"Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 691 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.09.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1080 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімге кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, бұл ретте осы қаулының 2 және 4-тармақтары 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов