Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2022 № 1071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидалары "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым (бұдан әрі – Қор тобы) іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу тәртібін белгілейді.
2. Қор тобына кіретін компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың қарауына жібереді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бастама жасайтын, Қор немесе Қор тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу туралы шешімді Қордың директорлар кеңесі қабылдайды және бекітеді. Мұндай жобаларды қаржыландыру туралы шешімді де Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.