" деген бөлімде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жыл басындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығының сомасы көрсетіледі.
7. V "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жылының соңындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы" деген бөлімде III "Кіріс пен шығыс сальдосы" және IV "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың қаржы жылының басындағы қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдығы" деген бөлімдердің қорытынды сомасы көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларына 3-қосымша |
Кімге тапсырылады: бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға
Нысанның атауы: заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп
Нысанның индексі: 10-ЗТТ
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20__жылғы__________
Нысанды тапсыратын тұлғалар тобы: дербес білім беру ұйымдары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
Нысанды тапсыру мерзімі: дербес білім беру ұйымдары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей
Жинау әдісі: қағаз тасығышта
Ұйым атауы: _________________________________
Өлшем бірлігі: мың теңге
Атауы | Қаржы жылына арналған жоспар | Қаржы жылындағы нақты атқару | Қаржы жылындағы қалдық | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Шығыстардың барлығы, оның ішінде: | ||||
"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігін ақпараттандыру бойынша шығыстар | ||||
"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігінің еңбекақы төлеу қоры | ||||
"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігінің директорлар кеңесінің сыйақысы және оларды ұстау | ||||
Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің еңбекақы төлеу қоры | ||||
Соттың еңбекақы төлеу қоры | ||||
Халықаралық төрелік орталығының еңбекақы төлеу қоры | ||||
Дербес білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлерінің кәсіптік дамуы | ||||
Дербес білім беру ұйымдарын әдіснамалық сүйемелдеу | ||||
Дербес білім беру ұйымдарының білім беру процесі | ||||
Дербес білім беру ұйымдарының бағалау жүйесі |
Атауы: _________________
Мекенжайы: ___________________
Телефоны: ___________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _______________________
Дербес білім беру ұйымдарының/ "Астана" халықаралық қаржы орталығының
әкімшілігінің/ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы:
_____________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Дербес білім беру ұйымдарының, "Астана" халықаралық қаржы орталығының
әкімшілігінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы:
________________________________________ _________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) ______
Ескертпе: осы нысан "Заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы
туралы есеп" нысанына қосымшаға сәйкес толтырылады.
"Заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп" нысанына қосымша |
"Заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (10-ЗТТ, жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Заңды тұлғаларға берілген трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанға дербес білім беру ұйымдарының, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы қол қойып, оның тегі мен аты-жөнін көрсетіледі.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Дербес білім беру ұйымдарына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі нысаналы аударымдар қаржы жылына арналған жоспары, қаржы жылындағы нақты атқарылуын және қаржы жылындағы қалдықты көрсетеді.
4. Қажет болған жағдайда ескертпеде өзге ақпарат көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 571 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 926 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 87 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 140 қаулысы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысы.