Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 664 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Мынадай:

      1) пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және оған қоса берілетін арнайы ережелер (авиакомпаниялар үшін) болса;

      2) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін арнайы ережелер (авиациялық жұмыстар орындауды жоспарлап отырған пайдаланушылар үшін) болса;

      3) ұшуды орындау құқығына арналған қолданыстағы куәлік және оған қоса берілетін арнайы ережелер (сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы 5700 килограмнан асатын ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін) болса, сондай-ақ сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан аз ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан, тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар үшін қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты болса;

      4) қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін), ал қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ әуе кемелері үшін – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның арнайы ұшуды орындауға берген рұқсаты болса;

      5) ұсынылған ұшу жоспары осы Қағидада белгіленген нысанға және мазмұнға сәйкес келсе (әуе кемелерінің барлық пайдаланушылары үшін);

      6) пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінде және (немесе) ұшуларды орындауға құқық беретін куәлікте белгіленген ұшу өңірлерін шектеу сақталса;

      7) әуе кемесінің сынақтық ұшуды немесе айналып ұшуды орындауға әзірлігі туралы жөндеу немесе құрастыру кәсіпорнының бірінші басшысының қолы қойылған анықтамасы болса;

      8) аэронавигациялық қызмет көрсетушімен жасалған шарттарға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кезекшілікке тартылған (мәлімделген) әуе кемелері үшін – осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшу жоспарында HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04, сәйкес келетін ұшу мақсаттарының атауы мен литерлері "ОК" литеріне және "ПК" литері көрсетілсе, ӘҚЖ БО әуе кемесін қазақстандық пайдаланушыдан алсын ұшу жоспарын әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізеді.

      Берілген пайдаланушы сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктердің, ұшуды орындау құқығына арналған куәліктердің, ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелері олар берілгеннен кейін дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Үйлестіру орталығы (не Үйлестіру орталығымен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның ҚҮО) мынадай функцияларды орындайды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды және бұл туралы азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды хабардар етеді;

      2) авариялық жағдай кезінде және әзірліктер тексеру кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні көтеруге команда береді;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру мен құтқарудың бастапқы жоспарын әзірлейді;

      4) ӘК-нің мемлекеттік тиістілігіне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған (апатқа ұшырау жағдайындағы) ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіреді;

      5) азаматтық авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар тағайындаған байланыс, іздестіру және құтқару пункттері арқылы халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінен (бұдан әрі – КОСПАС-САРСАТ) алынған апат сигналдары туралы ақпаратты қабылдайды және оны іздестіру және құтқару аудандарындағы кезекші іздестіру-құтқару күштерінің назарына жеткізеді;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары барысында апатқа ұшыраған ӘК экипаждарын іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының (бұдан әрі – Әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) 100-тармағына сәйкес іздестіру-құтқару ӘК-нің тиісті іздестіру және құтқару ауданындағы кезекшілік жоспарына сәйкес кезекшілігін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану жоспарына осындай әуе кемелерінің ұшу жоспарларын енгізуді бақылайды;

      8) азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды олардың сұрау салуы бойынша кезекші құралдар туралы хабардар етеді;

      9) шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарымен тұрақты негізде қажетті байланыс орнату және оны қолдау мақсатында ынтымақтастықты ұйымдастырады.";

      41-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-1. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:

      1) № 1 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК дереу ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, электрмен қоректендірудің жерүсті көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға дайын;

      ұшу құрамы, ҚПДТ (бар болса) әуе кемесінің ішінде, ал техникалық құрам – әуе кемесінің жанында;

      экипаждарға тапсырма берілді және қажет болғанда ұшу кезінде радио бойынша нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста болады;

      ЖІҚК тапсырмаларды орындау үшін дереу шығуға әзір тұрады;

      тікұшақтың ұшып шығуы және ЖІҚК шығуы 10 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 15 минуттан соң;

      2) № 2 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуға әзір, қозғалтқыштар сыналған, авариялық-құтқару мүлкі ӘК бортында және пайдалануға дайын;

      ұшу құрамы және техникалық құрам, ҚПДТ (бар болса) ӘК-ге жақын арнайы бөлінген жерде;

      экипаждарға ұшып шығуды ұйымдастыру және іздестіру тәсілі бойынша нұсқаулар берілді;

      іздестіру бойынша тапсырма ұшар алдында және қажет болғанда ұшу кезінде нақтыланады;

      ҚПДТ жеке құрамы бөлімше басшысы белгілейтін жерде болады, ҚПДТ мүлкі мен керек-жарақтары салынды және тапсырмаларды орындауға шығуға дайындалған көлік құралына тиелген, көлік құралдарының орналасқан орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген;

      тікұшақтың ұшуы және ҚПДТ шығуы команда берілгеннен кейін 20 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы команда берілгеннен кейін 30 минуттан кешіктірілмейді;

      3) № 3 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және тағы басқа іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға дайын және белгіленген жерлерде (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) тұрады;

      ұшу құрамы, техникалық құрам, ҚПДТ және ЖІҚК жеке құрамы сабақта, жұмыста және демалыста;

      мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің іздестіру-құтқару ӘК-нің № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.

      Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен ұшып шығу уақыты команда берілген соң жазда 1 сағаттан және қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.

      Ескертпелер:

      1. Мемлекеттік авиация экипаждары үшін:

      1) № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке өту уақыты – 10 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 10 минут);

      2) № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 20 минут (тынығу, жұмыстан тыс уақыт жағдайынан – 2 сағат 20 минут).

      3) № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 10 минут.

      2. Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен № 1 және 2 әзірлікке өту уақыты жазда 1 сағаттан, қыста 1 сағат 30 минуттан кешіктірілмейді.

      3. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының:

      № 1 әзірлікте болу уақыты 2 сағаттан аспайды;

      № 2 әзірлікте болу уақыты тәулік бойы (2 тәуліктен аспайды);

      кейіннен № 3 әзірлікке ауысып, кезекшілік атқарғанда ұшу кезінде ғана № 2 әзірлікте болу уақыты – 7 тәулік (мемлекеттік авиация экипаждары үшін);

      мемлекеттік авиация экипаждары мен азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірлікте (тұрақты орналау орындарынан тыс) болу уақыты 15 тәуліктен аспайды.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару ӘК-ні апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК жолаушылары мен экипаждарын іздестіру мен құтқару мақсаттарынан басқа, Әуе кеңістігін пайдалану қағидасына 4-қосымшада көзделген шартты белгіленуі HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04 мақсаттарына, "ОК" литері және "ПК" литері, сәйкес ұшуды орындау үшін пайдалануға жол беріледі бұл ретте жауапкершілік аудандарын іздестіру мен құтқарудың іргелес аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің қамтуы шарт.".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов