"Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 155 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Uranium One Netherlands B.V. компаниясына "Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қытысу үлесінің 50 %-ын "УраниумУанГруп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      2. Uranium One Utrecht B.V. компаниясына "Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қатысу үлесінің 30 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      3. Uranium One Rotterdam B.V. компаниясына "Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігіндегі қытысу үлесінің 70 %-ын "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      4. "Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген немесе олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

74.

"Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесінің 50 %

      ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30.

"Хорасан-U (Хорасан-У)" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесінің 50 %

      ".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов