Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
28-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28-1) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау және талдау жүргізу;";
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"108) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу;";
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"115) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекiту;";
122) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"122) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 127-1), 127-2), 127-3), 127-4) 127-5), 127-6), 127-7) және 127-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"127-1) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
127-2) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
127-3) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу;
127-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізу;
127-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
127-6) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
127-7) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу;
127-8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізу;";
мынадай мазмұндағы 764-1) тармақшамен толықтырылсын:
"764-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |