"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 825 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңiл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi; салалық бағытына сәйкес химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар саласында; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтарында; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру салаларында; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңiл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; салалық бағытына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару салаларында; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов