Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын кішірейту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 1029 қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 30 гектарға кішірейтілсін.

      2. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42

Жусандала мемлекеттік қорық аймағы

2756978,68

Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов