"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет салаларында, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, ғарыш қызметі саласында, дербес деректер мен оларды қорғау саласында, байланыс саласында ұлттық ресурстарды бөлу мен пайдалануды қоса алғанда, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзыреті шегінде техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына және байланыс саласындағы стандарттау саласына қатысу және оны іске асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласын, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласындағы елішілік құндылықты дамыту, байланыс қызметтері нарығының тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;";

      15-тармақта:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "61-1) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "63-1) қосарлы мақсаттағы тіреуіштерге телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 95-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "95-1) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "98-1) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 150-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "105-1) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау;";

      191-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191-1) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;";

      мынадай мазмұндағы 196-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "196-1) бірыңғай байланыс орталығын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 203-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "203-1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу мөлшерін айқындау;";

      245) тармақша алып тасталсын;

      245-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "245-2) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      262-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 265-1), 265-2), 265-3), 265-4), 265-5), 265-6), 265-7), 265-8), 265-9), 265-10), 265-11), 265-12), 265-13) және 265-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "265-1) цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      265-2) цифрлық активтер саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      265-3) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру;

      265-4) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту;

      265-5) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;

      265-6) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту;

      265-7) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеуді жүргізу;

      265-8) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін бекіту;

      265-9) цифрлық активтер саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      265-10) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      265-11) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімін жүргізу;

      265-12) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және оның тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

      265-13) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын бекіту;

      265-14) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;";

      266) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 269-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "269-1) дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын электрондық ақпараттық ресурстардағы дербес деректерді сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      300) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "300) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 300-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "300-1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      361) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "361) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіру;";

      368) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "368) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асыру;";

      373) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "373) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 373-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "373-1) дербес деректерді қорғау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      379) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "379) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов