"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облыстық және қалалық мәслихаттары мақұлдаған Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 наурыздағы № 168 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2022 жылғы 22 қыркүйектегі | |
№ 722 қаулысымен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) 1-тарау. Жалпы ережелер
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.
Бас жоспар "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, қала құрылысын жобалау саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Бас жоспардың мақсаты
Бас жоспар қала аумағының қала құрылысын дамыту стратегиясын, аумақты оңтайлы жоспарлау құрылымы және функционалдық аймақтарға бөлу бағыттарын, қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, қоғамдық қызмет көрсету жүйесін, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытын, жобаланатын аумақта инвестициялық процесті ұзақ мерзімді жоспарлауды, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік жабдықтау жүйесін дамытуды, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындауды және абаттандыруды, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды айқындайды.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:
бастапқы жыл – 2019 жыл;
бірінші кезек – 2025 жыл;
есепті мерзім – 2035 жыл.
Бас жоспарды "Градкомплекс" ЖШС өзі жасаған 1:10000 масштабтағы топографиялық түсірілім материалдары негізінде әзірледі.
Петропавл қаласы аумағының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – экологиялық және қала құрылысы міндеттерін кешенді шешу, қалыптасқан көлік байланысын және табиғи-ландшафтық айналаны ескеріп, қаланың жоспарлау құрылымын сақтап және жетілдіріп, қазіргі жағдайды талдау негізінде заманауи қаланы дамыту.
Бас жоспарда өз шешімін тапқан негізгі міндеттер:
1) алдыңғы Бас жоспар идеяларының сабақтастығын сақтау;
2) күрделі құрылысты барынша сақтап, қаланың қазіргі сәулет-жоспарлау құрылымын жетілдіру;
3) есепті мерзімнен тыс қаланы одан әрі перспективалық дамыту үшін аумақты резервте қалдыру;
4) қала халқының тыныс-тіршілігі мен мекендеу ортасын жақсарту;
5) бір уақытта тұрғын орта элементтерін қалыптастырып, бос аумақта жаңа тұрғын үй құрылысын орналастыру;
6) халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің барлық түрін дамытып, қоғамдық орталықтардың қалалық жүйесін дамытуды жалғастыру;
7) рекреациялық аймақты, парктерді, желекжолдарды, саябақтарды көгалдандырудың бірыңғай жүйесін жасау, санитариялық-қорғау мақсатында көгалдандыру;
8) жаңа қалалық магистральдар, көпірлер, жолөткелдер салу және барлық көлік түрінің материалдық-техникалық базасын дамыту негізінде қаланың бірыңғай көлік желісін дамыту және жетілдіру;
9) қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, жетілдіру және жаңғырту;
10) қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
11) тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін күзету;
12) табиғи ресурсты, жер қойнауын және жануарлар дүниесін ұтымды пайдалану.
3-тарау. Қала туралы мәліметтер
Петропавл – Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы, Ресеймен шекарадан оңтүстікке қарай 40 км және Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстікке қарай 428 км жерде орналасқан.
Қала жерінің шекарасындағы аумақ ауданы 22 491 га құрайды. Қаланың құрылыс салынған бөлігі (негізінен оң жағалау) 7 173 га құрайды. Қалған аумақ – орман, егістік, батпақ және бос жер.
Ірі көлік торабы ретінде қалада Қазақстан Республикасының облыстарымен және Ресеймен жақсы дамыған көлік байланысы бар.
2019 жылғы 1 қаңтарда Петропавл қаласының халық саны статистикалық есеп деректері бойынша 219 000 адамды немесе Солтүстік Қазақстан облысы халқының 39,5 %-ын құрады.
4-тарау. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық жағдай
Климаты – температурасы едәуір құбылмалы (қыс-жаз), күрт континенталды. Көктемде ашық және құрғақ ауа райы басым, күн шуақты күндер көп. Жаз өте ыстық, ашық, көп жағдайда құрғақ ауа райы басым. Күзде ауа райы маусымның басында ашық, қазан-қараша айларында бұлтты болады. Қысы ұзақ (5 айдан астам), орташа биіктігі 40-50 см дейін тұрақты қар жатады, ашық ауа райы басым, жекелеген жылдары боран сирек болады. Қалада көктемгі және күзгі көктайғақ жиі кездеседі.
Климаттық аудандарға бөлінуі бойынша Петропавл I-В кіші ауданына жатады. I климаттық ауданға қаңтардың орташа айлық температурасы -14°С-ден төмен, жарық жылы қысқа, жылыту маусымы ұзақ, неғұрлым суық бескүндік және тәуліктік температурасы төмен.
Қала аумағы жазық аккумулятивті жазық болып келеді. Литологиялық құрылымға неоген және төрттік жастағы шөгінді кіреді, олар саз, саздақ, құмдақ, ұсақ және ұсақ түйірлі құмнан тұрады, құрамында сирек кездесетін ірі құм мен қиыршық тас бар. Төрттік жастағы түзілім қабатының қуаты – 2,1-3,9 м, неоген саз – 8,9-9,10 м. Жерасты суы әртүрлі тереңдікте ашылады: 0,0-1,0 м – 3-4 м дейін.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі ретінде Есіл өзенінің жерүсті суы пайдаланылады.
5-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму 1-параграф. Демография
Перспективада демографиялық процестің серпіні дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ қоғам өміріндегі дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен қайта құру барысында қалыптасатын жаңа қоғамдық даму факторларының бүкіл жиынтығының өзара аралас болуымен айқындалатын болады.
Петропавл қаласының демографиялық даму сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен айқындалады, олардың ауқымы мен бағыты әлеуметтік-экономикалық қайта құру нәтижесіне байланысты:
1) қаланың экономикалық әлеуетін дамыту;
2) жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі;
3) мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқа да факторлар.
Халықтың перспективалы санын болжау нұсқалары бала тууды кезең-кезеңімен арттыру, халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және көші-қон өсімін ескеріп есептелген.
Қала бойынша қазіргі халық саны (2019 жылғы 01.01.) – 219,0 мың адам.
Халық санының болжамы (2035 жылға дейінгі есепті мерзімде) экономикалық-математикалық әдістерді пайдаланып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының әдістемесі бойынша халықтың табиғи және көші-қон қозғалысында болып жатқан объективті өзгерістерді ескеріп орындалды. Есептеу жасты жылжыту әдістері, статистикалық экстраполяция және еңбек теңгерімі негізінде жүргізілді. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының орталығы ретінде қаланың басым функцияларын дамыту бағытында өңір экономикасын дамытудың қалыптасқан үрдісі, ресурстық әлеует, қала құраушы және қызмет көрсетуші салаларды қалыптастыру ескерілді.
Болжамның ең ықтимал нұсқалары бойынша халық саны мынадай:
дамудың бірінші кезектегі кезеңінде, 2025 жылы – 230,0 мың адам;
есепті мерзімде, 2035 жылы – 270,0 мың адам.
Халықты жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткіштері Бас жоспардың есепті мерзімінде қала экономикасы салаларында жұмыспен қамтылғандар санын 2019 жылы 104,4 мың адамнан 134 мың адамға дейін арттыруды көздейді.
Бас жоспардың есепті мерзімінде жұмыспен қамтылғандар санын бастапқы жылмен салыстырғанда 1,3 есеге арттыру ұсынылады.
Жалпы өнеркәсіп секторында жұмыспен қамтылғандар санының өсуі бірінші кезекте және есепті мерзімде өңдеуші өнеркәсіп пен энергетика кәсіпорындарын дамытумен, сондай-ақ Петропавл қаласында орналастырылатын жаңа кәсіпорындарды пайдалануға берумен қамтамасыз етілетін болады.
Қаланың әлеуметтік және қала құрылысын дамытудың негізгі мақсаты – әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен қаралып отырған аумақта халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейін жасау.
2-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс
Жаңа тұрғын үй құрылысының көлемін есептеу кезінде қазіргі жағдай мен Бас жоспардың есепті мерзіміне қарай қаланың барлық тұрғын үй қорын 8100,0 мың ш.м. дейін ұлғайтып, еуропалық деңгейге (30 ш.м/адам) жақындаған қолайлы тұрғын үй жағдайына қол жеткізу үшін тұрғын үйді іске қосуды жыл сайын біртіндеп арттыру үрдісіне сақтау қажеттілігі ескерілді.
Жобалау кезеңінде Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын ескеріп, жалпы алаңы 3823,2 мың ш.м. салу көзделіп отыр. Тұрғын үй саясатында көп қабатты құрылыс басым дамитын болады.
Құрылыс бос, сонымен қатар реконструкцияланатын аумақта жүзеге асырылатын болады.
Қолданыстағы аз қабатты тұрғын үй қорының азаюы 367,8 мың ш.м немесе қолданыстағы тұрғын үй қорының 7,9 %-ы және жаңа тұрғын үй қоры көлемінің 9,6 %-ы мөлшерінде көзделеді.
Петропавл қаласын реконструкциялау мен дамытудың басым бағдарламасы халықтың барлық әлеуметтік тобы үшін тұрғын үйлердің әртүрлі типімен тұрғын аудандар құрылысын кешенді салу болып табылады, бұл құрылысқа жұмсалатын шығынды азайтуға ықпал етеді және қаланың қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Қаланың әлеуметтік саласын дамытудың негізгі басымдығы оны Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы және өңірдің туризм, демалыс және спорттық рекреация индустриясының орталығы мәртебесіне сай дамыту болып табылады.
Қызмет көрсететін объектілердің толық кешені, саябақ және спорт аймақтары бар жоспарлау аудандарының қоғамдық орталықтарын дамыту, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған саябақтарды, скверлерді және сауда аймақтарын реконструкциялау мен абаттандыру жоспарлануда.
3-параграф. Экономикалық қызмет
Петропавлдың экономикалық қызметінің негізін өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу құрайды. Олардың үлесіне өнеркәсіп өнімі ауқымының және экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың едәуір бөлігі тиесілі.
Экономикалық даму гипотезасы ресурстық әлеует, өңдеуші өнеркәсіптің дәстүрлі салаларының тарихи қалыптасқан дамуы (машиналар, көлік құралдары мен жабдық, тамақ өнімі мен электр энергиясы, газ және су өндірісі) негізінде әзірленді.
Қаланың өнеркәсіптік кешенін дамытудың басты мақсаты ішкі және сыртқы нарықтардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің өсу тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының одан әрі тиімді үйлесуі мен өзара іс-қимылы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жоспарланып отыр.
Материалдық өндіріс салаларын жаңғыртуды және қайта құрылымдауды жүзеге асыруда экологиялық таза және жоғары технологиялық салаларға ден қою ұсынылады.
Перспективада Петропавл қаласы ауыл шаруашылығы, машина жасау өнімдерінің, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының халықаралық көрмелерін өткізу үшін шағын бизнес орталықтарының, бизнес-инкубатордың, технологиялық парктер желісі қалыптастырылған, жоғары дамыған қонақүй, мейрамхана және көрме кешендері бар халықаралық сауда орталығы ретінде қаралады.
Петропавл қаласын дамытудың мақсаты сенімді инженерлік-көліктік инфрақұрылымы бар тұрақты және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады, барлық әлеуметтік мәселелердің шешілуі осыған байланысты.
Петропавл қаласында "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) құрылды.
"Qyzyljar" АЭА мынадай мақсатпен құрылды:
1) Петропавл қаласын жедел дамыту;
2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндіріс құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін тұтас өңірді жедел дамыту.
"Qyzyljar" АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) тамақ өнімін жасау және қайта өңдеу;
2) құрылыс материалдары мен жиһаз өндірісі;
3) электроника және электр жабдығы өнімін шығару;
4) машина жасау өнімін шығару.
Петропавлдың өнеркәсіптік әлеуетінің артуы перспективада өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өнімнің ұлғаюына негізделетін болады. Қаралып отырған кезеңде машина жасау, химия, құрылыс материалдары өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі салалары осындай болып табылады.
Оларда өнім шығару шикізат өндірісі көлемінің өсуі, тұтынушылық сұраныстың артуы, шығарылатын өнім сапасы мен түржинағының жақсаруы есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Қаралып отырған кезеңде қаланың өнеркәсіптік кешенінің маңызы Қазақстан Республикасының аумақтық даму стратегиясында Петропавл Солтүстік макроөңірдің тірек қалаларының бірі, мұнда кластерлерді қалыптастырудың және кәсіпкерлікті дамытудың катализаторы, шағын бизнес орталықтарының, бизнес-инкубатордың, ауыл шаруашылығы, машина жасау өнімінің халықаралық көрмелерін өткізуге арналған жоғары дамыған қонақүй, мейрамхана және көрме кешендері бар технологиялық парктердің, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының қалыптасқан желісі бар халықаралық сауда орталығы ретінде айқындалатын болады.
Қаланың шекара маңындағы ауданда орналасуы жобаларды инвестициялау, бірлескен өндіріс құру, инновацияны және ынтымақтастықтың басқа да нысандарын дамыту желісі бойынша шектес тараптың кәсіпорындарымен интеграцияны дамытуға негіз болады.
Қала халқының өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі туындайды.
6-тарау. Қала құрылысын дамыту
2035 жылға қарай халықтың болжамды саны 270,0 мың адам болған кезде жаңа аумаққа қажеттілік жалпы шамамен 2 мың га құрайды.
Қаланың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы қала құрылысының негізін қалаушы қағидат нақты функционалдық аймаққа бөлу болып табылады. Бас жоспарда алдыңғы, атап айтқанда, 2004 жылы әзірленген соңғы бас жоспарлармен салынған қала аумағын функционалдық аймақтарға бөлудің қалыптасқан жүйесі негізге алынады.
Осы қағидаттарға сәйкес қала осы Бас жоспарда өз дамуын жалғастырған үш негізгі функционалдық аймақтан тұрады.
Негізінен Есіл өзенінің оң жағалауында қалыптасқан қоныстану аймағы Бас жоспардың шешімдеріне сәйкес солтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттағы бос аумақта дамиды.
Жергілікті жердің жел режиміне сәйкес шығыс бөлігінде қоныстану аймағына қатысты жел жағынан қалыптасқан өнеркәсіптік аймақ өз шекарасында дамытылуға тиіс.
Рекреациялық аймақты қысқа мерзімді демалыс аймақтары ұйымдастырылып абаттандырылуға тиіс Есіл өзенінің жағалау белдеуі, Пестрое көлінің жағалау аумағы, сондай-ақ қаланың тау етегі мен орталық бөлігінің бедері орналасқан қалалық табиғи ландшафт-лог элементтері құрайды.
Өзара ыңғайлы орналасуы қаланың тыныс-тіршілігі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын негізгі функционалдық аймақтарды (қоныстану және өнеркәсіптік) одан әрі дамыту мынадай бағыттарда жүргізілетін болады:
қоныстану аймағы – қаланың орталық бөлігіне қатысты солтүстік және оңтүстік-шығыс бағыттарының экологиялық және геологиялық тұрғыдан қолайлы аумақта;
өнеркәсіптік аймақ – қалыптасқан бағытты солтүстік-шығысқа қарай дамытады. Өнеркәсіптік аймақтың қоныстану аймағынан тыс мұндай дамуы кәсіпорындар қызметінің тұрғын үй құрылысына зиянды әсерінің күшеюіне жол бермейді.
Қалалық функционалдық аймақтарды анағұрлым ұтымды пайдалану және оларда тиісті қала құрылысы регламенттерін сақтау үшін бұрын салынған және құрылысқа бөлінген учаскелерді мемлекеттік орман қоры жерінен басқа санаттағы жерге ауыстыру қажет. Орман көмкермеген учаскелер оларды қала мүддесіне неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында мемлекеттік орман қоры жерінен шығарылуға тиіс.
Есепті мерзім шеңберінде (2035 жыл) қалалық аумақтарды дамыту қаланың қазіргі шекарасында жүзеге асырылатын болады.
Перспективалық жоспарлау құрылымы қолданыстағы бас жоспардың негізгі идеяларын сақтайды, қаланы кеңістікте және уақтылы дамытудың белгілі бір кезеңі ретінде қарастырады, сондықтан осы Бас жоспардың негізгі міндеттерінің бірі есепті мерзім шегінде қаланы дамыту кезеңі ретінде атап көрсетіп, перспективаға арналған қаланы дамыту моделін әзірлеу болып табылады.
Қала шекарасында бос жердің болуына қарамастан, перспективалы дамуға жарамды қолайлы аумақты таңдау өте қиын. Оңтүстік бағытта қаланың дамуы Оңтүстік шағын ауданының құрылысымен тоқтайды. Бұл бағытты одан әрі игеру оңтүстікке қарай орналасқан ауданы ауқымды орман алқабы мен әуежайдың шектеу аймағына байланысты мүмкін емес. Шығыста орналасқан өнеркәсіптік аймақтар осы бағытта қаланың дамуын шектейді.
Бүгінгі күні әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асырылғаннан кейін қаланы одан әрі дамыту үшін аумақ іс жүзінде болмайды.
Қоныстану аймағында бос жердің тапшылығына байланысты бүгінде тұрғын үй құрылысын өнеркәсіптік аймақ құрамына біртіндеп енгізу процесі байқалады. "Береке-1" және "Береке-2" жаңа шағын аудандарының қалыптасуы қоныстану аймағында емес, құрылыс үшін қолайлы болмаса да өнеркәсіптік аймақта орын алып отыр.
Осыған байланысты бүгінгі күні дамытудың басым бағыттарының бірі қала шекарасындағы бос аумақтарды барынша игеру және құндылығы төмен тұрғын үй қоры орамдарын реконструкциялау болып табылады.
Қаланың орталық бөлігінің құрылысын дәйекті жаңарту саясаты қажет. Мұнда қалалық функциялардың ең көп интеграциясы жүзеге асырылады, бұл ескі құрылысты түбегейлі жаңартуды, оның жаңа функцияларға бейімделуін талап ететіні сөзсіз.
Қала орталығына іргелес аудандарды реконструкциялаудың негізгі міндеттері қалыптасқан жоспарлау құрылымын кеңейту, қала құрылысын тығыздау, ондағы тозған аумақты, ең алдымен, өнеркәсіптік аймақты конверсиялау болып табылады.
Реконструкциялау қажеттілігін тудыратын мынадай негізгі себептерді атап өткен жөн:
1) қалыптасқан жоспарлау құрылымының өсіп келе жатқан талаптарға, жаңа функцияларға және қалалық ортаға түсетін экологиялық жүктемеге сәйкес келмеуі;
2) қала аумағын пайдалану тиімділігінің жеткіліксіз болуы;
3) құрылыстың моральдық және физикалық тұрғыдан тозуы;
4) қалалық ортаның жекелеген элементтерінің қолданыс мерзімінің әртүрлі болуы;
5) даму процесінде қала ортасының құнды тарихи сәулет қасиеттерін жоғалтуы.
Осыған байланысты қаланың орталық бөлігіндегі аз қабатты, құны төмен құрылыс жайлы тұрғын орта құрылған, эстетикалық деңгейі арттырылған жағдайда көп қабатты (5-24 қабатты) тұрғынжай кешендерімен қарқынды түрде ауыстырылуға тиіс.
Орталықтың тұрғын үй орамдарының беделін қалпына келтіру, дәйекті жаңарту – шағын кәсіпорындардың, қоймалардың, гараждардың және т.б. болуы салдарынан ортаның тозуына қарсы күрестің бірден-бір пәрменді құралы.
Қала аумағын кезең-кезеңімен игеру үшін жобалаудың кейінгі кезеңдерінде Бас жоспарда тиісті қала құрылысының бірлігі – жоспарлау аудандары бөлінген, олардың әрқайсысы тұрғын үй құрылысының белгілі бір көлемін және осы көлемге сай келетін халыққа қызмет көрсету объектілерінің құрылысын қамтуға тиіс. Осы Бас жоспарда қала аумағы 5 жоспарлау ауданына бөлінген: Орталық, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Оңтүстік, алып жатқан ауданы бойынша шамамен тең.
Қаланың сәулет-кеңістік және көлік құрылымдарының негізін халықаралық және республикалық маңызы бар Қорған – Петропавл – Омбы және Петропавл – Көкшетау – Нұр-Сұлтан автожол учаскелері айналма автомагистраль арқылы қаланың оң жақ жағалау бөлігінде шеңбер түрінде аяқталады, сондай-ақ Петропавл – Қарағанды – Шу теміржол желісі құрайды.
Негізгі қалалық жоспарлау осьтері Есіл өзенінің арнасына параллель, меридиандық бағыттағы Жұмабаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл магистральды көшелері болады.
Ендік бағыттағы басты жоспарлау осьтері Есіл өзенінің арнасына перпендикуляр бағыттағы Сәтпаев көшесімен жалғасатын Интернационал, Сутюшев және Крепостная қалалық магистральдары ендік бағыттағы осьтермен қаланың көліктік-жоспарлау қаңқасын құрайды.
Бірінші кезектегі іс-шаралар ең алдымен шекарасында бүгінгі күні егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (бұдан әрі – ЕТЖЖ) әзірленген қала аумағына қатысты болады. Бұлар солтүстікте қаланың құрылыс салынған бөлігіне тікелей жанасатын аудандар – "Солнечный" шағын ауданы, шығыс бөлігінде – "Береке-2" және "Қопай" шағын аудандары, оңтүстік бөлігінде – "Оңтүстік" шағын ауданы болып табылады. Бұдан басқа әзірленген ЕТЖЖ-ға сәйкес қаланың құрылыс салынған бөлігінде негізінен орталық ауданда: "Жас Өркен" және "Зайсан" шағын аудандарында реконструкциялау іс-шаралары жүзеге асырылатын болады.
Екінші кезеңде (есепті мерзім) негізінен Орталық жоспарлау ауданында қалалық орталықпен шектесетін қалалық аудандарды және Оңтүстік жоспарлау ауданында магистральдық аумақты жекежайлық құрылысты көп пәтерлі құрылысқа ауыстыру арқылы дәйекті түрде қайта құру болжанады.
Қала құрылысының белсенді қайта құрылатын жері қаланың Орталық жоспарлау ауданы болады, онда түбегейлі қайта құру басталды, алайда онда осы күнге дейін жекежайлық құрылыс орамдары көп. Орталық аудан бойынша болжанып отырған іс-шаралар қатарына қазіргі құны төмен және жекежайлық құрылыстарды бұзып, жаңа тұрғын және қоғамдық ғимараттар салу, орамдарды тығыздау, ірілендіру, аз қабатты құрылыс аумағының бір бөлігіне көп қабатты үйлер салу, негізгі жоспарлау осьтері – Жамбыл, Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмабаев, Крепостная, Пушкин, Партизан және тағы басқа көшелерге жанасатын магистраль маңындағы аумақты реконструкциялау кіреді. Бұл инженерлік инфрақұрылымды неғұрлым тиімді пайдалануды да қамтамасыз етеді. Аталған іс-шаралар қала орталығында көп қабатты құрылыс кешендерін қалыптастыруға және аяқтауға бағытталған.
Бүгінгі күні "Жас Өркен" шағын ауданында бірінші кезекте жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер аяқталуға тиіс, ал реконструкциялау іс-шаралары аймағының шекарасы кеңейтіліп, ауданның шеткі орамдарын қамтуға тиіс.
Қала орталығына және табиғи ландшафт элементтеріне қатысты кеңістікте тиімді орын алатын, сондай-ақ қалалық тарихи өзегінің ажырамас бөлігі болып табылатын Орталық жоспарлау ауданының тау етегі бөлігінде Бас жоспарда тарих пен мәдениет, демалыс пен спорт объектілері шоғырланатын орын ретінде қолданылатын ерекше аймақты қалыптастыру ұсынылады. Бас жоспарда бұрын 1752 жылы негізі қаланған әскери бекініс орналасқан, қала тарихи бастау алған жерге және оның айналасындағы кеңістікке ерекше мән беріледі. Бас жоспарда Потанин, Калюжная, Тухачевский көшелері мен Есіл өзенінің жағалауында ашық аспан астындағы этнографиялық саябақ – музей жасау ұсынылады, онда сол кездегі қалалық өмір атмосферасы сипатталады. Жасыл желекжол арқылы тарихи нысандар – музей экспонаттары арасында ыңғайлы жаяу жүргіншілер байланысы ұйымдастырылады.
Кез келген сәулет-жоспарлау іс-шаралары қалыптасқан қалалық ортаға ұқыпты қарауды ескеріп жүзеге асырылуға тиіс.
Жақсы жабдықталған қоғамдық кеңістігі бар жаңа тау етегі келбетінің маңызды құрамдас бөлігі олардың дизайн коды болып табылады. Дизайн кодын жасау – қалалық кеңістікті жобалау мен дамытудың егжей-тегжейін реттейтін құжат – үлкен бағдарламаның бір бөлігі.
"Зайсан", "Қопай" және "Бензострой" аудандары орталық жоспарлау ауданының шекарасындағы үлкен өзгерістер болатын жер болмақ, онда әзірленген ЕТЖЖ-ға сәйкес жаңа шағын аудандарды қалыптастыру басталды. Теміржол вокзалы ауданындағы аз қабатты құрылыс көп пәтерлі құрылысқа ауыстырылуға тиіс. Сәулетті емес және құны төмен құрылыс орнына инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы қала құрылысының талаптарына сай келетін кешендер пайда болады.
Жоғарыда аталған іс-шаралар Орталық жоспарлау ауданында қалалық ортаны қалыптастыруды аяқтауға ықпал етеді.
Солтүстік жоспарлау ауданында әзірленген ЕТЖЖ-ға сәйкес негізінен жекежай түріндегі тұрғын үй салу жұмысы белсенді жүргізілуде.
Бұл жоспарлау ауданындағы жаңа құрылыс алаңдары "Шығыс", "Борки" және "Солнечный" шағын аудандары болып табылады.
Солтүстік жоспарлау ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде, "Шығыс" шағын ауданы аумағында ЕТЖЖ-ға сәйкес "Qyzyljar" АЭА құру бағдарламасы шеңберінде көп бейінді аурухана салынатын болады.
Есіл өзенінің жағалауында орналасқан осы ауданның батыс шеті мен "Мещандық орман" алабының аумағында орналасқан шығыс шеті бұнда рекреациялық аймақты ұйымдастыру үшін әлеуетке ие.
Теміржолдың оңтүстігінде орналасқан, Оңтүстік жоспарлау ауданы тұрғын үй құрылысы ауданы бойынша Орталықтан кейін екінші. Бұл ірі тұрғын үй құрылысының негізін жекежай типіндегі құрылыс құрайды. Ауданның бүгінгі күні едәуір аумақтық әлеуеті бар. Қала оңтүстік бағытта осы шекарада аумақтық дамиды.
2004 жылғы Бас жоспар бойынша "Оңтүстік" шағын ауданының бекітілген ЕТЖЖ-ға сәйкес қаралатын жоспарлау ауданы Жұмысшы кентінің оңтүстік-шығысына қарай дамуын жалғастырады.
Жұмысшы кенті аумағын кешенді бағалаудың барлық көрсеткішінің жиынтығы бойынша құрылысқа қолайлы, сондай-ақ оның қаланың орталық бөлігіне аумақтық жақын болуын ескеріп, Бас жоспарда осы ауданды перспективасы төмен, депрессиялық тұрғын ауданынан көп қабатты құрылыстың қазіргі заманғы тұрғын массивіне кезең-кезеңімен қайта құру ұсынылады. Қайта құру бұзғаннан кейін босатылған аумақты тиімділігі жоғары жобаларға беруді қамтиды.
Осы Бас жоспарда трассасы әуежайдан Жұмысшы кентіне дейін меридиандық бағытта өтетін автомобиль жолын салу арқылы қаланың осы бөлігінің әуежаймен тікелей байланысын қамтамасыз ету ұсынылады. Жұмысшы кенті аумағындағы осы жолдың жалғасы Союз көшесі болады, ол өз кезегінде теміржол вокзалымен байланысады. Осылайша қаланың қалыптасқан көлік-жоспарлау құрылымында қосымша ось: әуежай-вокзал-орталық пайда болады.
Караван көшесінің бойында, оның магистраль жанындағы аумағында қалаға оңтүстік бағыттан кіруді рәсімдейтін қазіргі заманғы құрылыс салуды қалыптастыру ұсынылады.
Батыс қалалық жоспарлау ауданы қолданыстағы Бас жоспарға (2004 жылы) қарағанда, қоныстану аймағының перспективалық даму ауданы ретінде қаралмайды. Мұндай шешім су басу аймағының аумағын инженерлік тұрғыдан дайындау, сол жағалауды нығайту жұмысы елеулі қаржылық шығын мен уақытты талап етуіне байланысты. Қосымша автожол құрылысы бар Кожзавод ауданында ғана құрылысқа арналған резервтік учаскені орналастыру көзделеді.
Сол жағалауда орналасқан Заречный және Кожзавод кенттерінің тұрғын аумағын абаттандыру, инженерлік қамтамасыз ету, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы қажетті объектілермен қамтамасыз ету қажет.
Шығыс жоспарлау ауданында негізінен өнеркәсіптік және коммуналдық қойма аймағын құрайтын кәсіпорындар шоғырланған, негізінен қоныстану аумағынан тыс және қала жерінің едәуір бөлігін алып жатыр.
Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық аумақты кеңістікте ұйымдастырудың негізгі қағидаты қала құрылысы мен технологиялық талаптарды ескеріп, қалыптасқан жоспарлау құрылымы жағдайында аумақты ұтымды пайдалану болып табылады.
Аумақты ұтымды пайдалану, өз кезегінде, қолданыстағы аумақтық резервті (жеке кәсіпорынмен қатар қаланың өндірістік аймағы), қолданыстағы көлік және инженерлік коммуникацияны барынша пайдаланып, қалыптасқан құрылымдағы жаңа кәсіпорындарды орналастырумен сипатталады.
"Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға" сәйкес Бас жоспарда қаланың қоныстану аумағына қатысты қолданыстағы өнеркәсіптік аймақты ұйымдастыру және жаңа өндірістік кәсіпорындарды орналастыру мәселесіне сараланған тәсіл ұсынылады.
Өнеркәсіпті орналастыру және өзара байланысты кәсіпорындарды топтастырып орналастыру арқылы өнеркәсіптік аудандарды қалыптастыру кезінде өндірістік қауіптің жалпы әсерін азайту үшін мынадай жоспарлау әдістері ұсынылады:
1) кәсіпорындары елеулі өндірістік зияны бар кәсіпорындар топтарын немесе тұтас өнеркәсіптік аудандарды бөлек орналастыру;
2) жүйелі көп қатарлы (панельдер түрінде) орналастыру, әдетте, оған жақындаған сайын кәсіпорынның өндірістік зиянын азайту қағидаты бойынша қоныстану аумағына параллель болады.
Орталық және Оңтүстік жоспарлау аудандарының өнеркәсіптік аймағы шағын және орта бизнесті дамыту полигонына айналуда. Көлік магистральдарымен және теміржол кірмежолымен, инженерлік желімен қамтамасыз етілуі, едәуір аумақтық резерв, сондай-ақ қоныстану құрылыстарына жақындығы ауданға шағын және орта бизнесті дамыту үшін тартымдылық береді.
Орталық жоспарлау ауданының аумағында орналасқан қауіптілігі 1-санатты кәсіпорын Петропавл диірмен комбинаты салынып жатқан "Жас-Өркен" шағын ауданының тұрғын үй құрылысына жақын болуы себебінен перспективада қайта бейімделуге және қайта жаңартылуға тиіс.
Қалалық өнеркәсіптік аймақты жаңартуға тағы бір тәжірибелік тәсіл: оларды тікелей мақсаты бойынша пайдалану. Қала ішіндегі өндіріс сақталып отыр, алайда олар түрленіп, жоғары технологиялы болуға тиіс. Бұл жағдайда іргелес тұрғын аудандардың тұрғындарын өнімділігі жоғары еңбекпен және жұмыспен қамту мәселесі шешіледі.
7-тарау. Көлік инфрақұрылымы
Қалалық көше-жол желісін (бұдан әрі – КЖЖ) және қалалық көлікті дамыту жөніндегі жобалық ұсыныстар қолданыстағы Бас жоспардағы шешімдерге негізделеді және мынадай тұжырымдамалық ережелерді сақтауға негізделеді:
1) қаланың қолданыстағы және жаңа аудандарының байланысын арттыру, оның ішінде көше-жол желісі бойынша көлік легін реттеуге және транзиттік жүк көлігін қоныстану аумағынан тыс шығаруға мүмкіндік беретін қайталанатын және айналма бағыттар желісін қалыптастыру;
2) КЖЖ-ның өткізу қабілетін және көлік қозғалысының жылдамдығын арттыруға, КЖЖ-ның жүктемелі учаскесіндегі кептелісті жоюға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға арналған негізгі магистральдық көшелер мен жолдар қиылысы мен жанасуын жасанды жол құрылыстарының қажетті санымен жарақтандыру.
Қаланың қолданыстағы және жобаланатын аудандарына, авто және теміржол вокзалдарына, туристік объектілерге барынша қол жеткізу үшін қоғамдық көлік желісін дамыту.
Көгалдандырылған жаяу жүргіншілер мен велосипед бағыттары жүйесін ұйымдастыру арқылы жайлы қалалық ортаны қалыптастыру. Көлік құралдарын тұрақты және уақытша сақтау мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселесінің қазіргі заманғы шешімі.
Әуе көлігі. Бас жоспарда халықаралық стандарттарға сай әуежайды оның өндірістік қуатын, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және ұшу қауіпсіздігін арттыру тұрғысынан дамыту көзделген.
Теміржол көлігі. Теміржол көлігінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін есепті мерзімде сыйымдылығы сағатына 1300 жолаушы теміржол вокзалы қажет. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша жүк тасымалының ұлғаюына байланысты Бас жоспарда перспективада учаскені электрлендіріп, Астана – Петропавл станциясы учаскесінде екінші жол салу ұсынылады. Бұл осы бағыттағы теміржолдың өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және қоршаған ортаның экологиясына қолайлы әсер етеді.
Теміржол вокзалы ауданында жұмыс істеп тұрған көлік-тасымалдау торабы базасында ірі қоғамдық-көлік орталығының қалыптасуына байланысты Жұмысшы кентіне шығатын теміржол арқылы жұмыс істеп тұрған жабық жаяу жүргіншілер өткелін (конкорс) ұзарту ұсынылады.
Өзен көлігі. Бас жоспарда айлақ желісін салу және кемелерді: "трамвай-кабриолет" өзен трамвайын, жолаушылар кемесі-катамаранды пайдаланып, туристік және экскурсиялық кеме қатынасын ұйымдастыру ұсынылады. Өзен бағыты қаланың тұрғын аудандарын рекреациялық аймақпен және саяжай алқабымен, туристік тұрақ орындарымен байланыстырады.
Автомобиль көлігі. Бас жоспарда 1-техникалық санатқа сай қаланың айналма жолының учаскесін салуды аяқтау және реконструкциялау, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар бірқатар магистральдық көшені, желі торабындағы жасанды құрылыстарды, сондай-ақ көпір өткелдерін салу және реконструкциялау ұсынылады. Қозғалыс қауіпсіздігін де, айналып өту бойынша қозғалыстың үздіксіздігін де қамтамасыз ету үшін әртүрлі деңгейдегі жолайрық салу көзделген.
Бас жоспарда жаңа магистральдар учаскесімен толықтырылған көше желісінің тікбұрышты торын одан әрі дамыту, олардың өткізу қабілетін арттыру үшін қолданыстағы көшелерді ашу және кеңейту, жаңа көпір мен жолайрық салу, жалпы қалалық және аудандық маңызы бар жолдың жүріс бөлігін кеңейту, жол санаттарын арттыру ұсынылады.
Жолаушылар көлігі. I кезекте жолаушыларды тасымалдау үшін – 4,6 млн жолаушыға 356 бірлік парк қажет, есепті мерзімде тасымалдау көлемі – 8,1 млн жолаушыға – 458 бірлік автобус паркі қажет.
Бас жоспарда қолданыстағы жылжымалы құрамды кәсіпорындардың жөндеу-пайдалану базасын жаңасына ауыстыру, жаңғырту ұсынылады.
Жеңіл көлік. Қолданыстағы жеке автомобильдер паркі 127 563 бірлікті құрайды және тек 9,5 %-ға сақтау орындарымен қамтамасыз етілген.
Бас жоспарда көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының орамында 1000 тұрғынға 40 машина-орын есебінен автомобильдерді қоюға арналған ашық алаң (қонақ тұрағы) көзделген.
1-кезекте – 1 288 м/орын, оның ішінде:
Солтүстік жоспарлау ауданы – 88 м/орын;
Орталық жоспарлау ауданы – 1200 м/орын;
Құрылыстың есепті мерзіміне – 3140 м/орын:
Солтүстік жоспарлау ауданы – 276 м/орын;
Орталық жоспарлау ауданы – 2564 м/орын;
Оңтүстік жоспарлау ауданы – 300 м/орын.
Бокс түріндегі гараждарды бұзу және көп деңгейлі жерүсті паркингін салу жеке көлікті ұзақ уақыт сақтау мәселесін шешеді.
Қаланың әуе бассейнінің жай-күйін жақсарту үшін Бас жоспарда ұйымдар мен кәсіпорындар автокөлігінің бір бөлігін бензин отынын құюдан газ отынына ауыстыру туралы мәселені қарау ұсынылады.
8-тарау. Инженерлік инфрақұрылым 1-параграф. Сумен жабдықтау
Бас жоспардың есепті мерзімінің соңында қала тұтынушыларын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен 100 % қамту болжанып отыр.
Қаланың ауыз су сапасындағы суға шаруашылық-тұрмыстық және басқа да қажеттілігін қамтамасыз ету қолданыстағы қағидаттық схема бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен жүзеге асырылатын болады. Жергілікті жердің қолайсыз гидрологиялық жағдайына байланысты қаланың ауыз су сапасындағы суға есептік қажеттілікті Есіл өзенінің жерүсті суын пайдаланып, қолданыстағы схема бойынша жабу болжанады.
Қалалық су құбырының қолда бар өнімділігі, қолда бар су тарту және су тазарту құрылысының қуаты өнімділік резервін қамтамасыз етіп, ауыз су сапасындағы судың есептік қажеттілігіне сәйкес келеді.
Қаланың сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін, абоненттерді сапалы ауыз сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етудің басым бағыттарына мыналар жатады:
1) қала аумағы бойынша су беру және тарату жүйесін жетілдіру;
2) 1-көтергішті сорғы станциясын реконструкциялауды аяқтау;
3) су құбырын тазарту құрылысының сүзгі станциясын реконструкциялау;
4) су шаруашылығы кешенін басқарудың қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйесін құру;
5) тұрғын үй қорын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен толық жабдықтау;
6) бірінші кезекте әлеуметтік сала объектілерін орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз ету;
7) тікелей тұтыну орындарында ауыз су қажеттіліктері үшін жеке және ұжымдық су тазарту қондырғысын (құрылғысын) пайдалануды енгізу;
8) суды беру мен өткізудің өзіндік құнын азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және енгізу;
9) су шаруашылығы кешенін экологияландыру жөніндегі іс-шараларды айқындау және оларды орындау;
10) су тартудың санитариялық қорғау аймағына, жағалаудағы қорғаныс белдеулерінде және су қорғау аймақтарында шаруашылық жүргізу режимінің сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды күшейту;
11) толық көлемде уақтылы мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
12) бірінші кезектегі (ағымдағы) проблемаларды жою, қаланы сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмысын қолдау жөніндегі іс-шаралар;
13) Петропавл қаласын сумен жабдықтаудың салалық схемасын әзірлеу, бірінші кезектегі және перспективалы іс-шаралардың құрамын сондай-ақ оларды іске асыру тетігін айқындау.
2-параграф. Су бұру
Сарқынды судың пайда болуының есептік көлемін орталықтандырылған кәріз жүйесі қолданыстағы схема бойынша жалпы қалалық кәріздік тазарту құрылыстарына (бұдан әрі – КТҚ) бұратын болады. КТҚ-ның жобалық қуаты сарқынды судың есептік көлемін қабылдау және тазарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы құрылыстар мен желілерге (кәріздік сорғы станцияларына, өздігінен ағатын коллекторларға, арынды құбырларға) кезең-кезеңімен қайта құру, жаңа және қазіргі кәрізі жоқ құрылыс аудандарында өздігінен ағатын және арынды кәріз желісін салу, қаланың барлық су пайдаланушыларын орталықтандырылған кәріз жүйесімен біртіндеп қамту есебінен сарқынды судың есептік көлемін тұрақты бұру белгіленіп отыр.
Орталықтандырылған кәріз жүйесінің сенімді жұмыс істеуі мен дамуының басым бағыттарына мыналар жатады:
1) жалпықалалық КТҚ-ны реконструкциялау жұмысын аяқтау;
2) "Биопруд" сарқынды суды жинағыш-тоғанды тазарту және оңалту;
3) технологиялық процестерді автоматтандыру;
4) қазіргі заманғы ғылыми-техникалық әзірлемелерге негізделген озық техникалық шешімдерді пайдаланып, жабдықты жаңғырту;
5) сарқынды судың қайталама энергия ресурсын тазарту процесінің қажеттілігі үшін, ал өңделген тұнбаларды органикалық минералды тыңайтқыштар ретінде пайдалану;
6) тазартылған сарқынды суды қайта пайдаланудың қолданыстағы жүйеcін жаңғырту және жаңаларын салу;
7) биохимиялық тазарту мен соңына дейін тазалаудың технологиялық процесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өндірістік ағынды судың қалалық кәрізге төгіндіcінің мониторинг жүйесін әзірлеу және енгізу;
8) орталықтандырылған кәріз жүйесінің жұмысын және осы іс-шараларды іске асырудың экономикалық тетігін кеңейту және оңтайландыру жөніндегі бірінші кезектегі және перспективалы іс-шаралардың толық құрамын айқындау мақсатында су пайдаланушылар саны мен орналасуы бойынша осы жобаның шешімдерін ескеріп, мамандандырылған жобалау құжаттамасын әзірлеу.
3-параграф. Жылумен жабдықтау
Даму перспективасында жылу энергиясын беру мен таратудың қолданыстағы қағидаттық схемасы сақталуда. Бас жоспарда қаланың барлық тұрғын үй құрылысын (жекежайлық құрылысты қоспағанда) және негізгі қоғамдық объектілерін орталықтандырып жылумен жабдықтау көзделеді.
Есепті мерзімде Петропавл жылу электр орталығы (бұдан әрі – ПЖЭО-2) техникалық қайта жарақтандырылған және қазандық агрегаттар мен қазіргі заманғы үлгідегі турбоагрегаттарды пайдаланып жаңғыртылған, есептік жылу жүктемесіне сай белгіленген және қолданыстағы жылу қуатының көрсеткішін келтіріп, одан әрі кеңейтілген жағдайда ол орталықтандырып жылумен жабдықтаудың негізгі көзі ретінде сақталады.
Қаланың реконструкцияланатын және бос аумағында жаңа тұрғын үй қорын орналастыру ПЖЭО-2-ден жылу беру аймағын кеңейтеді, бұл жаңа жылу желісін, резервтейтін құбырларды, арнайы қондырғыларды (сорғы станцияларын, бөліп шығару тораптарын және т.б.) салуды, шектес аудандардың жылу желісі арасында бөгет орнатуды (қажеттілігіне қарай) талап етеді.
Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін дамытудың басым бағыттарына мыналар жатады:
1) энергия үнемдеудің анағұрлым ауқымды жүйесі ретінде жылу беруді одан әрі дамыту;
2) телемеханика және автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі – АБЖ) құралдарын пайдаланып, жылумен жабдықтауды автоматтандырудың кешенді жүйесін енгізу;
3) жылу энергиясын тұтынуды есепке алу және реттеу аспаптарын орнатып, орталық жылу пункттерін ұйымдастыру, сондай-ақ жылу тұтыну құрылғыларын жетілдіру;
4) жылу және ресурс ағынын толық ауқымда үздіксіз мониторингтеу және басқару жүйесін енгізу;
5) энергия үнемдеу технологиясын енгізу мақсатында жылу желісін кешенді жаңғырту;
6) қоныстану аймағында жаңа жылу желісінің амортизацияланған учаскелерін салу және қайта салу кезінде алдын ала оқшауланған құбырларды қолдану;
7) тозған және ішінара бұзылған оқшаулағышты қалпына келтіру үшін пенополиуретан оқшаулағышты (қабатын) пайдалану;
8) жылу желісін реконструкциялау және жаңғырту көлемін ұлғайту үшін тарифтік сметаның инвестициялық құрамдас бөлігін одан әрі өсіру;
9) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің роботтарын кеңейту және оңтайландыру жөніндегі бірінші кезектегі және перспективалы іс-шаралардың толық құрамын және осы іс-шараларды іске асырудың экономикалық тетігін айқындау мақсатында түпкілікті тұтынушылар саны мен оларды орналастыру бойынша осы жобаның шешіміне сәйкес мамандандырылған жобалау құжаттамасын әзірлеу.
4-параграф. Электрмен жабдықтау
Даму перспективасына қалада электрмен жабдықтаудың қолданыстағы қағидаттық схемасы сақталады. Тұтынушылардың электр жүктемесін жабудың негізгі көзі ретінде есепті мерзімде қазандық агрегаттары мен қазіргі үлгідегі турбоагрегаттарды пайдаланып, оны техникалық қайта жарақтандыру мен жаңғырту ескерілетін ПЖЭО-2 қабылданады.
Электр энергиясын қала тұтынушылары арасында 10-0,4 кВ кернеулі желі арқылы бөлу көзделген.
Қала тұтынушыларын жұмыс істеп тұрған электрмен жабдықтауды 10/0,4 кВ жұмыс істеп тұрған трансформаторлық қосалқы станциялардан кернеуі 10 және 0,4 кВ қолданыстағы электр желісі бойынша трансформаторларды реконструкциялауды немесе үлкен қуатқа ауыстыруды (қажет болғанда) ескеріп жүзеге асыру болжанып отыр.
Қаладағы жобалық құрылыстарды электрмен жабдықтау үшін қосымша 10 кВ (РП-10 кВ) тарату пункттерін, 10/0,4 кВ (ТП-10/0,4 кВ) трансформаторлық қосалқы станцияларды, 10 кВ және 0,4 кВ желіні, сондай-ақ сыртқы жарықтандыру желісін салу талап етіледі.
Жұмысшы кентінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында жаңа 110/35/10 кВ "Оңтүстік" жабық қосалқы станциясын салу ұсынылады. Қосалқы станцияны қуаттандыру қолданыстағы "ПЖЭО-2 – Сібір" ӘЖ-110 кВ тармақтау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінің жобалық құрылысын қолданыстағы "Жас Өркен" трансформаторлық қосалқы станциясынан және жобаланып отырған "Оңтүстік" қосалқы станциясынан электрмен жабдықтау көзделген.
Солтүстік жоспарлау ауданының жобалық құрылысын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін 110/10 кВ жабық қосалқы станция салу көзделеді. Бұл жабық қосалқы станция Борки кенті ауданында орналасқан "Северная" 110/10 кВ трансформаторлық қосалқы станциясынан, қолданыстағы ӘЖ-110 кВ тармақтау арқылы қуатталуы мүмкін (электр берудің кабельдік желісі).
Сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ПЖЭО-2 талап етілетін қуатын беру, өткізу резервін құру үшін, 110 кВ ӘЖ амортизацияланған элементтерін реконструкциялау, бірінші кезекте "қалалық сақина" трассасы бойынша, сондай-ақ 110 кВ ӘЖ бас учаскелерін оларды қимаға ауыстыру жолымен күшейтуді орындау қажет.
Барлық жобалау кезеңінде 10 кВ және 0,4 кВ электр желісін кезең-кезеңімен реконструкциялау және кеңейту, тозған және моральдық ескірген жабдықты ауыстыру, энергия үнемдейтін жабдық пен технологияны енгізу ұсынылады.
Есепті мерзімде есептегіштердің көрсеткіштерін қашықтан алуға, тұтынушылардың жүктемесін басқаруға, көп тарифті функцияларды пайдалануға, энергия тұтынуды талдау мен жоспарлауға мүмкіндік беретін Smart Metering (электр энергиясын зияткерлік есепке алу жүйесі) технологиясын енгізіп, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту ұсынылады.
5-параграф. Газбен жабдықтау
Перспективада қалада тұтыну көлемін есептік нормативтік көрсеткішке дейін жеткізіп, қаланы сұйытылған газбен қамтамасыз етудің қолданыстағы схемасы сақталады.
Бас жоспарға сәйкес газ реттеу қондырғысы арқылы газды пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар санының едәуір ұлғаюы және сұйытылған мұнай газын тұтынудың тиісті өсуі болжанады.
Электр плитамен қамтамасыз етілген халықты қоспағанда, есептік тұтынушыларды газбен жабдықтаумен 100 % қамту көзделуде.
Сұйытылған көмірсутекті газдың есепті көлемін тұрақты қабылдауды, сақтауды және босатуды, қала тұтынушыларының 100 % үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін:
1) қалалық газ толтыру станциясын (бұдан әрі – ГТС) кеңейту, бірінші кезекте – газ сақтау паркін ұлғайту;
2) ГТС жабдығын кешенді реконструкциялау, жаңғырту, ауыстыру (қажет болғанда), бірінші кезекте және есепті мерзімде станцияның өнімділік резервін қамтамасыз ету;
3) тұтынушылар саны және оларды орналастыру бойынша осы жобаның шешімдерін, ГТС-ны кеңейту және жаңғырту бойынша басқа да жобаларды ескеріп, мамандандырылған жобалау құжаттамасын әзірлеу;
4) қаланы газбен жабдықтау жүйесінің жұмысын оңтайландыру жөніндегі бірінші кезектегі және перспективалық іс-шаралардың толық құрамын айқындау, осы іс-шараларды іске асырудың экономикалық тетігін белгілеу қажет.
6-параграф. Телекоммуникация және байланыс
Есептік абоненттік желі сыйымдылығымен қамтамасыз ету сегменттік интеграция арқылы қаланың телекоммуникациялық желісін кеңейту және жаңғырту және кейіннен NGN (Next Generation Network) технологиясын пайдалануға толық көшу арқылы ұсынылады.
NGN желісі дамығанда қолданыстағы қосылымдар мен абоненттік желі де сақталады. Ескі жүйе байланыс желісін келесі буын жүйесінің желісімен қамтамасыз ету Softswitch бағдарламалық коммутаторын пайдалану есебінен жүзеге асырылады.
Кең жолақты мультисервистік көп қолжетімділік, интерактивті телевизия және SIP (Session Initiation Protocol) телефония технологиясын енгізу, көрсетілетін қызметтер мен сервистердің жаңа пакетін жасау, G-PON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясы бойынша "оптика – абонентке дейін" FTTH (Fiber To The Home) желісін дамыту көзделіп отыр.
Қалалық телекоммуникация желісінің NGN технологиясын пайдалануға көшу процесінде қолданыстағы АТС-46, АТС-33 және АТС-47 автоматты телефон станцияларын (бұдан әрі – АТС) цифрлық коммутациялық пайдаланудан кезең-кезеңімен шығару болжанады. Жобада жаңа тораптық коммутациялық пункттерді орналастыру көзделмейді.
Петропавл қаласының телекоммуникация желісінің сенімді жұмыс істеуі мен дамуының басым бағыттарына мыналар жатады:
1) NGN технологиясын оны пайдалануға біртіндеп толық көшумен интеграциялап енгізу;
2) FTTH және GPON қолжетімді желісінің технологиясын енгізу және қолдану;
3) көрсеткіштерді есептік қажеттілікке сай келтіріп, желінің абоненттік сыйымдылығын кеңейту (бірінші кезекте – 80 500 нөмір, есепті мерзімде – 94 500 нөмір);
4) GPON технологиясы негізінде желілік құрылыстарды кезең-кезеңімен салу, телефон кәрізін төсеу, телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту, қаланың барлық аудандарында сапалы телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5) ЕХЗ/ЕТТН технологиясы бойынша телефония қызметтерін және кең жолақты қолжетімді көрсетілетін қызметтерді қосу;
6) абоненттік радиоқолжетімді жүйесін WLL CDMA пайдаланудан толық шығару (сымсыз абоненттік қолжетімділік);
7) телекоммуникация желісінің табиғи және моральдық тұрғыдан ескірген элементтерін кешенді реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруды жүйелі және уақтылы жүргізу, телефон кәрізінің амортизацияланған учаскелерін ауыстыру.
9-тарау. Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау және инженерлік қорғау
Бас жоспарда жерасты суы деңгейін төмендету жөніндегі алдын алу іс-шаралары кешенін жүзеге асыру ұсынылады, оның ішінде:
1) су басуы мүмкін учаскеде дренаждық жүйе салу;
2) қала аумағынан жерүсті суының максималды көлемін бұруды ұйымдастыру;
3) ғимараттардың жертөле үй-жайларын гидрооқшаулау;
4) бақылау ұңғымасының режимдік желісін жайластыру;
5) табиғи дренді (тальвег, су ағысының арнасы, жыра) сақтау, қажетті еңісті ұстау, батпақтануды болғызбау үшін құбырлы су жіберу, су бұрғыш жасау;
6) жасыл желекті суаруды бақылау, реттеу;
7) су коммуникациясынан су ағуды азайту;
8) ашық арна мен құрылыстардың жабық желісін күзету;
9) көпірлердің су өткізу саңылауы мен кәрізді тексеру құдығын тазарту.
Ылғалды учаскелерді құрғату және жобалық тереңдікте (2-3 м) жерасты суы деңгейін ұстау үшін көлденең жабық дренаж салу ұсынылады.
Жағалау беткейінің одан әрі бұзылуын болғызбау, сол жағалау аумағын су басудан қорғау үшін мынадай жұмыс түрлері:
1) судан қорғау бөгетін салу;
2) қазіргі заманғы тәсілдермен жағалауды көлбеу бекіту: габионды нығайту, геоматпен арқаулау, металл тіреу қабырғамен бекіту, геотормен бекіту көзделген.
Биіктігі 6 метрден (6 – 12,0 м дейін) асатын беткей учаскелерді парапетпен ені 6-7 м аралық берма көмегімен нығайту ұсынылады.
Жағалауды бекітудің жалпы ұзындығы 13420 метрді құрайды.
10-тарау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Петропавл қаласының қала құрылысын дамытудың экологиялық талаптарына мыналар жатады:
1) тұрақты экологиялық жайсыздық аймағында тіршілік ету ортасын түбегейлі сауықтыру;
2) табиғи кешеннің қазіргі аумағын қолайсыз антропогендік әсерден қорғау, шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалған қоршаған ортаның қасиеттерін оңалту және қалпына келтіру, сондай-ақ резервтік аумақта жаңа жасыл алқапты қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;
3) қаланың тұрғын және қоғамдық аймағында тіршілік ету ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақты көгалдандыру және мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайды жақсарту арқылы арттыру.
Аталған экологиялық талаптарды орындау шарттары:
1) халық денсаулығы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін экологиялық қатер аймағын жою;
2) қатты техногендік жүктемеге ұшыраған аумақты (рұқсатсыз қоқыс үйіндісі аумағы, магистраль жанындағы газданған және шулы аймақ және т.б.) жақсарту, қалпына келтіру, қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
3) жоғары экологиялық қауіптілік көздері болып табылатын өндірісті жою;
4) экологиялық таза, шығарындысы аз және шығарындысыз технологияны, өндірістің сарқынсыз циклін енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қала шаруашылығы объектілерінің қазіргі заманғы газдан тазарту, шаңнан тазарту және суды тазарту жабдығымен жарақтандырылуын 100 %-ға дейін жеткізу;
5) ауыз су сапасындағы суды, өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық сарқынды суды және жерүсті ағындысын тазарту стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) қозғалысы үздіксіз автомагистральдар салу;
7) өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықты толық қайта өңдеу және залалсыздандыру болып табылады.
Қалалық көгалдандыру жүйесі халықты теріс антропогендік әсерден (атмосфераның ластануы, шу әсері) және қолайсыз табиғи құбылыстан (ауаның қызып кетуі, қолайсыз жел әсері, шаңды дауыл) қорғауда маңызды рол атқарады. Жасыл кеңістік:
1) жергілікті табиғи жағдайды ескеріп, өзара байланысты тұтас жүйе түрінде;
2) қаланың сәулет-жоспарлау құрылымына және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыруға сәйкес жобалануға тиіс.
Жасыл желек тұрғын және өнеркәсіптік аудандардың қалалық орталығы кеңістіктік сәулеттік ансамбль композициясының құрамдас бөлігі болуға тиіс.
Осы қағидаттарды табысты жүзеге асыру көгалдандыру құралдарымен халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Петропавл қаласының бас жоспары жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіші
Р/с | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қазіргі жай-күйі | Бірінші кезең | Есепті мерзім | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
1 | Аумақ | |||||||
1.1 | Елді мекеннің қала, кент және ауылдық елді мекен шегіндегі жер алаңы, барлығы | мың га | 22,49 | 22,49 | 22,49 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.1 | тұрғын үй және қоғамдық құрылыс | -//- | 2,394 | 2,603 | 3,05 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.1.1 | үй (пәтер) жанында жер учаскесі бар жекежайлық және оқшау құрылыс | -//- | 1,313 | 1,49 | 1,661 | |||
1.1.1.2 | аз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы | -//- | 0,096 | - | 0,103 | |||
1.1.1.3 | көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы | -//- | 0,394 | 0,468 | 0,607 | |||
1.1.1.4 | қоғамдық құрылыс | -//- | 0,591 | 0,645 | 0,679 | |||
1.1.2 | өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма құрылысы | -//- | 2,691 | 2,746 | 2,81 | |||
олардың ішінде: | ||||||||
1.1.2.1 | өнеркәсіптік құрылыс | -//- | 1,356 | 1,386 | 1,43 | |||
1.1.2.2 |
коммуналдық және | -//- | 1,335 | 1,36 | 1,38 | |||
1.1.3 |
көлік, байланыс, инженерлік коммуникация, | -//- | 2,233 | |||||
1.1.3.1 | сыртқы көлік (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және құбыр) | -//- | 1,943 | 2,014 | 2,031 | |||
1.1.3.2 | магистральдық инженерлік желі мен құрылыстар | мың га | 0,29 | 0,3 | 0,35 | |||
1.1.3.3 | байланыс құрылыстары | -//- | - | - | - | |||
1.1.4 | ерекше қорғалатын табиғи аумақ | -//- | 4,261 | 4,261 | 4,261 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.4.1 | қорық | -//- | ||||||
1.1.4.2 | қаумал | -//- | ||||||
1.1.4.3 | табиғат ескерткіштері | -//- | ||||||
1.1.4.4 | орман мен орман саябақтары | -//- | 4,261 | 4,261 | 4,261 | |||
1.1.5 | су айдыны мен акватория | -//- | 2,8 | 2,8 | 2,8 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.5.1 | өзен, табиғи және жасанды су қоймасы | -//- | 1,89 | 1,89 | 1,89 | |||
1.1.5.2 | су қорғау аймағы | -//- | 0,91 | 0,91 | 0,91 | |||
1.1.5.3 | гидротехникалық құрылыстар | -//- | ||||||
1.1.5.4 | су шаруашылығы құрылыстары | -//- | ||||||
1.1.6 | ауыл шаруашылығында пайдалану | -//- | 3,512 | 3,512 | 3,512 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.6.1 | егістік жер, шабындық, жайылым | -//- | 1,663 | 1,663 | 1,663 | |||
1.1.6.2 | саяжай | -//- | 1,849 | 1,849 | 1,849 | |||
1.1.7 | жалпы пайдаланылатын | -//- | 1,865 | 2,115 | 2,342 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.7.1 | көшелер, жолдар, өтпежолдар | -//- | 0,302 | 0,379 | 0,503 | |||
1.1.7.2 | жағажай, жағалау | -//- | 0,007 | 0,009 | 0,025 | |||
1.1.7.3 | парктер, саябақтар, желекжолдар | -//- | 0,147 | 0,173 | 0,21 | |||
1.1.7.4 | ортақ пайдаланылатын басқа да аумақтық объектілер: санитариялық-қорғау және арнайы мақсаттағы | -//- | 1,409 | 1,554 | 1,604 | |||
1.1.8 | резервтік | -//- | 2,737 | 2,139 | 1,336 | |||
оның ішінде: | ||||||||
1.1.8.1 | қоныстану аумағын дамыту үшін | -//- | 0,762 | 0,478 | 0,162 | |||
1.1.8.2 | өнеркәсіптік-өндірістік және коммуналдық аумақты дамыту үшін | -//- | 1,611 | 1,357 | 1,01 | |||
1.1.8.3 | рекреациялық және өзге де аймақты ұйымдастыру үшін | мың га | 0,364 | 0,304 | 0,164 | |||
1.2. | жалпы жер көлемінде: | |||||||
1.2.1* | мемлекеттік меншіктегі жер | -//- | ||||||
1.2.2* | коммуналдық меншіктегі жер | -//- | ||||||
1.2.3* | жеке меншік жер | -//- | ||||||
2 | Халық | |||||||
2.1 | Бағынысты елді мекендерді есепке алғандағы халық саны, барлығы | мың адам | 219,0 | 230,0 | 270,0 | |||
оның ішінде: | ||||||||
2.1.1 | қала (кент, ауылдық елді мекен) | -//- | 219,0 | 230,0 | 270,0 | |||
2.1.2 | басқа елді мекендер | -//- | - | - | - | |||
2.2 | Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіші: | 4,2 | 9,2 | |||||
2.2.1 | өсім | -//- | 22,7 | 45,8 | ||||
2.2.2 | кему | -//- | 18,5 | 36,6 | ||||
2.3 | Халықтың көші-қон көрсеткіші: | 6,8 | 30,8 | |||||
2.3.1 | өсім | -//- | 30,0 | 65,0 | ||||
2.3.2 | кему | -//- | 23,2 | 34,2 | ||||
2.4 | Халық тығыздығы | |||||||
2.4.1 | қоныстану аумағы шегінде | адам/га | 15,0 | 15,7 | 18,5 | |||
2.4.2 | қалалық, кенттік және ауылдық құрылыс аумағы шегінде | -//- | 9,7 | 10,2 | 12,0 | |||
2.5 | Халықтың жас шамасы құрылымы: | |||||||
2.5.1 | 15 жасқа дейінгі балалар | мың адам/% | 45,1/20,6 | 52,4/22,8 | 58,3/21,6 | |||
2.5.2 | еңбекке жарамды жастағы адамдар (ерлер – 16-62 жас, әйелдер – 16-57 жас) | -//- | 134,2/61,3 | 137,5/59,8 | 167,7/62,1 | |||
2.5.3 | еңбекке жарамды жастан асқан халық | -//- | 39,7/18,1 | 40,0/17,4 | 44,0/16,3 | |||
2.6 | Отбасы және жалғызбасты тұрғындар саны, барлығы | бірлік | 87 600 | 92 000 | 108 000 | |||
оның ішінде: | ||||||||
2.6.1 | отбасы саны | -//- | 65 000 | 69 000 | 81 000 | |||
2.6.2 | жалғыз басты тұрғындар саны | -//- | 22 600 | 23 000 | 27 000 | |||
2.7 | Еңбек ресурсы, барлығы | мың адам | 174,9 | 178,8 | 212,9 | |||
оның ішінде: | ||||||||
2.7.1 | Экономикалық белсенді халық, барлығы | мың адам/% | 109,2/62,4 | 115,0/64,3 | 139,3/65,4 | |||
оның ішінде: | ||||||||
2.7.1.1 | Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар | -//- | 104,4/95,6 | 110,0/95,7 | 134,0/96,2 | |||
1) | қала құраушы топта | -//- | 43,6/41,8 | 45,8/41,6 | 53,5/39,9 | |||
2) | қызмет көрсету тобында | -//- | 60,8/58,2 | 64,2/58,4 | 80,5/60,1 | |||
2.7.1.2 | Жұмыссыздар | -//- | 4,8/4,4 | 5,0/4,3 | 5,3/3,8 | |||
2.7.2 | Экономикалық белсенді емес халық | -//- | 65,7/37,6 | 63,8/35,7 | 73,6/34,6 | |||
оның ішінде: | ||||||||
2.7.2.1 | Өндірістен қол үзіп білім алатын, еңбекке жарамды жастағы оқушылар | -//- | 11,8/17,9 | 11,2/17,6 | 13,2/18,0 | |||
2.7.2.2 | Экономикалық қызметпен және оқумен айналыспайтын еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық | -//- | 53,9/82,1 | 52,6/82,4 | 60,4/82,0 | |||
3 | Тұрғын үй құрылысы | |||||||
3.1 | Тұрғын үй қоры, барлығы | мың ш.м жалпы ауданы/% | 4 644,6 | 5 750,0 | 8 100,0 | |||
оның ішінде: | ||||||||
3.1.1* | мемлекеттік қор | -//- | 140,8/3,0 | 140,8/2,4 | 140,8/1,7 | |||
3.1.2* | жеке меншікте | -//- | 4 503,8/97,0 | 5 609,2/97,6 | 7959,2/98,3 | |||
3.2 | Жалпы қорда: | -//- | ||||||
3.2.1 | көп пәтерлі үйде | -//- | 3 651,1/78,6 | 4 487,6/78,0 | 6793,0/83,9 | |||
3.2.2 | жекежай түріндегі үйде | -//- | 993,5/21,4 | 1262,4/22,0 | 1307,0/16,1 | |||
3.3 | 70 % астам тозған тұрғын үй қоры, барлығы | -//- | 129,4 | 404,5 | 918,7 | |||
оның ішінде: | ||||||||
3.3.1 | мемлекеттік қор | -//- | м/ж | м/ж | м/ж | |||
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы | мың ш.м жалпы ауданы/% | 4 644,6 | 4 570,1 | 5 456,8 | |||
3.5 | Тұрғын үй қорын қабат бойынша бөлу: | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
3.6.1 | аз қабатты | -//- | 1304,4/28,1 | 1623,0/28,2 | 1605,8/19,8 | |||
олардың ішінде құрылыста: | ||||||||
3.6.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар жекежайлық (коттедж үлгісіндегі) | -//- | 993,5/76,2 | 1262,4/77,8 | 1307,0/81,4 | |||
3.6.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесі бар оқшау құрылыс | -//- | 28,8/2,2 | 85,0/5,2 | 83,1/5,2 | |||
3.6.1.3 |
жер учаскесі жоқ | -//- | 282,1/21,6 | 275,6/17,0 | 215,7/13,4 | |||
3.6.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі | -//- | 2 458,6/52,9 | 2 577,8/44,8 | 3584,9/44,3 | |||
3.6.3 | көп қабатты көп пәтерлі | -//- | 881,6/19,0 | 1 549,1/26,9 | 2909,4/35,9 | |||
3.7 | Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы | -//- | 74,6 | 293,2 | ||||
оның ішінде: | ||||||||
3.7.1 | техникалық жай-күйі бойынша | -//- | 6,5 | 59,9 | ||||
3.7.2 | реконструкциялау бойынша | -//- | 68,1 | 233,3 | ||||
3.7.3 | басқа себептер бойынша (үй-жайды қайта жабдықтау) | -//- | - | - | - | |||
3.7.4 | Тұрғын үй қорының мыналарға қатысты кемуі: | |||||||
3.7.4.1 | қолданыстағы тұрғын үй қорына | % | 1,6 | 5,1 | ||||
3.7.4.2 | жаңа құрылысқа | -//- | 6,3 | 11,1 | ||||
3.8 | Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы, оның ішінде мыналар есебінен: | мың ш.м жалпы ауданы | 1179,9 | 2643,2 | ||||
3.8.1* | мемлекеттік қаражат | -//- | 252,5 | 672,9 | ||||
3.8.2* | кәсіпорындар мен ұйымдар | -//- | 589,2 | 1570,1 | ||||
3.8.3* | халықтың өз қаражаты | -//- | 338,2 | 400,2 | ||||
3.9 | Қабаты бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы | -//- | 1179,9 | 2615,6 | ||||
оның ішінде: | ||||||||
3.9.1 | аз қабатты | -//- | 393,2 | 276 | ||||
оның ішінде: | ||||||||
3.9.1.1 | үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар жекежайлық (коттедж үлгісіндегі) | -//- | 337,0 | 276 | ||||
3.9.1.2 | пәтер жанындағы жер учаскесі бар оқшау құрылыс | -//- | 56,2 | |||||
3.9.1.3 | жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты | -//- | - | - | ||||
3.9.2 | орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі | -//- | 119,2 | 1 007,0 | ||||
3.9.3 | көп қабатты көп пәтерлі | -//- | 667,6 | 1 360,2 | ||||
3.10 | Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен: | |||||||
3.10.1 | бос аумақта | -//- | 512,4 | 498,2 | ||||
3.10.2 | қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен | -//- | 667,5 | 2145,0 | ||||
3.11 | Жаңа тұрғын үй қорының жалпы алаңын жылына орта есеппен пайдалануға беру | мың ш.м | 236,0 | 264,3 | ||||
3.12 | Тұрғын үй қорының қамтамасыз етілуі: | |||||||
3.12.1 | су құбырымен | жалпы тұрғын үй қорының % | 100 | 100 | 100 | |||
3.12.2 | кәрізбен | -//- | 98,2 | 99,0 | 100 | |||
3.12.3 | электр плитасымен | -//- | 3,0 | 3,0 | 3,0 | |||
3.12.4 | газ плитасымен | -//- | 97,0 | 97,0 | 97,0 | |||
3.12.5 | жылумен | -//- | 100 | 100 | 100 | |||
3.12.6 | ыстық сумен | -//- | 97,8 | 98,2 | 100 | |||
3.13 | Халықтың пәтердің жалпы алаңымен орташа қамтамасыз етілуі | ш.м/адам | 21,2 | 25,0 | 30,0 | |||
4 | Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері | |||||||
4.1 | Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы/1000 адамға | орын | 8776 | 10176 | 13201 | |||
4.1.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 56,8 | 90,0 | 100 | |||
4.1.2 | 1000 тұрғынға | орын | 40,0 | 44,2 | 49,0 | |||
4.1.3 | жаңа құрылыс | -//- | 1400 | 3025 | ||||
4.2 | Жалпы білім беру мекемелері, барлығы/1000 адамға | -//- | 14578 | 18178 | 27778 | |||
4.2.1 | қамтамасыз етілу деңгейі | % | 44,7 | 48,6 | 67,9 | |||
4.2.2 | 1000 адамға | орын | 66,5 | 79,0 | 102,9 | |||
4.2.3 | жаңа құрылыс | -//- | 3 600 | 9 600 | ||||
4.3 | Ауруханалар, барлығы/1000 адамға | жатын орын | 2 354/10,7 | 2 864/12,4 | 2 864/10,6 | |||
4.4 | Емханалар, барлығы/1000 адамға | бір ауысымда жүгіну | 2 852/13,0 | 3 352/14,6 | 4 102/15,2 | |||
4.5 | Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат үйлері) – барлығы/1000 адам | орын | 405/1,8 | 405/1,8 | 705/2,6 | |||
4.6 | Ұзақ мерзімді демалыс мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушыларға арналған лагерьлер және т.б.), барлығы/1000 адамға | -//- | - | - | - | |||
4.7 | Дене шынықтыру-спорттық ғимараттар – барлығы/1000 адам | ш.м еден ауданы | 10 646/48,6 | 13 646/59,3 | 22 046/81,6 | |||
4.8 | Ойын-сауық мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т. б.), барлығы/1000 адамға | орын | 13 613/62,1 | 15 113/65,7 | 18 113/67,0 | |||
4.9 | Сауда кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | ш.м сауда ауданы | 173010/790 | 178810/777 | 193910/718 | |||
4.10 | Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | отыратын орын | 11 225/51,2 | 11 975/52,0 | 14 125/52,3 | |||
4.11 | Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға | жұмыс орын дары | 2 100/9,5 | 2 180/9,5 | 2 630/9,7 | |||
4.12 | Өрт сөндіру депосы | автомобильдер/ бекеттер саны | 23/5 | 27/6 | 31/7 | |||
4.13 | Кір жуатын орындар | бір ауысым дағы киім кг | 8 600 | 14 600 | 29 700 | |||
4.14 | Химиялық тазарту орындары | бір ауысымда киім кг | 700 | 1 300 | 3 080 | |||
4.15 | Моншалар | орын | 992 | 1 222 | 1 617 | |||
4.16 | Банк бөлімшелері мен филиалдары | операц. орын | 75 | 77 | 91 | |||
4.17 | Банк бөлімшелері мен филиалдары | операц. касса | 20 | 22 | 27 | |||
4.18 | Аудандық (қалалық) халық соттары | жұмыс орны | 10 | 10 | 10 | |||
4.19 | Қонақүйлер | орын | 843 | 993 | 1 613 | |||
5 | Көлікпен қамтамасыз ету | |||||||
5.1 | Жолаушылар қоғамдық көлігі желісінің ұзындығы, барлығы | км | 631,62 | 631,62 | 631,62 | |||
оның ішінде: | ||||||||
5.1.1 | электрлендірілген теміржол | қос жол км | 31,32 | 31,32 | 31,32 | |||
5.1.2 | метрополитен | -//- | - | - | - | |||
5.1.3 | трамвай | -//- | - | - | - | |||
5.1.4 | троллейбус | -//- | - | - | - | |||
5.1.5 | автобус | -//- | 600,3 | 600,3 | 600,3 | |||
5.2 | Магистральдық көшелер мен жолдар ұзындығы, барлығы | км | 388,686 | 403,17 | 513,1 | |||
оның ішінде: | ||||||||
5.2.1 | жүрдек қозғалыс жолдары | -//- | 42 | 42 | 96,05 | |||
5.2.2 | жалпы қалалық маңызы бар магистральдар | -//- | - | 25,87 | 112,4 | |||
5.2.3 | аудандық маңызы бар магистральдар | -//- | 190,19 | 213,1 | 257,85 | |||
5.2.4 | тұрғын көшелер | -//- | 120 | 108 | 108 | |||
5.2.5 | кенттік жолдар | -//- | 22,3 | 22,3 | 28 | |||
5.2.6 | өнеркәсіптік жолдар | -//- | 14,2 | 14,2 | 23,2 | |||
5.3 | Сыртқы көлік | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
5.3.1 | теміржол, | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
жолаушы | мың жолаушы/жыл | 844,7 | 897,0 | 1 134 | ||||
жүк | мың тонна/ жыл | 4 166,0 | 4 600,0 | 6 210 | ||||
5.3.2 | әуе | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
жолаушы | мың жолаушы/жыл | 19,969 | 42,5 | 76,0 | ||||
жүк | мың тонна/ жыл | 18,7 | 35,0 | 55,0 | ||||
5.3.3 | автомобиль | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
жолаушы | мың жолаушы/жыл | |||||||
жүк | мың тонна/ жыл | 12,2 | 12,5 | 14,8 | ||||
5.3.4 | өзен | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
жолаушы | мың жолаушы/жыл | |||||||
жүк | мың тонна/ жыл | 105,0 | 120,8 | 162,0 | ||||
5.3.5 | теңіз | |||||||
оның ішінде: | ||||||||
жолаушы | мың жолаушы/жыл | - | - | - | ||||
жүк | мың тонна/ жыл | - | - | - | ||||
5.3.6 | құбыр | мың тек. м./жыл | 24,0 | 24,0 | 24,0 | |||
5.4 | Көше-жол желісінің тығыздығы | 1,74 | 1,8 | 2,29 | ||||
5.4.1 | қалалық, кенттік құрылыс шегінде | км/ш.км | - | - | - | |||
5.4.2 | қала маңы аймағының шекарасы шегінде | - | - | - | ||||
6 | Инженерлік жабдық | |||||||
6.1 | Сумен жабдықтау: | |||||||
6.1.1 | Жиынтық тұтыну, барлығы | мың тек.м./тәулік | 34,55 | 59,17 | 72,42 | |||
оның ішінде: | ||||||||
6.1.1.1 | шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне | -//- | - | 53,37 | 66,17 | |||
6.1.1.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | - | 5,80 | 6,25 | |||
6.1.2 | Басты су құбыры құрылысының қуаты | -//- | 100,00 | 100,00 | 100,00 | |||
6.1.3 | Пайдаланылатын сумен жабдықтау көздері: | |||||||
6.1.3.1 | жерасты су тоғаны | -//- | - | - | - | |||
6.1.3.2 | жерүсті көздерінен су алу | мың тек.м/тәулік | 120,0 | 120,0 | 120,0 | |||
6.1.3.3 | орталықтандырылмаған су көздері | -//- | - | - | - | |||
6.1.4 |
ҚМК жерасты суының бекітілген қоры |
- |
- |
- | ||||
6.1.5 | Тәулігіне орта есеппен 1 адамның су тұтынуы | л/тәулік |
| 257 | 268 | |||
оның ішінде: | ||||||||
6.1.5.1 | шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне | -//- | - | 232 | 245 | |||
6.1.6 | Суды екінші рет пайдалану | % | - | - | - | |||
6.1.7 | Желі ұзындығы | км | 343,5 | 366,17 | 455,98 | |||
6.2 | Кәріз: | |||||||
6.2.1 | Ағынды судың жалпы түсімі, барлығы | мың тек. м/тәулік | 30,00 | 50,1 | 59,25 | |||
оның ішінде: | ||||||||
6.2.1.1 | тұрмыстық кәріз | -//- | - | 45,46 | 54,25 | |||
6.2.1.2 | өндірістік кәріз | -//- | - | 4,64 | 5,00 | |||
6.2.2 | Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі | -//- | 82,00 | 82,00 | 82,00 | |||
6.2.3 | Желі ұзындығы | км | 257,00 | 304,46 | 378,33 | |||
6.3 | Электрмен жабдықтау | |||||||
6.3.1 | Электр энергиясын жиынтық тұтыну | млн.кВт. сағ/жыл | - | 1 013,63 | 1 315,93 | |||
оның ішінде: | ||||||||
6.3.1.1 | коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | 473,48 | 569,80 | |||
6.3.1.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | 448,00 | 626,50 | ||||
6.3.2 | Жылына орта есеппен 1 адамның электр тұтынуы | кВт сағ | - | 4 407 078 | 4 873 815 | |||
6.3.2.1 | оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | 2 058 609 | 2 110 370 | |||
6.3.3 | Жүктемені жабу көздері | МВт | ||||||
6.3.3.1 | оның ішінде: ЖЭО, МАЭС | -//- | 541 | 541 | 541 | |||
6.3.3.2 | гидроэлектр станциясы | -//- | - | - | - | |||
6.3.3.3 | Біріктірілген энергия желісі | -//- | - | - | - | |||
6.3.4 |
Желі ұзындығы | км | 24,78 | 24,78 | 24,78 | |||
6.4 | Жылумен жабдықтау | |||||||
6.4.1 | Орталықтандырылған көздер қуаты, барлығы | МВт | ||||||
6.4.1.1 | оның ішінде: ЖЭО | -//- | 830,00 | 1 321,34 | 1 839,98 | |||
6.4.1.2 | аудандық қазандықтар | -//- | - | - | - | |||
6.4.1.3 | орамдық қазандықтар | -//- | - | - | - | |||
6.4.1.4 | жергілікті көздердің жиынтық қуаты | -//- | - | 470,19 | 475,03 | |||
6.4.2 | Жылытуға тұтыну, барлығы | -//- | - | 1 238,49 | 1 627,07 | |||
6.4.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | 1 040,78 | 1 371,21 | |||
6.4.2.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | - | 197,71 | 255,86 | |||
6.4.3 | Ыстық сумен жабдықтауды тұтыну, барлығы | -//- | 251,26 | 294,96 | ||||
6.4.3.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | - | - | |||
6.4.3.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | - | - | - | |||
6.4.3 | Жергілікті жылумен жабдықтау көздерінің өнімділігі | -//- | - | 470,19 | 475,03 | |||
6.4.4 | Желі ұзындығы | км | 285,20 | 292,33 | 317,17 | |||
6.5 | Газбен жабдықтау | |||||||
6.5.1 | Табиғи газды тұтыну, барлығы | млн тек.м/ жыл | - | - | - | |||
6.5.1.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | - | - | |||
6.5.1.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | - | - | - | |||
6.5.2. | Сұйытылған газды тұтыну, барлығы | тонна/ жыл | - | 15 694,20 | 16 667,93 | |||
6.5.2.1 | оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке | -//- | - | 13 804,00 | 14 588,50 | |||
6.5.2.2 | өндірістік қажеттілікке | -//- | - | 1 200,00 | 1 350,00 | |||
6.5.3 | Табиғи газ беру көздері | млн тек.м/ жыл | - | - | - | |||
6.5.4 | Қаланың, басқа елді мекеннің отын теңгеріміндегі газдың үлес салмағы | % | - | - | - | |||
6.5.5 | Желі ұзындығы | Км | 98,93 | 104,00 | 110,00 | |||
6.6 | Байланыс | |||||||
6.6.1 | Халықты телевизиялық хабар таратумен қамту | халық % | - | 100 | 100 | |||
6.6.2 | Халықтың ортақ пайдаланылатын телефон желісімен қамтамасыз етілуі | 100 отбасына нөмірлер | - | 35 | 35 | |||
7 | Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау | |||||||
7.1 | Нөсерлік кәріздің жалпы ұзындығы | км | 92 | 119,71 | 215,38 | |||
7.2 | Аумақты су басудан қорғау: | |||||||
7.2.1 | аудан | га | - | - | ||||
7.2.2 | қорғау құрылыстарының ұзындығы | км | 5,41 | 14,35 | 27,21 | |||
7.3 | Шаю және топырақ төсеу, барлығы, көлемі мен ауданы | млн тек.м, га | 107,17 | 107,17 | ||||
7.4 | Жағалауды нығайту | км | 4,46 | 21,06 | ||||
7.5 | Жерасты су деңгейін төмендету | га | 95,0 | 95,0 | ||||
7.6 | Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау жөніндегі басқа да арнайы іс-шаралар | тиісті бірлік | - | - | ||||
8 | Халыққа жерлеу қызметін көрсету | |||||||
8.1 | Зираттардың жалпы саны | га | - | - | - | |||
8.2 | Крематорийдің жалпы саны | бірлік | - | - | - | |||
9 | Қоршаған ортаны қорғау | |||||||
9.1 | Атмосфералық ауаға зиянды заттар шығарындысының көлемі | мың т/ жыл | 50,03 | 50,30 | 50,30 | |||
9.2 | Ластанған суды ағызудың жалпы көлемі | млн.м/ жыл | - | - | - | |||
9.3 | Бүлінген аумақты қалпына келтіру | га | - | - | -- | |||
9.4 | Шу деңгейі 65 Дб жоғары аумақ | га | - | - | - | |||
9.5 | Экологиялық тұрғыдан қолайсыз аумақ (шекті концентрациядан жоғары химиялық және биологиялық заттармен, зиянды микроағзалармен, жол берілген шекті деңгейден жоғары мөлшердегі радиоактивті заттармен ластанған аумақ) | -//- | - | - | - | |||
9.6 | Санитарлық-қорғау аймағында тұратын халық | -//- | - | - | - | |||
9.7 | Санитариялық-қорғау және су қорғау аймағын көгалдандыру | -//- | ||||||
9.8 | Топырақ пен жер қойнауын қорғау | -//- | ||||||
9.9 | Аумақты санитариялық тұрғыдан тазарту | -//- | ||||||
9.9.1 | Тұрмыстық қалдық көлемі | мың т/ жыл | 53,00 | 75,21 | 88,29 | |||
оның ішінде қалдықты саралап жинау | % | 9,5 | 20 | 40 | ||||
9.9.2 | Қоқыс өңдейтін зауыттар | бірлік/ мың т. жыл | - | - | - | |||
9.9.3 | Қоқыс өртейтін зауыттар | -//- | - | - | - | |||
9.9.4 | Қоқыс тиеу станциялары | -//- | - |
75,21 |
88,29 | |||
9.9.5 | Жетілдірілген қоқыс тастайтын жер (полигон) | бірлік/га | - | 7,00 | 7,00 | |||
9.9.6 | Қоқыс тастайтын жердің жалпы ауданы | га | 28,06 | 7,00 | 7,00 | |||
9.9.7 | оның ішінде стихиялық | -//- | - | - | - | |||
9.10 |
Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі өзге де | тиісті бірлік | ||||||
* Ұсынымдық сипаттағы көрсеткіштер |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Бас жоспарына қосымша (негізгі ережелерді қоса алғанда) |