"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 749 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия және картография, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректер және оларды қорғау, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) деректерді басқару бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      10-2) деректерді басқару мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;

      10-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-1) мемлекеттік органдар үшін жүйелі лицензиялық бағдарламалық қамтылымды сатып алуды жүзеге асыру;";

      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 87-1) және 111-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "87-1) Ұлттық пошта операторы ауылдық елді мекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу қағидаларын бекіту;";

      "111-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректер беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;";

      130), 135) және 144) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "130) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "135) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту;";

      "144) "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларын бекіту";

      145), 148), 153) және 157) тармақшалар алып тасталсын;

      159) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "159) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;";

      161) тармақша алып тасталсын;

      170), 171), 175) және 176) тармақшалар алып тасталсын;

      180) және 184) тармақшалар алып тасталсын;

      196) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "196) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;";

      197), 200) және 201) тармақшалар алып тасталсын;

      203) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "203) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 205-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "205-1) өтініш берушіні біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру және рұқсат беру не уәжді бас тарту рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "208) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының мәліметтері мен көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;";

      210) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 245-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "245-1) деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      262) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "262) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 262-1) және 262-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "262-1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша "ақылды" қалалар салу жөніндегі әдiстемені (Қазақстан Республикасының "ақылды" қалалары эталондық стандартын) бекiту;

      262-2) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асыру;";

      273) тармақша алып тасталсын;

      304) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "304) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      339) тармақша алып тасталсын;

      361) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "361) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіру;";

      366) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы оның 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он жетінші, он сегізінші, жиырмасыншы, жиырма екінші және отыз екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов