"Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 983 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

      2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын кезеңге арналған сыртқы қарыздарының көлемі туралы ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жібереді.

      Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыз алу көлемі туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығарылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметімен келісілген квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын қаржы жылына арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекітеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов