Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 1006 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы 25 қарашадағы
№ 1006 қаулысымен
бекітілген

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері

Төлеушілер

Төлемақы мөлшерлемелері, % *

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары

1,3992

Ұялы байланыс операторлары

1,3992

      * Ескертпе: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 650-бабына сәйкес жылдық төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.