"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 365 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақтың 126-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "126-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына кіре алатын жағдайларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов