2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 713 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Демалыс күндері:

      2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;

      2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге;

      2022 жылғы 22 қазан сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.10.2022 № 796 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин