Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1111 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.08.2023 № 726 қаулысымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.08.2023 № 726 қаулысымен.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.08.2023 № 726 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1111 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы";

      реттік нөмірі 21-116-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-207-жолмен толықтырылсын:

      "21-207. "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.";

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 56-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-8-жолмен толықтырылсын:

      "389-8. "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлімде реттік нөмірі 394-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне" деген бөлімде реттік нөмірі 399-жол алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.