"Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 725 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 903 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2023 № 903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген индустрияландыру картасында, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің 2022 жылғы 7 шілдені қоса алғанға дейінгі қаулыларымен бекітілген өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарында көзделген, іске асырылып жатқан жобалар осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов