"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына толықтырулар енгізу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына ш

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 850 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 126-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "126-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру шарттарын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 268-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "268-1) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін айқындау;".

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 469 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов