Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы № 932 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмекті тауар нысанында көрсетуі үшін ұсынылған тауарлардың құнын, оларды тасымалдау бойынша көлік ұйымдарының шығыстарын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуге және жеткізуге, азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде төтенше резервтен жүзеге асырылады.";

      2) "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 743 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Гуманитарлық көмек ақша немесе тауар нысанында және (немесе) қызметтер түрінде көрсетіледі.

      Тауар нысанындағы гуманитарлық көмекке ауыр дене жарақатын келтіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін қару-жарақ пен әскери техника кірмейді.

      Қазақстан Республикасына көрсетілген гуманитарлық көмекті өткізуге (сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға) жол берілмейді.

      Қызметтер көрсету түріндегі гуманитарлық көмек азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберу арқылы жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасы Президентінің гуманитарлық көмек көрсету туралы өтінішін не тапсырмасын қарастырған кезде Комиссия Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды қоса алғанда, осындай көмек көрсетудің қаржылық мүмкіндіктерін, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету үшін азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың персоналын, құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберу мүмкіндігін ескереді.";

      13-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган:

      дипломатиялық арналар арқылы гуманитарлық көмекті алушының билік органдарына, ал қажет болған жағдайда – үшінші мемлекеттердің билік органдарына гуманитарлық көмекті алушыға жеткізу және беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      қажет болған жағдайда персоналдың тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті беруге қатысуын қамтамасыз етеді;

      төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін құрылатын ұлттық және халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

      азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдарға құтқарушы және медициналық құралымдарды жіберу мен қайтаруға жәрдем көрсетеді;

      2) көлік саласындағы уәкілетті орган әуе көлігімен жеткізуді қоспағанда, гуманитарлық көмекті алушыға дейін тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Тауар нысандағы гуманитарлық көмек әуе көлігімен жеткізілген жағдайда гуманитарлық көмекті алушыға дейін жеткізуді тиісті орталық мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Әуе көлігімен тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті жеткізуді және (немесе) азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуді және қайтаруды үйлестіруді көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек көрсету үшін құтқарушы құралымдарды қалыптастырады;

      7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек көрсету үшін медициналық құралымдарды қалыптастырады.";

      14-тармақтың 3) тармақшасындағы "сатып алған жағдайларда ақша қаражаты бөлінеді." деген сөздер "сатып алған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдары жіберілген жағдайларда ақша қаражаты бөлінеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті тасымалдау бойынша көлік ұйымдары шығыстарының, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуге және жеткізуге, азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуге байланысты шығыстардың құнын өтеу Резервтерді пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов