Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.09.2022 № 722 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес және Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының кешендi дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты мақұлдаған Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласының бас жоспарының жобасы бекiтiлсiн.
2. "Петропавл қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 29 наурыздағы N 120 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 наурыздағы N 168 бекiтiлген |
қаулысымен
Петропавл қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың қызметi
Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласының бас жоспары аймақтандыруды, аумақты жоспарлау құрылымын және функционалдық ұйымдастыруды, көлiктiк және инженерлiк коммуникация жүйелерiн, көгалдандыру және абаттандыруды белгiлейтiн қаланың қосымша құрылысын кешендiк жоспарлауды анықтайтын қала құрылысының негiзгi құжаты болып табылады.
Петропавл қаласының бас жоспары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Бас жоспарда келесi жобалық кезеңдер қабылданды:
шығыс жыл - 2003 ж. (01.01.2004)
есептiк мерзiм - 2004-2015 ж.ж. (2004-2008 ж.ж. құрылыстың бiрiншi кезегiн бөле отырып)
Бас жоспарда Петропавл қаласының аумағын дамытудың негiзгi бағыттары, әлеуметтiк, рекреациялық, өндiрiстiк, көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса, табиғи-климаттық жағдайларды есепке алып, сондай-ақ, функционалдық аймақты, резервтiк аумақты және табиғи және техногендiк құбылыстардың және процестердiң қауiптi әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды, экологиялық жағдайларды жақсарту айқындалды.
2. Әлеуметтiк-экономикалық дамытудың индикаторы
Демография
Демографиялық процестердiң динамикасы келешекте баяғыдан тұрақталған дәстүрлi, сондай-ақ, өсiп келе жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер және қоғамдық өмiрдi қайта құру барысында қалыптасқан жаңа қоғамдық дамыту факторларының барлық жиынтығымен анықталады.
Петропавл қаласының демографиялық даму сипаттамасы халықтың табиғи және миграциялық қозғалыстарымен, олардың ауқымдары және бағыттары әлеуметтiк-экономикалық қайта құру нәтижелерiне байланысты болады:
қаланың экономикалық потенциалын дамыту;
еңбекпен қамту және жалақы төлемiнiң деңгейi;
мемлекеттiк және жергiлiктi әлеуметтiк саясат және басқа факторлар.
Халықтың келешектегi санын болжау нұсқалары туудың кезең-кезеңмен артуы (1000 тұрғынға 12,4-тен 22-гe дейiн), өлiмнiң қысқаруы (1000 тұрғынға 16,6-дан 10,6-ға дейiн), халық өмiрiнiң ұзақтығын арттыру және көшi-қонның өсу болжалын ескере отырып, көзделдi. Көшi-қонның оң сальдосына 2003 жылы қол жеткiзiлдi және болжанатын кезеңге дейiн де осылайша көзделдi.
Қазiргi бар халықтың саны (2004.01.01) қалалық әкiмшiлiк бойынша - 193,3 мың адам, Петропавл қаласы бойынша - 192,4 мың адам. Петропавл халқының болжанатын саны тұрақты және инерциялық демографиялық беталыспен анықталады. Петропавл қаласы тұрғындарының перспективтi саны есептеу мерзiмiне саны 1,2 мың адам болатын қалалық әкiмшiлiк құрамына енетiн ауыл тұрғындарының санын ескерiп 230 мың адам деп белгiлендi.
Халықты жұмыспен қамту құрылымын есептеу көрсеткiштерi қаланың экономика салаларындағы жұмыспен қамтылатындар санының 2003 жылғы 85 мың адамнан Бас жоспардың есептеу мерзiмiне 109 адамға дейiн артатынын болжайды.
Қаланың әлеуметтiк және қала құрылыстық дамуының негiзгi мақсаты қаралып отырған аумақта халықтардың тұруына әлеуметтiк-психологиялық қолайлылық және жоғары деңгейдi құру.
Мына көрсеткiштердi 2003 жылғымен салыстырғанда Бас жоспарды есептеу мерзiмiне арттыру Петропавл қаласы қала құрылысының негiзгi бағыттарының тиiмдiлiгiнiң экономикалық индикаторлары болып табылады.
жалпы өңiрлiк өнiмдi өндiру көлемiн 3 есе;
бiр адамға шаққандағы кiрiстердi 2 еседен асыру.
Тұрмыстық-азаматтық құрылыс
Жаңа тұрғын үй құрылысының көлемiн есептеген жағдайда, Бас жоспарды есептеу мерзiмiне қаланың барлық тұрғын үй қорын 5980,0 ш.м. ұлғайтқанда европалық деңгейге (26 ш.м./адам) жақындатылған жайлы тұрмыстық жағдайға қол жеткiзу үшiн жыл сайын тұрғын үйдi iске қосуды бiртiндеп өсiру тенденциясын ұстау қажеттiлiгi және қазiргi заманғы жағдай ескерiлдi.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын ескерiп, жобалау кезеңiнде жалпы ауданы 2371,2 мың ш.м. құрылыс салу көзделдi. Тұрғын үй саясатында бау-бақшасы бар үй-жайлық тұрпатты аз қабатты құрылыс басымды даму алады.
Құрылыс бос аумақтарда да (1297,0 мың ш.м./1093 гa), ескi үйлердi бұзу (928,8 мың ш.м./285 га) және қазiргi бар құрылыстарды тығыздау (145,4 мың ш.м./39 гa) есебiнен қайта жаңартылатын аумақтарда да жүзеге асырылады.
Қазiргi бар аз қабатты қадiрсiз тұрғын үй қорын кемiту 212 мың ш.м. мөлшерiнде көзделуде немесе қазiргi бар үйлерден 5,5%-ғa және жаңа тұрғын үй қорының көлемiнен 8,9%.
Петропавл қаласын қайта жаңартудың және дамытудың басым бағдарламасы тұрғын аудандарда халықтың барлық әлеуметтiк топтары үшiн әртүрлі тұрпаттағы тұрғын үйлер құрылысын салудың кешендiлiгi болып табылады, ол құрылысқа шығынды азайтуға ықпал ететiн болады және жаңа келбеттi қала құруды қамтамасыз етедi.
Жаңа тұрғын үй құрылысының ең iрi алаңшалары - "Орталық", "Жас Өркен", "Ой қала", "Орман", "Шығыс", "Юбилейный", "Солнечный" және "Пестрое" көлi ауданы.
Тұрғын элиталы құрылыс салу "Орман" тұрғын үй кеңiстiгiндегi орман отырғызудан бос учаскелерде, "Ой қалада" қайта жаңартылған аумақтарда, "Пестрое" көлi ауданы мен жалпы қалалық орталықта қаланың ең маңызды қала құрылысы тораптарының жақсартылған сәулеттiк келбетiн қалыптастыру мақсатында құрылатын болады.
Бас жоспармен мекемелердiң қалалық және облыстық маңызы бар нысаналарды әлеуметтiк-экономикалық қызмет көрсету минимумымен қамтамасыз етуiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзу бағытындағы жаңа әлеуметтiк-экономикалық және қала құрылыстық жағдайларды ескерiп, әлеуметтiк саланы дамыту көзделген.
Қаланың әлеуметтiк салалары дамуының негiзгi басымдықтары оның Солтүстiк Қазақстан облысының облыстық орталығы және туризм, демалыс және өңiрдiң спорттық рекреациясы орталығы мәртебесiне сәйкес келетiн келешектегi дамуы болып табылады.
Жоспарланған аудандарды қызмет көрсететiн нысандардың, парк және спорт аймақтарының толық кешенiмен, сондай-ақ, бар парктердi, скверлер мен сауда аймақтарын қайта жаңартып және абаттандырып, қоғамдық орталықтарды дамыту жоспарланды.
Экономикалық қызмет
Петропавл қалалық әкiмшiлiгiнiң экономикалық қызметiнiң негiзiн қайта өңдеу өнеркәсiптерi, электр қуатын, газ бен суды өндiру және бөлу құрайды. Олардың үлесiне өнеркәсiп өнiмдерi көлемi және экономикамен айналысатын халықтың маңызды бөлiгi жатады.
Экономикалық дамудың гипотезасы дәстүрлi өңдеу өнеркәсiбi салаларының дамуы тарихи қалыптасқан ресурстық әлеует (машина, көлiк құралдары мен жабдықтары, азық-түлiк өнiмдерi мен электр қуаты, газ бен су), сондай-ақ экономикалық қызметтiң жаңа саласын-радиоэлектрондық өнеркәсiптi құру және дамыту негiзiнде әзiрленген.
Қаланың өнеркәсiптiк кешенi дамуының басты мақсаты iшкi және сыртқы нарық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн бәсекелестiкке қабiлеттi өнiмдер өндiрудiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларды одан әрi тиiмдi үйлестiру және өзара әрекеттестiгi, шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы жоспарланды.
Материалдық өндiрiс аясының салаларын жаңарту және реструктуризациялау экологиялық таза және жоғары технологиялық пайдаға ұсынылды.
Бас жоспар өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыруды ұсынады, оның мақсаты олардың экологиялық қауiпсiздiгiн арттыру және қаланың дамуы мүддесiнде олардың қала құрылыстық әлеуетiн тиiмдiрек пайдалану.
Алдағы уақытта Петропавл қаласы ауыл шаруашылық, машина жасау өнiмдерiнiң, жеңiл және тамақ өнеркәсiптерi тауарларының халықаралық көрмелерiн өткiзу үшiн шағын бизнес орталықтары-бизнес инкубатордың, технологиялық парктердiң қалыптасқан желiлерiмен, жоғары дамыған қонақ үйi, мейрамханалары және көрме кешендерi бар халықаралық сауда орталығы ретiнде қаралады. Қазiргi уақытта қала экономикасында шекаралық сауда үлкен орын алатындықтан, Қазақстан BTO-ғa енгеннен кейiн қаланың маңыздылығы артуы мүмкiн.
Петропавл қаласы дамуының мақсаты барлық әлеуметтiк мәселелердi шеше алатын сенiмдi инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымы бар тұрақты және бәсекелестiкке қабiлеттi экономиканы қалыптастыру болып табылады.
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетiн пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуеттi сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерiн түбегейлi шешуге қабiлеттi әдемi теңдессiз бар жаңа тиiмдi экономика секторы ретiнде туризм, спорт және белсендi демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған.
Қонақ үй және мейрамхана бизнесi, көлiктiк-коммуникациялық жүйелер, аграрлық азық-түлiк кешенi, құрылыс, халық қолөнерiнiң дамуы және т.б. жалғас салалардың дамуымен шетелдiк және iшкi тарихи-мәдени танымдық туризм бағыттардың басымды түрлерiнiң бiрi болып табылады.
Бас жоспар орталығы Петропавл қаласында орналасатын туризмнiң кешендi инфрақұрылымын құруда мыналарды көздейдi:
бар демалыс аймағын қайта жаңарту және жаңа туристiк базалар құру;
кәсiби экскурсиялық қызмет орталығын қалыптастыру;
ақпараттық-анықтама қызметi, туристiк бюро және көлiктiк агенттiктер орталығын құру;
ойын-сауық, көрме, жәрмеңке индустриясын, сауда-тұрмыстық мақсаттағы нысандар, спорттық-сауықтыру кешендерi мен медициналық пунктердi дамыту;
әуежайында және темiржол вокзалында көлiктiк туристiк қызмет көрсету жүйесiн ұйымдастыру, арнайы көлiкке қызмет көрсету паркi мен кәсiпорындарын және автомобиль прокатын дамыту, туристiк аймақтарда автотұрақтар көлемiн арттыру.
3. Петропавл қаласының қала құрылыстық дамуының мақсаттары
Петропавлдың қала құрылыстық дамуының басты мақсаты - ол жайлы және эстетикалық тартымды өмiр сүру ортасын құруды қамтамасыз ететiн қаланың экологиялық тұрақты және үйлесiмдi дамуы; өмiр сапасын жақсарту.
Осы мақсатқа жету мыналарды сипаттайды:
қала құрылыстық шешiмдердiң сабақтастығы;
қала келбетiнiң сәулеттiк-кеңiстiк бiрлiгi және эстетикалық мәнерлiлiгi;
тұрғын үй мәселелерiн шешу кешендiлiгi, тұрғын аумақтарын қайта жаңарту және дамыту, қолайлы тұрғын үй ортасын қалыптастыру;
тұрғын үйлiк, өнеркәсiптiк, қоғамдық-iскерлiк, табиғи-рекреациялық және басқа да қалалық аумақтардың теңестiрiлiп дамуы;
қоғамдық орталықтар жүйесiнiң дамығандығы және қол жетiмдi болуы;
өндiрiстiк аумақтарды пайдаланудың тиiмдiлiгi;
өмiр сүру ортасының экологиялық қауiпсiздiгi және табиғи кешеннiң тұрақтылығы;
көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымның сенiмдiлiгi, қауiпсiздiгi және тұрақтылығы.
Аталған мақсаттарға қол жеткiзу Петропавл қаласының аумағын қайта ұйымдастыру және абаттандыру, қазiргi бар құрылыстарды қаланың тарихи орталығын сақтап қайта жаңарту, өмiр сүру ортасының сапалық сипаттарын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс.
Қоршаған ортаға әсер етуiн бағалау
Петропавл қаласының қала құрылыстық дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады:
Оның тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарындағы өмiр сүру ортасын түбегейлi сауықтыру, ең алдымен қаланың оңтүстiк-шығыс, шығыс және оңтүстiк аудандарында;
табиғи кешеннiң қазiргi бар аумақтарын жағымсыз антропогендiк әсерлерден қорғау, жүргiзiлген шаруашылық қызметi салдарынан жоғалтқан Есiл өзенiнiң аңғарын сауықтыру және жаңғырту, сондай-ақ, резервтiк аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;
өмiр cүpу ортасының жайлылығын, оның iшiнде аумақтарды жасылдандыру және қаланың тұрғын үйлiк және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.
Петропавл қаласының қала құрылыстық дамуына қойылатын экологиялық талаптардың қажеттi орындау шарттары болып табылады:
қала аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
қаланың ықшамды функционалдық-жоспарлау құрылымы;
Есiл өзенiнiң аңғарында рекреациялық жүйе қалыптастыру;
Есiл өзенiнiң жағалық алқабын инженерлiк қорғау жөнiндегi iс-шаралар;
Су қорғау аймағын (500 м) және жағалауға жақын алқапты (100 м) сәйкес Есiл өзенi (300 м) және Пестрое көлiнде (50 м) ұйымдастыру және абаттандыру, оны қаланың пайдалануына қатаң регламент белгiлеу;
өнеркәсiптiк және селитебтiк аумақтар арасында санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
табиғи кешеннiң қазiргi бар аумақтарын қолайсыз антропогендiк әсерлерден қорғау және жасылдандырудың үздiксiз жүйесiн қалыптастыру және құру және қаланың тұрғын үйлiк және қоғамдық аймақтарында микроклиматтық жағдайларды жақсарту жөнiндегi шараларды iске асыру;
жол қозғалысын ұйымдастыруды жетiлдiру және магистральдардың өткiзу қабiлетiн арттыру, магистральдардың бойында шудан қорғайтын үйлер мен экрандар салу, тұрақты сұрыпты жасыл алқаптар құру арқылы шулы қолайсыз аймақтарды жою;
бұзылған аумақтарды қалпына келтiру (күл, қоқыс-қалдықтар төгетiн жерлердi және т.б.);
экологиялық таза аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзу, ұйымдастырылмаған қалдықтар көздерiнiң санын азайту, өнеркәсiптiк қалдықтар көздерiн, ағынсыз өндiрiс циклдарын шаңұстағыш қондырғылармен қосымша жабдықтау, өнеркәсiп нысандарының су тазартқыш жабдықпен жабдықталуын 100% дейiн жеткiзу;
ауыз су тазалығы стандарттарының сақталуын және өндiрiстiк және коммуналдық ағынды су мен жер үстi суағардың тазалануын қамтамасыз ету;
көлiк қозғалысының үдемдiлiгiн ұлғайту және жүктiң толассыздығын бөлудi қадағалау;
жүк көлiгiнiң ерекше қозғалысымен және аралас қозғалысқа арналған айналма жолдар салу;
сумен жабдықтау және су бұрудың орталықтандырылған жүйелерiн қайта жаңарту және кеңейту;
электрондық деректер жиынтығын және оларды басқару технологиясын құрып, экологиялық-геохимиялық мониторингтiң (атмосфераның, Есiл өзенi мен көлдердiң, жер асты суының, өсiмдiк әлемiнiң, геологиялық ортаның және т.б.) бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру;
қоныстық және өнеркәсiптiк аймақтардағы әуе бассейнiнiң жағдайын қадағалау үшiн екi жаңа стационарлық бекеттер құру;
экономикалық жағдай жасау жүйесiн енгiзу (санкцияларды қоса), табиғатты тиiмдi пайдалануға бағытталған.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қалпына келтiру
Петропавл қаласындағы сақталған тарихи ескерткiштер халықтың мемориалдық және көркем мәдениетi болып табылады, жас буындарды эстетикалық және идеологиялық тәрбиелеудiң көзi және құралы ретiнде қызмет атқарады.
Басқа тарихи және мәдени ескерткiштермен салыстырғанда, сәулет ескерткiштерiнiң ерекшелiгi (ойқалада орналасқан шiркеу, Есiл өзенiнiң биiк жағасындағы бекiнiс) қаланың кеңiстiк композициясындағы, көшелер мен алаңдарды қалыптастыруда олардың белсендi көрнекi рөлi болып табылады.
Осы тарихи-сәулеттiк ескерткiштердi сақтау мақсатында арнайы зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргiзу қажет.
Бас жоспармен қала құрылысына жол ашқан бұрынғы бекiнiстi қалпына келтiру көзделген. Ол жерде "Петропавл бекiнiсi" тарихи мұражайы салынбақшы. Сондай-ақ, қала аумағында туризмге қызмет көрсететiн нысандар, түрлi көру алаңшалары мен автотұрақтарды орналастыру жобаланып отыр.
Аумақты сәулеттiк-жоспарлық ұйымдастыру
Петропавл қаласы белгiленген мерзiмге дейiн Қала құрылыстық даму тұжырымдамасына сәйкес солтүстiк бағытта Есiл өзенiнiң оң жағалауына қарай аумақты дамитын болады.
Қаланы өндiрiстiк және қоныстық аумақтарға нақты бөлу көзделедi. Қаланың негiзгi функционалдық аймақтары болып табылады:
тұрғын үй кеңiстiктерi, қызмет ету учаскелерi мен кәсiпорындары, ортақ пайдаланымдағы екпе ағаштар, көшелер, өткелдер, алаңдар мен автотұрақтар орналасатын қоныстық аймақ;
солтүстiк-шығыс және оңтүстiк-батыс жағындағы өндiрiстiк аймақта өнеркәсiп кәсiпорындары, базалар және қоймалар, коммуналдық қызмет ету нысандары орналасқан;
сыртқы көлiк, автокөлiк кәсiпорындары мен базалар аумақтары;
санитарлық-қорғау, су қорғау, желден қорғау орманды дала аймақтары және орман-бақтар және Есiл өзенiнiң көгалдандырылған жайылмасы.
Қабылданған сәулет-жоспарлау шешiмi есептi мерзiмнiң соңына 5 жоспарланған аудан ұйымдастыруды көздейдi. Оның әрқайсысында аудан тұрғындарын мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандармен қамтамасыз ететiн қоғамдық орталықтар ұйымдастырылады.
1. Орталық жоспарланған аудан: шығыста Жамбыл көшесi, Университет көшесi темiржол вокзалына дейiн батыста Есiл өзенi, солтүстiкте Гашек көшесi шекараларында.
Осы жоспарланған ауданның басым бөлiгi қайта жаңартуға жатады.
Қаланың бас көшелерiнiң бiрi - Жамбыл көшесiнiң бойындағы тозған бiр қабатты құрылысты, сондай-ақ құнсыз тұрғын үй қорын көп қабатты, мәдени-тұрмыстық, ойын-сауық мақсатындағы нысандармен ауыстыру ұсынылады. Құрылыстың бiрiншi кезеңiнде осы жоспарланған ауданда "Жас Өркен" тұрғын үй кеңiстiгi пайда болуы тиiс.
Жоба М.Жұмабаев көшесiн Юбилейный көшесiне дейiн ұзартуды көздейдi. Магистраль жанындағы аумақтар көп қабатты үйлер, мәдени-тұрмыстық, әлеуметтiк мақсаттағы нысандар салынатын болады.
Қаланың ойқала бөлiгi қайта жаңартылуға жатады. Қаланың солтүстiк-батыс жағындағы Папанин көшесiнiң бойында "Подгорный" тұрғын үй кеңiстiгi орналасқан. Бұл кеңiстiкте шағын қабатты блокталған үй салу көзделдi.
2. Оңтүстiк жоспарланған аудан қаланың оңтүстiк жағынан темiржол магистралiмен бөлiнген. Аудан негiзiнен жеке құрылыстан тұрады.
Осы жоспарланған аудан екi тұрғын үй кеңiстiгiнен тұрады:
"Жұмысшы кентi" және "Пестрое" көлi алқабы. "Жұмыс кентi" тұрғын үй кеңiстiгi қазiргi уақытта салынған үйлерден оңтүстiкте орналасқан. Магистраль бойында шағын қабатты блокталған үйлер салуға болады. Қалған аумақ - үй жанындағы учаскелерi бар жеке құрылыстар.
Магистральды көшелердiң қиылысында жоспарланған ауданның қажеттi қызмет көрсету нысандары бар орталығын салу көзделуде.
Жоспарланған ауданның батыс бөлiгiнде "Пестрое көлi" тұрғын үй кеңiстiгi орналасады, онда үй жанындағы учаскелерi бар құрылыс көзделдi.
3. Солтүстiк жоспарланған аудан Гашек көшесiнен жоғары қаланың солтүстiгiнде орналасқан. Осы жоспарланған ауданда 19 және 20 шағын аудандар орналасқан. Жоба осы шағын аудандарды тығыздауды ұсынады.
Юбилейная көшесiнiң бойындағы магистраль жанындағы бос аумақтарда көп қабатты үйлер салынады. Осы ауданда "Балалар" ауылынан шығысқа қарай орналасқан жеке учаскелерi бар "Шығыс" тұрғын үй кеңiстiгi де салынады.
Саяжайлар салынған ауданда және танкодром аумағына бөлiнген жерде жобамен "Орман" тұрғын үй кеңiстiгiн орналастыру ұсынылады. Осы орманда орналастырылған тұрғын үйлер кеңiстiктерi оны қаланың элиталық ауданына айналдыруы тиiс.
Бос аумақтарда құрылыс салған кезде бар орман-бақтарды, парктер мен саябақтарды, ортақ пайдаланудағы екпе ағаштарды барынша сақтау қажет.
"Солнечный" тұрғын үй кеңiстiгi де одан әрi дамитын болады. Осы тұрғын үй кеңiстiгiндегi негiзгi құрылыс учаскелерi бар жердегi үйлер. Юбилейная көшесi бойында блокталған құрылыс, сондай-ақ қызмет көрсету, мәдени, тамақтану нысандарын, дүкен салу ұсынылады.
4. Жоспарланған сол жағалауындағы аудан Есiл өзенiнiң сол жағасындағы бар "Былғары зауыты" және "Заречный" тұрғын үй кеңiстiгi кiредi. Осы жоспарланған ауданда тұрғын үй құрылысы қарастырылмаған, өйткенi барлық аудан су басу аймағында орналасқан. Сондықтан жобада жағалауларды нығайту жұмыстары және аймақты инженерлiк дайындау бойынша iс-шаралар өткiзу, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандар салу ұсынылады.
5. Жоспарланған өнеркәсiп ауданы жоспарланған Орталық ауданға шығыс жағынан қосылады, оған "Копай", "Бензострой" тұрғын үй кеңiстiктерi мен өнеркәсiп аймағы кiредi.
"Копай" тұрғын үйлер кеңiстiгi ауданында есептi мерзiмге қалалық магистраль болуға тиiстi Крепостная көшесiнiң бойында көп қабатты құрылыс ұсынылады.
Жобада "Бензострой" тұрғын үй кеңiстiгiнде көп қабатты құрылыс салу ұсынылады, онда қазiргi кезде жер кесiп берiлдi.
Есептi мерзiмге дейiн Бас жоспармен 1417,0 га қоныстық аймақты игеру көзделедi.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары
Маңызды құрылымды қалыптастыратын элемент - Петропавл қаласының қоғамдық орталығы, өзара бiрыңғай жүйеде байланысқан басты жалпы қалалық қала құрылыстық тораптардан, алаңдар мен жоспарланған аудандар орталықтарынан тұрады.
Бас жоспарда жалпы қалалық және басқа да қоғамдық орталықтар кеңiстiгi жүйесiн қалыптастыру, өзен жағалауы алқабында және орман-бақ аймағында халық жаппай дем алатын дене шынықтыру-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық мекемелерiн орналастыру жөнiнде принциптi шешiмдер берiлген.
Қазiргi бар, жаяу жүргiншiлер жүретiн Конституция көшесiнiң бойында қалыптасқан жалпықалалық орталық одан әрi дамиды.
Конституция көшесi мен Жамбыл көшесiнiң қиылысында мәдени-демалыс орталығымен "Достық" алаңы салынады.
Қалада халықаралық бизнес, сауда және iскерлiк қарым-қатынас орталығы ретiндегi өңiрлiк функцияларды кеңейтудi қосатын коммерциялық-iскерлiк сала одан әрi дамиды. Осыған байланысты, қаланың әртүрлi аудандарында негізгі көлемдік-кеңiстiк тораптардың қалыптасуын толықтыратын коммерциялық-iскерлiк сала мекемелерiн салу көлемiн көбейту белгiлендi.
4. Көлiк инфрақұрылымының дамуы
Бас жоспарда сыртқы көлiк жүйесiнiң дамуы (әуе, темiржол, су, автомобиль, және құбыр) және қалалық көше-жол желiсiнiң құрылыстары және жаңа құрылыс нысандарын салу және қалпына келтiру, көлiк жолдарының, көпiрлер мен қала көлiгiнiң дамуы бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар көрсетiлген. Темiржол вокзалы мен әуежайды қайта жаңарту жоспарланды.
Жобамен қаланың сыртқы көлiк байланыстарын әрi қарай дамыту ұсынылады: қаланың осы заманғы көше-жол желiсiн қалыптастыру, Петропавлдың әртүрлi аудандары арасында сенiмдi көлiк байланысын құру, инфрақұрылыммен сай келетiн магистраль желiсiн жарақтандыру.
Есептi мерзiмге қаланың көше-жол желiсiн дамыту және жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар Бас жоспардың сәулеттiк-қала құрылыстық шешiмiмен және қаланың қалыптасқан жоспарлы құрылымы өзара байланыстырылған.
5. Инженерлік инфрақұрылымның дамуы
Сумен жабдықтау
Бас жоспарда Петропавл қаласының қазiргi сумен жабдықтау сұлбасы сол қалпында сақталады.
Қалада суды пайдалану 1 кезекке 90,25 мың м 3 /тәулiкте, белгiленген мерзiмге 106,13 мың м 3 /тәулiкте құрайды. (қазiргi су пайдаланумен салыстырғанда 50,84 мың м 3 /тәулiкте).
Қазiргi су тартқыштың қуаттылығы қаланы қажеттi сумен қамтамасыз етедi.
Сумен үздiксiз қамтамасыз ету үшiн, бiрiншi кезекте, қаладағы апаттық учаскелердiң желiлерiн қалпына келтiру және ауыстыру көзделiп отыр.
Жобамен су құбырларының имараттарын орталықтандырылған автоматтандырылған басқару жүйесiн және суды тазарту үшiн жаңа технологияға көшу көзделдi.
Су тарату жүйесi
Бас жоспарда Петропавл қаласының қазiргi бар канализацияның сұлбасы сол қалпында сақталады.
Су тарату мөлшерi 1 кезекке 65,37 мың м 3 /тәулiгiне, белгiленген мерзiмге 82,24 мың м 3 /тәулiгiне (қазiргi су таратумен салыстырғанда 41,87 мың м 3 /тәулігіне) құрайды.
Қазiргi бар құбырларды механикалық және толық биологиялық тазарту КТҚ қуаттылығы қаладан болашақта болатын канализация қалдықтарының көлемiн қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Жобамен қазiргi бар нысандарды одан әрі қайта жаңарту және жаңа канализация желiлерi мен құрылыстарын салу көзделедi. Аз қабатты үйлер және жаңа құрылыс басталатын аудандарда 7 КНЖ салу көзделдi.
Санитарлық тазарту
Қазiргi уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар және өнеркәсiп кәсiпорындарының өндiрiстiк қоқыстары қаланың селитеб аумағынан оңтүстiк-шығыс жаққа қарай орналасқан ҚТҚ полигонына шығарылады. ҚТҚ полигонының ауданы 21 га.
Қала аумағынан әкелiнген қалдықтардың жиналуы мен залалсыздандырылуы жетiлдiрiлген қоқыстар үйiндiсiнде жүзеге асырылады. Ол үшін ҚР СҚ 1.04-15-2002 талаптарына сай ҚТҚ полигонын толық қайтадан жаңарту ұсынылып отыр. Полигондағы ҚТҚ жинау, тығыздау, оқшаулау жөнiндегi жұмыстар механикаландырылып жүргiзiледi.
Аумақты инженерлiк дайындау
Бас жоспармен қала аумағында топырақ суының деңгейiн төмендету, ағын суының жер бетiнен өтуiн және екпе ағаштардың суарылуын ұйымдастыру, аумақтарды Есiл өзенiнiң тасқын суынан қорғау және жағалау алқабын көркейту көзделдi.
Қала жерлерiн құрылыс жүргiзуге тиiмдi пайдалану үшiн негiзгi iс-шаралар мыналар болып табылады:
36,3 шақырымға созылатын өзi ағатын нөсер суы канализацияларының желiлерiн, 7 шақырымға созылатын арын нөсер құбырларын, 4 шақырымға созылатын дренаждық желiлердi, 5 дана нөсерлiк және дренаждық ағындарды қайта құятын насос станцияларын салу;
нөсерлiк және дренаждық суды жинау және тазалау үшiн 36,3 шақырымға созылатын қала аумағынан келетiн жер бетiндегi суды жинау және тарту үшiн тазарту құрылыстарымен бiрге нөсер суы канализацияларының жабық жүйесiнiң 10 тұндырғышын салу;
жер асты су қабаттары 0-ден 2,0 м дейiн орналасқан аумақтарда көлбеу жабық дренажды және жертөлелерi бар ғимараттарда қосымша жертөле бөлмелерiнде гидрооқшалау жүйелерiн салу;
Есiл өзенiнiң жанындағы аумақтарға су жайылмау үшiн, оның арнасында тасқын суының үздiксiз өтуiн қамтамасыз ететiн гидротехникалық құрылыстар кешенiн салу;
Есiл өзенiнiң жайылмасында суда спорттық демалыс аймағын құру.
Жылумен жабдықтау
Қаланың суммарлық жылу жүктемесi Бас жоспардың есебiмен 1 кезекке - 1050 Гкал/сағ., есептiк мерзiмге - 1427 Гкал/сағ. белгiленген.
Петропавл қаласының жылумен жабдықтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары:
барынша жетiлдiрiлген энергия қуатын сақтайтын және экологиялық тиiмдi технология болып табылатын ЖЭО жылуландыру базасы негiзiнде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн сақтау, жетiлдiру және одан әрi қарай дамыту (электр және жылу қуатын қоса шығару);
зауытта жасалған (АОЖ) осы заманғы, сапасы жоғары автономды жылыту жабдықтарын енгiзу арқылы жер үй салынған аудандарда орталықсыздандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн жаңарту, жетiлдiру және дамыту;
Жылуландыру жүйесiнде мынадай шаралар қарастырылады:
жұмыс iстеу мерзiмi бiткен, ескiрiлген жабдықтарын ауыстыру арқылы ПЖЭО-2 техникалық жақтан қайта қаруландыру, жаңарту, сондай-ақ, технологиялық жағдайды осы заманғы әлем стандарттарының деңгейiне сай келетiндей етiп станцияны одан әрi кеңейту;
нормадан артық мерзiмде ұзақ пайдаланылған қазiргi бар жылыту желiлерiн кезең-кезеңмен қайта жаңарту және қалпына келтiру, және де жылуландыру аймағында жаңа учаскелердi салу.
Электрмен жабдықтау
Барлық жобалау кезеңге генерирленген қуаттылығы бойынша артық болып табылатын, белгіленген қуаттылығы 380 МВт болатын ПЖЭО-2 Петропавл қаласын және маңайындағы аудандарды орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың негiзгi көзi болып табылады.
Бас жоспардың есептерiмен белгiленген мерзiмге қаланың электр қуатын пайдалануы 1440 млн. кВт.сағ. көлемiнде күтiледi, оның iшiнде бiрiншi кезекте - 1000 млн.кВт.сағ., ең артық электр жүктемесi сәйкес түрде 230 және 180 МВт болады.
Бас жоспармен қаланың электрмен жабдықтау жүйесiн дамытудың келесi бағыттары көзделген:
қазiргi бар 110 кВ ЖВЖ қайта жаңарту және ПЖЭО-2-ден шығатын 110 кB ЖВЖ қимасы одан үлкенiне ауыстырып, оның басты учаскелерiн нығайту;
құрылыс жүрiп жатқан аймақта ахуалды және моральды ескірген ПС қайта жаңарту және техникалық қайта қаруландыру, қуаттылығы мол алты 110/10 кВ ПС-қа трансформаторларды ауыстыру;
болашақта құрылыс басталатын аудандарда екi жаңа 100/10 кВ ПС құру;
110 ЖВЖ және 35 кВ өтетiн трассаны ретке келтiру;
10 кВ қалалық электр желiсiнiң шаруашылығын жаңарту және техникалық жақтан қайта қаруландыру.
Газбен жабдықтау
Барлық жобалау мерзiмiне тұтынушыларды сұйытылған көмiрсутектi газбен (СКГ) қамтамасыз етудiң қазiргi жүйесi сол қалпында сақталады.
Газды тұтыну мөлшерiн нормативтiк деңгейге дейiн жеткiзу жобаланады.
Бас жоспардың есебiмен СКГ жылдық шығыны 1 кезекке 14269 т, белгiленген мерзiмге - 14308 т. мөлшерiн құрайды.
Петропавл қаласы бас жоспарының жобасы бойынша негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштер
N п/п | Көрсеткiштер | Өлшем бiрлiгi | Шығыс жылы | Бiрiншi кезек | Есептiк мерзiм |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аумақтық | ||||
1.1 | Селитебтi аумақтар | га | 3570 | 3683 | 4641 |
1.1 1 | Ықшам аудандар, кварталдар - барлығы, | га | 2203 | 2525 | 3335 |
соның iшiнде: | |||||
- үй-жайлық құрылыс | га | 1350 | 1538 | 2032 | |
- бiр-екi қабатты қосымша құрылыс | га | 93,7 | 75,7 | 71,7 | |
- үш-төрт қабатты қосымша құрылыс | га | 71 | 87 | 87 | |
- бес қабатты қосымша құрылыс | га | 516 | 618 | 853 | |
- алты-он қабатты қосымша құрылыс және одан жоғары | га | 172,3 | 176,3 | 198,3 | |
- аз қабатты блоктық қосымша құрылыс | га | 30 | 93 | ||
1.1 2 | Қалалық және облыстық маңыздағы мәдени-тұрмыс -тық қызмет көрсету және спорт құрыл- ғылары меке- мелерiнiң аумағы | га | 210 | 240 | 320 |
1.1 3 | Жалпы қалалық маңыздағы жасыл желектер | га | 50 | 120 | 140 |
1.1 4 | Магистралды көшелер, алаңдар, автомобиль тұрақтары | га | 223 | 305 | 393 |
1.1 5 | Өзге аумақтар - барлығы, | га | 760 | 493 | 453 |
соның iшiнде: | |||||
- өнеркәсiп- тiк және коммуналдық -қоймалық қосымша құрылыс және труба құбырлары | га | 205 | 185 | 165 | |
- темiр жолды кесiп беру | га | 175 | 175 | 175 | |
- танкодром | га | 26 | 6 | 6 | |
- рекультива- цияны қажет ететiн басқа аумақтар (жыралар, қолайсыз және қолда- нылмайтын) | га | 354 | 127 | 107 | |
1.1 6 | Бос аумақтар- дың резервi | га | 124 | 0 | 0 |
1.2 | Қалған аумақтар | га | 8587 | 8627 | 8629 |
1.2 1 | Өнеркәсiптiк, коммуналдық- қоймалық, көлiктiк және арнайы аумақ- тар және оларды дамыту үшiн резервтер | га | 2617 | 2667 | 2717 |
1.2 2 | Саяжайлар, бақшалар | га | 3186 | 3186 | 3218 |
1.2 3 | Басқа аумақтар (қолайсыз және қолда- нылмаған, рекультива- цияны қажет ететiн, санитарлық- қорғау аймақтары, өнеркәсiптiк аймақтар резервiсi) | га | 2784 | 2774 | 2694 |
1.3 | Өзге аумақтар | га | 10004 | 9851 | 9541 |
1.3 1 1.3 2 | Суқоймалар, жайылма аумақтар | га | 1226 | 1226 | 1200 |
Ауыл шаруашылық маңыздағы | га | 3971 | 3718 | 3214 | |
1.3 3 | Орман қоры | га | 4674 | 4674 | 4554 |
1.3 4 | Санитарлық- желден қорғағыш жасыл желектер | га | 100 | 200 | 500 |
1.3 5 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | га | 33 | 33 | 33 |
1.3 6 | Жалпы қолда- ныстағы рекреациялық аймақ | га | 40 | ||
Қаланың жобалық шекарадағы барлығы | га | 22161 | 22161 | 22811 | |
2 | Халық | ||||
2.1 | Халықтың саны - барлығы, | мың адам | 193,3 | 210,0 | 230,0 |
соның iшiнде: | |||||
- қалада | мың адам | 192,4 | 210 | 230 | |
- басқа елдi мекендерде | мың адам | 0,9 | 0 | 0 | |
2.2 | Халықтың тығыздылығы | ||||
- селитебтi аумақтар шегiнде | адам/га | 54,1 | 57,0 | 50,0 | |
- қала аумағы шегiнде | адам/га | 8,7 | 9,5 | 10,1 | |
2.3 | Қалалық әкiмшiлiк бойынша халықтың жас құрылымы | ||||
2.3 1 | 15 жасқа дейiнгi балалар | мың адам % | 32,3/16,7 | 35,9/17,1 | 45,8/19,9 |
2.3 2 | Еңбекке қабi- леттi халық (еркектер 15-62, әйелдер 15-57 жас) | мың адам % | 129,5/67 | 140,5/66,9 | 156,4/68 |
2.3 3 | Еңбекке қабiлетi адамдар жасынан жоғары | мың адам % | 31,5/16,3 | 33,6/16 | 27,8/12,1 |
3 | Тұрғын үй құрылысы | ||||
3.1 | Тұрғын үй қоры | мың м 2 | 3820,8 | 4410 | 5980 |
3.2 | Жалпы қордан: | ||||
3.2 1 | - көп қабатты үйлерден | мың м 2 | 2966,9 | 3393,2 | 4366,3 |
3.2 2 | - үй-жай типтегi үйлер | мың м 2 | 853,9 | 1016,8 | 1613,7 |
3.3 | Тұрғын үй қорынан шығын, тозу 70% | мың м 2 | 50,8 | 212 | |
3.4 | Сақталатын тұрғын үй қоры | мың м 2 | 3770 | 3608,8 | |
3.5 | Қабат бойынша тұрғын үйдi бөлу: | ||||
3.5 1 | үй-жайлық (коттедж) | мың м 2 | 853,9 | 1016,8 | 1613,7 |
3.5 2 | бiр-екi қабатты | мың м 2 | 139,7 | 118 | 112,4 |
3.5 3 | үш қабатты | мың м 2 | 99,2 | 146,6 | 146,6 |
3.5 3 | төрт қабатты | мың м 2 | 131,5 | 131,5 | 131,5 |
3.5 4 | бес қабатты | мың м 2 | 1939,4 | 2261 | 2995,0 |
3.5 5 | алты-тоғыз қабатты | мың м 2 | 455,8 | 470,8 | 552,4 |
3.5 6 | он қабатты | мың м 2 | 201,3 | 201,3 | 201,3 |
3.5 7 | аз қабатты блоктық қосымша құрылыс | мың м 2 | 0 | 64 | 227,1 |
3.6 | Тұрғын үй қорының жалпы алаңынан халықтың орташа қамтамасыз етiлуi | м 2 /адам | 19,8 | 21 | 26 |
3.7 | Жаңа тұрғын үй құрылысы | мың м 2 | 640 | 2371,2 | |
3.8 | Қабат бойынша жаңа тұрғын үй қорының айырмасы | ||||
соның ішінде | |||||
үй-жайлық (коттедж) | мың м 2 % | 192/30 | 944,5/39,8 | ||
үш қабатты | мың м 2 % | 47,4/7,4 | 47,4/2,0 | ||
бес қабатты | мың м 2 % | 321,6/50,3 | 1055,6/44,5 | ||
алты-тоғыз қабатты | мың м 2 % | 15/2,3 | 96,6/4,1 | ||
аз қабатты блоктық қосымша құрылыс | мың м 2 % | 64/10 | 277,1/9,6 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 30,4 | 150,0 | ||
соның iшiнде, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен/рес- публикалық бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 1,1/1,28 | 1,1/1,28 | ||
4 | Мәдени-көр- мелiк және мәдени-тұр- мыстық маңыздағы мекемелер | ||||
4.1 | Мектеп алды балалар мекемелерi (барлығы/1000 адам.) | орын | 2815/15 | 6615/32 | 13000/57 |
жаңа құрылыс | орын | 3800 | 10250 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 2,0 | 6,3 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0,06/0,35 | 0,21/0,35 | ||
4.2 | Жалпы бiлiмдiк оқу орындары (барлығы/ 1000 адам) | орын | 25039/130 | 30239/144 | 34900/152 |
жаңа құрылыс | орын | 4100 | 9100 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 1,8 | 4,5 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен/оның ішінде рес- публикалық бюджет есебiнен | млрд.теңге | 0,07/0,84 | 0,13/0,84 | ||
4.3 | Емханалар (барлығы/ 1000 адам) | сменасына қабылдау- шылар | 3489/18 | 4889/23 | 6050/26 |
жаңа құрылыс | орын | 1400 | 2500 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 1,1 | 1,8 | ||
соның iшiнде, жергілікті бюджет қара- жаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
4.4 | Барлық типте- гі стационар- лар | кереует | 2406/12 | 3636/17 | 5468/24 |
жаңа құрылыс | орын | 695 | 1832 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 2,3 | 6,2 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен/оның ішінде республикалық бюджет есебiнен | млрд.теңге | 0,28/0,44 | 0,4/0,44 | ||
4.5 | Сауда кәсіп- орыны (барлығы/ 1000 адам) | м 2 сауда алаңы | 60215/312 | 63715/303 | 64400/280 |
жаңа құрылыс | м 2 сауда алаңы | 3500 | 685 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 0,3 | 0,1 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
4.6 | Тұрмыстық қызмет көрсе- ту кәсіпорыны (барлығы/ 1000 адам) | жұмыс орыны | 1800/9 | 1800/9 | 2070/9 |
жаңа құрылыс | жұмыс орыны | 0 | 270 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 0 | 0,2 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
4.7 | Қоғамдық тағам кәсіпорыны (барлығы/ 1000 адам) | орын | 6600/34 | 6600/31 | 9210/40 |
жаңа құрылыс | орын | 0 | 2610 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 0 | 0,6 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
4.8 | Көріністік- мәдени меке- мелер (барлығы/ 1000 адам) | орын | 5055/26 | 17276/82 | 23600/103 |
жаңа құрылыс | орын | 12221 | 14831 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 2,5 | 3,2 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
4.9 | Өрт депосы (барлығы/ 1000 адам) | автомобиль саны | 52/0,3 | 52/0,2 | 66/0,3 |
жаңа құрылыс | орын | 14 | |||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 0 | 4,2 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен | млрд.теңге | 0 | 4,2 | ||
4.1 0 | 4.1-4.9 тар- мақта есепке алынбаған мәдени-тұр- мыстық мақ- саттағы объе- ктілердің бағдарланған құны | млрд.теңге | 0,10/0,058 | 0,19/0,005 | |
4. 11 | Жергілікті бюджет қара- жаты есебінен спорт объе- ктілерінің құрылысы | млрд.теңге | 0,16 | 0,3 | |
4. 12 | Бюджеттен басқа барлық көздер түрле- рі есебінен 4.1-4.11 тармақтарында көзделмеген мәдени-тұр- мыстық мақ- саттағы объе- ктілердің құрылысының болжанған құны | млрд.теңге | 0 | 9,58 | |
5 | Көліктік қамтамасыз ету | ||||
5.1 | Көше осьтері бойынша сызы- ғының ұзынды- ғы ГПТ | км | 84,2 | 103,9 | 206,2 |
5.2 | Магистралды көшелер және жолдар ұзын- дығы | км | 71 | 90,7 | 201,2 |
жаңа құрылыс | км | 39,9 | 110,5 | ||
құрылыстың бағдарланған құны | млрд.теңге | 1,3 | 3,2 | ||
соның iшiнде, бюджет қаражаты есебiнен/оның ішінде респу- бликалық бюд- жет есебінен | млрд.теңге | 0 | 0 | ||
5.3 | Магистралды көшелердің орташа тығыз- дылығы | км/км 2 | 2,4 | 2,5 | 2,2 |
6 | Инженерлік жабдықтау | ||||
6.1 | Сумен жабдық- тау | ||||
6.1 1 | Сомалық тұтыну - барлығы | мың.куб м/тәулік | 50,84 | 90,25 | 106,13 |
соның ішінде | |||||
- шаруашылық -ауыз су қа- жеттіліктері | мың.куб м/тәулік | 41,64 | 76,05 | 91,18 | |
- өндірістік қажеттіліктер | мың.куб м/тәулік | 9,2 | 14,2 | 14,95 | |
6.1 2 | - Бас су құ- бырлардың қу- аттылығы | мың.куб м/тәулік | 50,84 | 90,25 | 106,13 |
6.1 3 | - сумен жаб- дықтауды пай- далану көзде- рі: | ||||
- беткі көз- дерден су тартқылар | мың.куб м/тәулік | 50,84 | 90,25 | 106,13 | |
6.1 4 | Арнайы су пайдалану, Есiл БВУ N 41 01.04.2004 ж. "Петропавл су" сумен жабдықтау | млн.куб.м/ жылына | 22,43 | ||
Өнеркәсiптiк сумен жабдықтау ПЖЭО-2 | млн.куб.м/ жыл | 22,95 | |||
6.1 5 | Орташа суға тұтынy тәулiгiне 1 адамға - барлығы | л/тәулік | 263 | 430 | 461 |
соның iшiнде: | |||||
- шаруашылық- ауыз су қажеттiлiк- терi | л/тәулік | 188 | 284 | 314 | |
6.2 | Су өткiзу | ||||
6.2 1 | Ағын судың жалпы түсiмi, барлығы | мың.куб м/тәулік | 41,87 | 65,37 | 82,24 |
соның iшiнде: | |||||
- тұрмыстық канализация | мың.куб м/тәулік | 36,4 | 59,4 | 71,98 | |
- өндiрiстiк канализация | мың.куб м/тәулік | 5,47 | 5,97 | 10,26 | |
6.2 2 | Канализация- лық тазартқыш құрылғылардың өнiмдiлiгi | мың.куб м/тәулік | 41,87 | 65,37 | 82,24 |
6.3 | Электрмен жабдықтау | ||||
6.3 1 | Электр қуатын сомалық тұтыну - барлығы | млн.сағ. кВт | 716 | 1000 | 1440 |
соның iшiнде: | |||||
- коммунал- дық-тұрмыстық қажеттiлiктер | млн.сағ. кВт | 252 | 360 | 545 | |
- өндірістік қажеттiлiктер | млн.сағ. кВт | 464 | 640 | 895 | |
6.3 2 | Электрді тұт- ыну орташа жылына бір адамға | сағ.кВт | 3704 | 4762 | 6261 |
соның iшiнде: | |||||
- коммунал- дық-тұрмыстық қажеттiлiктер | сағ.кВт | 1304 | 1714 | 2370 | |
6.4 | Жылумен жабдықтау | ||||
6.4 1 | Сомалық жылу жүктемелерi | гкал/сағ. | 884 | 1050 | 1427 |
соның iшiнде: | |||||
тұрғын үй- коммуналдық сектор | гкал/сағ. | 624 | 710 | 987 | |
- өнеркәсiптiк | гкал/сағ. | 260 | 340 | 440 | |
6.4 2 | Жылу жүктеме- лерiн жабу: | ||||
- ПТЭЦ-2 | гкал/сағ. | 672 | 780 | 1000 | |
- коммуналдық қазандықтар | гкал/сағ. | 17 | 30 | 35 | |
- өнеркәсiп- тiк қазандық- тар | гкал/сағ. | 22 | 37 | 64 | |
- ҚЭР (қайталама энергoресур- стар) | гкал/сағ. | 15 | 50 | ||
- автономдық жылу жүйелерi | гкал/сағ. | 173 | 188 | 278 | |
6.5 | Газбен жабдықтау | ||||
6.5 1 | Сұйық газды тұтыну - барлығы | мың т./ жылына | 14,3 | 14,3 | |
соның iшiнде: | |||||
- коммунал- дық-тұрмыстық қажеттiлiктер | мың т./ жылына | 13,1 | 12,8 | ||
- өнеркәсiп- тiк қазандықтар | мың т./ жылына | 1,2 | 1,5 | ||
7 | Аумақты инженерлiк дайындау | ||||
7.3 1 | Топырақтағы су деңгейiнiң төмендеуi | га | 6 | 12 | |
8 | Түрлi қаржы- ландыру көздері есебiнен бағдарланған инвестиция көлемі, барлығы/ соның iшінде, бюджет есебiнен | млрд.теңге | 88,7/8,19 | 325,2/8,78 | |
Соның iшiнде, экономикалық қызмет түрлерi бойынша, барлығы/соның iшiнде, бюджет есебiнен: | |||||
8.1 | Индустриалдық -инновациялық дамыту | млрд.теңге | 40,0/0 | 123,8/0 | |
8.2 | Аумақты инженерлiк жабдықтау және инженерлiк дайындық | млрд.теңге | 6,0/2,57 | 18,5/2,57 | |
8.3 | Көлік және көшелік-жол желiсi | млрд.теңге | 1,3/0 | 3,2/0 | |
8.4 | Қоршаған ортаны қорғaу | млрд.теңге | 1,0/0,89 | 2,0/0,89 | |
8.5 | Тұрғын үй құрылысы | млрд.теңге | 30,4/5,0 | 150,0/24,4 | |
8.6 | Мәдени-тұр- мыстық құрылыс | млрд.теңге | 10,0/2,35 | 29,7/2,94 | |
Бюджет деңгейi бойынша қаржыландыру көздерiн бөлу | |||||
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен/ республика- лық бюджет есебiнен | млрд.теңге | 2,57/5,62 | 3,15/5,62 | ||
8.7 | Инженерлiк инфрақұрылым- ды дамыту және жайғастыру | млрд.теңге | 0,77/1,8 | 0,77/1,8 | |
8.8 | Қоршаған ортаны қорғау | млрд.теңге | 0,04/0,85 | 0,04/0,85 | |
8.9 | Тұрғын үй құрылысы, барлығы | млрд.теңге | 1,1/1,28 | 1,1/1,28 | |
8. 10 | Мәдени-тұр- мыстық құрылыс | млрд.теңге | 0,66/1,69 | 1,25/1,69 |