ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларында:
1-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
1-2 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2. Қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу:
1) мемлекеттік орган басшысы – бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің, мемлекеттік мекеме басшысының не оларды алмастыратын тұлғалардың;
2) мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша аппарат басшысының шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
2. Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге органдардың бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы нұсқаулықты дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.";
2-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) есепті кезең – қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметінің қорытынды бағасы қалыптастырылатын күнтізбелік жыл;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес қызметкерлерге сыйлықақы беру лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері, жалпы осы органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (іркіліссіз) жұмыс істеуі кезек күттірмейтін және алдын ала болжанбаған жұмыстардың шұғыл орындалуына байланысты болғанда сол жұмыстарды орындағаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақтылы және сапалы орындағаны, егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе, заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалаудың нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерде сыйлықақы беру мереке күндеріне, мереке және мерейтой күндеріне, қызметкерлердің мерейтойларына орайластырылуы мүмкін.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік орган, оның ішінде жойылған (таратылған) не қайта ұйымдастырылған мемлекеттік орган функцияларының, өкілеттіктерінің және (немесе) штат бірліктерінің басқа мемлекеттік органға берілуіне байланысты лауазымға қайта тағайындау жағдайларынан басқа сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге мемлекеттік органның ведомстволарын, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен бөлімшелерін, олардың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, тиісті мемлекеттік органда қызметкер ретінде (еңбегiне ақы төлеу "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негiзiнде жүргiзiлетiн) күнтізбелік отыз күннен кем жұмыс істеген болса;";
3) тармақшадағы "сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді." деген сөздер "сынақ мерзімінен өту кезеңінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ол жалақысы сақталмайтын демалыстан, оқу демалысынан және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстан шығып, бұл демалыстардың ұзақтығы алты ай және одан көп болса және сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге ол күнтізбелік отыз күннен кем жұмыс істеген болса, сыйлықақы берілмейді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақы белгілеу:
1) қысқартылған қызметкерлердің және (немесе) бос/уақытша бос лауазымдардың функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындағаны;
2) уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін (функцияларын) өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындағаны;
3) оған ауқымы кеңейтілген міндеттердің жүктелгені;
4) кәсіптік жоғары деңгеймен және құзыреттілікпен ұштасатын жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтіл) мен машығын практикада табысты қолданғаны;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс үшін олардың орындалған көлеміне қарай;
6) қызметкер жалақысы төмен лауазымға жұмыста мертігуіне, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе осы мемлекеттік органда еңбек міндеттерін орындауына байланысты денсаулығына өзге зақым келуіне орай ауыстырылғаны (тағайындалғаны) үшін еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге не мүгедектік белгіленгенге дейін, сондай-ақ органның басқару құрылымының өзгеруіне орай –ауыстырылған (тағайындалған) күнінен бастап бір жылға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.";
6-тармақ алып тасталсын;
8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету:
1) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары қайтыс болған;
2) өзі некеге тұрған;
3) баласы туған, оның бала асырап алған;
4) өзі қосымша қаржы шығындарын талап ететін ем қабылдаған (санаторийде емделуден басқа, күнтізбелік он және одан көп күн стационарлық немесе амбулаторлық емделуі);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл жасалуы (тонау, ұрлық және басқалары), сондай-ақ дүлей зілзала (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан мүліктік зиян келтірілген;
6) ол зейнеткерлiкке шыққан жағдайларда жүзеге асырылады.
Қызметкерге материалдық көмек көрсету аталған жағдайлар осы мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген кезеңде туындаған болса жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Қызметкерлерге сыйлықақы беру және лауазымдық жалақысына үстемеақы белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының, тікелей басшылардың (дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы болмаған жағдайда), лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар тұлғалардың немесе мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің басшысы айқындайтын тұлғалардың жазбаша ұсынымының негізінде осы Қағидалардың 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі.
Ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік мекемелердің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына сыйлықақы беру және үстемеақы белгілеу жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ұсынымдарының негізінде жүргізіледі.
Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына сыйлықақы беру және үстемеақы белгілеу жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың ұсынымы негізінде жүргізіледі не осы Қағидалардың 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар өздері жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың басшылары (басшылардың орынбасарлары) үшін сыйлықақы берудің өзге рәсімдері көзделуі мүмкін.
10. Ұсынымда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сыйлықақы (үстемеақы) беру үшін негіз және мөлшері (қажет болған жағдайда) көрсетіледі.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Материалдық көмек төлеу қызметкер өтініш берген күннен бастап бір жыл ішінде жүргізіледі, бұл ретте төлем жүзеге асырылатын күні қызметкер тиісті мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарында тұруы шарт.
Материалдық көмек көрсету туралы өтініш осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап екі ай ішінде беріледі, ал осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдай бойынша өтініш ол басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын беріледі.";
13 және 13-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақы белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен:
1) мына:
ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар;
елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар;
үй-жайды жалдауға ақы төлеу;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
байланыстың көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу;
көлiктiк көрсетілетін қызмет көрсетулерге ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылытуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге көрсетілген қызметтер;
ерекше шығындар;
өзге ағымдағы шығындар бойынша жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30 %-ынан асырмай, ал желтоқсанда – бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде;
2) мына:
жалақы;
өтемақы төлемдері;
жұмыс берушiлердiң жарналары;
әлеуметтік салық;
көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шығындары;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру шығындары;
өзге де қорларды сатып алу;
қосымша ақшалай төлемдер бойынша үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде жүзеге асырылады.
13-1. Ведомстволарын, сондай-ақ олардың аумақтық органдары мен бөлімшелерін, қарамағындағы мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, мемлекеттік орган қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босаған қаражат есебінен толық көлемде үстемеақы белгілеу жүзеге асырылады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонус төлеу "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) бекітілген "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
17. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонус төлеу "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7617 болып тіркелген) бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (бұдан әрі – үлгілік әдістеме) сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепті кезең ішінде лауазымдық айлықақы өзгерген жағдайда бонус есепті кезең ішінде қолданыста болған лауазымдық айлықақының ең үлкен мөлшері негізге алынып есептеледі.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын түзету нәтижесінде айқындалады.
Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бонусының мөлшерін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
БМ = ЛА × 2 × ҚБп × НЖУ, мұндағы:
БМ – бонус мөлшері;
ЛА – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы;
ҚБп – есепті кезеңде әдістемеге және (немесе) үлгілік әдістемеге сәйкес пайызбен айқындалатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау нәтижесі;
НЖУ – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты пайызбен.";
28-1 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін қорытынды бағалау (ҚБп) нәтижесі пайызбен мынадай формула бойынша айқындалады:
![]()
ҚБ – қорытынды (орташа қорытынды) баға.
29. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты мына формула бойынша айқындалады:
![]()
А – жұмыс уақыты;
В – күнтізбелік жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Жұмыс уақыты – жұмыс берушінің актілеріне сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбек міндеттерін орындайтын есепті кезеңдегі уақыт, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс берушінің актісімен жұмыс уақытына жатқызылған есепті кезеңдегі өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыс уақыты:
жыл сайынғы кезекті ақылы демалыста болған уақытты;
қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында болған кезеңді;
іссапарда болған кезеңді;
осы мемлекеттік мекемеде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау үстінде жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздік туындап, толық көлемде есепке алынатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген, бірақ есепті кезеңдегі күнтізбелік 20 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі еңбекке уақытша қабілетсіздік туындаған бірінші күннен бастап жүзеге асырылады);
жалақысы сақталмайтын демалыста болған, бірақ есепті кезеңде күнтізбелік 5 күннен аспайтын уақытты (бұл ретте күнтізбелік күндерді есептеу есепті кезеңдегі жалақысы сақталмайтын демалыстың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады) қамтиды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақытын есептеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жүзеге асырады.".
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |