"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 381 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) форс-мажор – инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күш мән-жайлары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.с.с.);";

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірісін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешені;

      8) инвестициялық басым жоба – ол:

      егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша;

      егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық жоба.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:

      салықтар бойынша преференциялар:

      тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша:

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 10 (он) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;

      инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 10 (он) жылдан кешіктірмей аяқталатын жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бірінші актив негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-і күнінен бастап және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бірінші актив негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 8 (сегіз) жылдан кешіктірмей аяқталатын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептеу;

      жұмыс істеп тұрған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 3 (үш) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезең-кезеңімен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:

      инвестициялық жоба шеңберінде өнім шығаратын тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, өнім шығаратын тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 3 (үш) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни төтенше және осы жағдайлар кезiнде тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.с.с.) жатады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

      "1-бөлім. Инвестициялық жобаларды, (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:

      мына:

      "

91*******

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

91.0

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

91.02

Музейлердің қызметі

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

91*******

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

91.0

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

91.01

Кітапханалардың және архивтердің қызметі

91.02

Музейлердің қызметі

      ";

      "2-бөлім. Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:

      мына:

      "

55**

Тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер

55.1

Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну

55.10

Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

55********

Уақытша тұру бойынша қызметтер ұсыну

55.1

Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер ұсынуы

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер ұсынуы

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      * 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;

      ** ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан, 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген;

      *** республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол бойындағы белдеуінде орналасқан, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген;

      **** темір кені концентраты және (немесе) шекемтастар өндірісіне ғана қатысты;

      ***** тас көмірді байытуға ғана қатысты;

      ****** студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;

      ******* мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;

      ******** ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан, 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан тыс жерлердегі жобаларды іске асыруға қатысты.".

      2. 1-тармақтың жиырма тоғызыншы абзацы 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгiленсiн.

      3. Осы қаулы 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші, он сегізінші, жиырмасыншы және қырық төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов