"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын ма

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 663 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде:

      көрсетілген Ережеге 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 663 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Президентінің "Алтын сапа"
сыйлығын алуға арналған
конкурсқа қатысушылардың
материалдарын ресімдеу, ұсыну
және алдын ала бағалау
қағидаларына
5-қосымша

Бағалаудың жиынтық кестесі ___________________________________________________________ (заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің атауы)

Өлшемшарттар және өлшемшарттардың құрамдас бөліктері

Балмен берілген ең жоғары баға

Өзін-өзі балмен бағалау

Балл түріндегі бағалар

Өңірдегі сараптамалық топ

Конкурсты ұйымдастырушының сараптамалық тобы

Кәсіпорынға барудың қортындылары бойынша

1

2

3

4

5

6

Мақсатты тұжырымдауды сипаттайтын өлшемшарттар (1.1-2.4)

200





1. Мақсат, пайым және стратегия

100





1.1 Мақсат пен пайымды айқындау

20





1.2 Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін айқындау және түсіну

20





1.3 Экожүйені, өзіндік мүмкіндіктерді және негізгі қиындықтарды түсіну

20





1.4 Стратегияны әзірлеу

20





1.5 Менеджмент және нәтижелілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу

20





2. Ұйымдастырушылық мәдениет және көшбасшылық

100





2.1 Мәдениетті басқару және ұйымның құндылықтарын құру

25





2.2 Өзгерістерді іске асыру үшін жағдайлар жасау

25





2.3 Шығармашылық пен инновацияларды енгізу

25





2.4 Адамдарды біріктіру және оларды мақсатқа, пайым мен стратегияға қол жеткізу процесіне тарту

25





Әрекеттерді сипаттайтын өлшемшарттар (3.1-5.5)

400





3. Мүдделі тараптарды тарту

100*





3.1 Тұтынушылар: орнықты өзара қарым-қатынас құру

___(10...40)





3.2 Адамдар: іріктеу, тарту, дамыту және сақтап қалу

___(10...40)





3.3 Бизнестегі және билік органдарындағы мүдделі тараптар: ұйымды сенімді және үнемі қолдау

___(10...40)





3.4 Қоғам: дамуға, әл-ауқатқа және өркендеуге жәрдемдесу

___(10...40)





3.5 Әріптестер мен өнім берушілер: өзара тиімді қарым-қатынас құру және орнықты құндылық қалыптастыру үшін оларды қолдауды қамтамасыз ету

___(10...40)





4. Орнықты құндылық қалыптастыру

200





4.1 Құндылықтарды әзірлеу және оларды қалыптастыру әдістері

50





4.2 Байланыс және құндылықтарды дәріптеу

50





4.3 Құндылықтарды қалыптастыру

50





4.4 Үздік практикаларды анықтау және ұйымда пайдалану

50





5. Нәтижелілікті және трансформацияны басқару:

100





5.1 Нәтижелілікті және тәуекелдерді басқару

20





5.2 Трансформация және болашақ ұйымын құру

20





5.3 Инновацияларды және тұйық цикл технологияларын басқару

20





5.4 Деректерді, ақпаратты және білімді басқару

20





5.5 Активтер мен ресурстарды басқару

20





Нәтижелерді сипаттайтын өлшемшарттар (6-7)

400





6. Мүдделі тараптарды қабылдау нәтижелері

200





7. Стратегиялық және операциялық нәтижелер

200





Барлығы:

1000





      Тұжырымдар:____________________________________________________

      Ұсыныстар:____________________________________________

      _______ жылғы "___" _____________

      Т.А.Ә. ____________________________________________________________

      (сараптамалық топ төрағасының қолы)

      * Бағалау басталғанға дейін құрамдас бөліктерінің маңыздылығын ұйым өзі анықтағаны жөн. Әрбір құрамдас бөліктерінің маңыздылығы 10-нан 40 балға дейін болуы мүмкін. Маңыздылығы 5 балға дейін дөңгелектеу арқылы белгіленеді. Өлшемшарт бойынша құрамдас бөліктерінің жалпы жиынтығы 100 балл болуға тиіс.