"2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 796 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Демалыс күндері:

      2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;

      2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге;

      2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов