Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 1071 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым (бұдан әрі – Қор тобы) іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу тәртібін белгілейді.
2. Қор тобына кіретін компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың қарауына жібереді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын, Қор немесе Қор тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды және бекітеді. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.