"Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 766 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
О. Бектенов