Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемін алушылар тұрғын үй төлемін есепке жатқызу және төлемді Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға жүзеге асыру үшін өз таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте (бұдан әрі – банк) ашатын ағымдағы банктік шот;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй төлемін алушыларға Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда алатын қызметкерлер, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің отбасы мүшелері жатады.
Қызметкерлердің тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы тұрғынжайды жеке меншікке сатып алу құқығы бір рет жүзеге асырылады.
Егер ерлі-зайыптының екеуі де Заңның 13-1-тарауында көрсетілген қызметкер және (немесе) әскери қызметші болып табылса, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі.";
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне тұрғын үй төлемі біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі. Біржолғы ақшалай өтемақы мөлшері қаза тапқан кездегі қызметкердің өзін қоса алғанда, оның отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемінің сомасы шегеріліп, өз интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.";
17-тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектес) масаң күйге ұшырататын заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан;";
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша (қызметкерде және (немесе) оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы) ақпарат;
4) жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан (бұрынғы жұмыс орнынан), оның ішінде жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның жұмыскері болып табылатын (бұрын болған) жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алмағаны туралы мәліметтер қамтылған анықтама.
Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болса), анықтамада оның қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса, анықтамада оған Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй төлемі төленбейтіні туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер жұбайы (зайыбы) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органдарының қызметкері немесе әскери қызметші болып табылса (бұрын болған), анықтамада оның қызмет орны бойынша төленген тұрғын үй төлемін пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды меншігіне сатып алмағаны туралы мәліметтер көрсетіледі;";
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) отбасында бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмайтын кейбір созылмалы аурулардың (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың тізімі бойынша) ауыр түрімен ауыратын мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы;
10) бала кезінен мүгедектігі бар кәмелетке толған бала (кәмелетке толған мүгедектігі бар балалар) болған кезде мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қызметкер Заңның 101-3-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ Заңның 101-3-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғынжайға мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.";
29-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (адамдарды) қоспағанда, отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде баласы (балалары) кәмелетке толған;";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Осы Қағидалардың 29-тармағында айқындалған жағдайда тұрғын үй төлемінің нақты сомасы оқиға іс жүзінде орын алған кезден бастап есептеледі.
Бұл ретте қызметкер тұрғын үй комиссиясына осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды оқиға басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынады. Қызметкер құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянатты тіркеген күннен бастап жүзеге асырылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Тұрғын үй төлеміне арналған жеке арнайы шотты тұрғынжайға мұқтаж деп танылған тұрғын үй төлемін алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманы қоса беріп, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен дербес ашады.";
мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2, 36-3, 36-4 және 36-5-тармақтармен толықтырылсын:
"36-1. Тұрғын үй төлемін алушы жеке арнайы шоттағы ақшаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарт негізінде Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.
36-2. Тұрғын үй төлемін пайдалану мынадай мақсаттар бойынша жүргізіледі:
1) тұрғынжайды меншігіне, оның ішінде төлемді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдаланып сатып алу – Қазақстан Республикасының азаматтық және тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй төлемін алушы мен сатушы арасында жасалған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде.
Бұл ретте төлемді бөліп төлеумен сатып алынатын тұрғынжайдың шаршы метрінің құны ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын деректерге сәйкес жайластырылған тұрғынжайды қайта сату құнынан аспауға тиіс;
2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қызметкер мен жалға беруші арасында жасалған тұрғынжайды жалдау (жалға алу) шартының нотариат куәландырған көшірмесі негізінде;
кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкер мен уәкілетті компания арасында жасалған кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу шарты негізінде;
3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу – қызметкер тұрғын үй төлемі есебінен сатып алған тұрғын үйді сатып алу-сату шарты негізінде;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй құрылысына қатысу шарты негізінде;
5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарна төлеу – Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес қызметкердің тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарты негізінде;
6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатынан басқа талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақты толықтыру – Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт негізінде;
7) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсарту – тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
36-3. Осы Қағидалардың 36-2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттарды, егер уәкілетті компания көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе мұндай міндеттемені тиісінше орындамаған жағдайда қызметкердің жеке арнайы шотына ақшаны қайтарып, қызметкердің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі.
36-4. Тұрғын үй төлемін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша қызметкер оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын құжаттарды қоса беріп, бұл туралы уәкілетті органға баянатпен хабарлайды.
36-5. Қызметкер қызмет өткеру орны бойынша кадр бөлімшесіне жылына бір рет мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы отбасы құрамы бойынша алынған анықтама;
2) жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Заңның 101-4-бабында көзделген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын адамның бұйрығына сәйкес тұрғын үй төлемі:
1) қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан шығарылған жағдайда жеке құрам тізімінен шығарылған немесе ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесі болып табылмайтын бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап;
2) қызметкер Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайдың жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайды қоспағанда, тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған күннен бастап;
3) қызметкер қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе қайтыс болды деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімінен шығарылған күннен бастап;
4) қызметкердің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына жазылған тұрғын үй төлемін алудан бас тарту туралы баянаты тіркелген күннен бастап.
Бұл ретте тұрғын үй комиссиясы қызметкерге Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда осы тармақшада көзделген негіз бойынша тұрғын үй төлемін тоқтатудан бас тартады;
5) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге де тұрғынжай сатып алған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.
Қызметкердің жеке арнайы шоты жабылған кезде банк пайдаланылмаған қаражат қалдығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның шотына қайтарады.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Тұрғын үй төлемін алушы қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер онымен Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшері өзі қызмет өткерген бұрынғы өңір бойынша сақталады.
Бұл ретте отбасы құрамы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда отбасы құрамының ұлғаюына байланысты отбасы мүшесіне ағымдағы тұрғын үй төлемінің мөлшерін қайта есептеу қызметкер қызмет өткеретін өңірдегі сома негізінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының шешімі және осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды қоса беріп, қызметкер баянаты негізінде шығарылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган басшысының, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша қызметкердің міндеттемелері болған кезде оның жеке арнайы шотындағы артық тұрғын үй төлемі тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуді қоспағанда, жыл сайын тек көрсетілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге ғана жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Баянат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
байланысты мені тұрғынжайға мұқтаж деп тануды және қызмет өткеру орны бойынша тұрғын үй төлемін тағайындауды сұраймын.
Отбасы құрамы:
(бірге тұрып жатқан отбасы мүшелері болған кезде көрсетіледі *)
Р/с | Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН | Туыстық дәрежесі |
* отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы);
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, бала (балалар), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде жасына қарамастан, бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).
Қосымша: құжаттар ______ парақта.
Баянат
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
байланысты Сізден ___________________________________________________
тұрғын үй комиссиясының атауы
___________________________________________________________________
тұрғын үй комиссиясының 20 ____ жылғы "_____" _______________ (күні) (айы)
№ ______ хаттамасына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеуді сұраймын.
Отбасы құрамы:
(бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде көрсетіледі *)
Р/с | Қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ЖСН | Туыстық дәрежесі |
* отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы);
2) сот шешімінің негізінде бөлек тұратын алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, бала (балалар), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) сот шешімінің негізінде бөлек тұратын, алдыңғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан (ерлі-зайыптылықтардан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде жасына қарамастан, бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).
Қосымша: құжаттар _____ парақта.
Тұрғын үй төлемі туралы шарт
Бұдан әрі "банк" деп аталатын, ________ негізінде әрекет ететін ________________ банк атынан, бұдан әрі мемлекеттік мекеме деп аталатын, _____________ негізінде әрекет ететін _____________ атынан ____________________ мемлекеттік мекеме және бұдан әрі "Алушы" деп аталатын,_____________ берген 20__жылғы " " ______ №______ жеке куәлік негізінде әрекет ететін алушы __________________, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы "__" _____ №___ қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде төмендегі туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй төлемі – тұрғын үй төлемін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;
2) жеке арнайы шот – алушыға тұрғын үй төлемін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемді жүзеге асыру үшін банкте ашылатын ағымдағы банктік шот.
2. Шарттың нысанасы
2.1. Банк алушы анықтаманы (Қағидаларға 5-қосымша), мемлекеттік мекеме мен алушы қол қойған шартты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ағымдағы шотты ашу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін алушының тұрғын үй төлемін алуы үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан алушыға теңгеде жеке арнайы шот (бұдан әрі – шот) ашады.
2.2. Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемі ретінде көзделген ақшаны алушының банкте ашылған шотына аударады.
2.3. Алушы тұрғын үй төлемін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарда пайдаланады.
2.4. Банк алушының шотынан тұрғын үй төлемдерін аударуды оның нұсқауы негізінде жүзеге асырады. Төлем құжатында Заңның 101-5-бабында көзделген пайдалану мақсаттары көрсетіледі.
2.5. Шот ашуды, жабуды, жүргізуді, сондай-ақ шот бойынша операциялар жүргізуді банк, мемлекеттік мекеме және алушы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына, Қағидаларға, банктің ішкі құжаттарына және шартқа сәйкес жүзеге асырады.
3. Шотты жүргізу
3.1. Банк шот бойынша мынадай операцияларды жүзеге асырады және оған қызмет көрсетуге байланысты банк қызметтерін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған мемлекеттік мекеменің тиісті шотынан қолма-қол ақшасыз жолмен келіп түсетін тұрғын үй төлемін теңгеде шотқа есепке жатқызады;
2) осы шарттың 2.4-тармағына сәйкес шоттан ақша аударымын жүзеге асырады;
3) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес шот бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүргізеді;
4) алушының жазбаша келісімімен мемлекеттік мекемеге оның талап етуі бойынша, сондай-ақ алушыға шотта қалған ақша туралы және/немесе ақшаның шот бойынша қозғалысы туралы анықтама береді;
5) осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтарады.
Банк осы тармақта көрсетілмеген операцияларды шот бойынша жүргізбейді.
3.2. Банк шоттан қолма-қол ақша бермейді.
3.3. Осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияға жұмсалатын шығынды қоспағанда, шот ашу, оған қызмет көрсету және ол бойынша жүргізілетін операциялар үшін комиссияны алушы төлем күні қолданыста болған банктің тарифіне сәйкес банк кассасына төлеу арқылы дербес төлейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік мекеме қате аударған ақшаны шоттан қайтару кезіндегі комиссияға жұмсалатын шығын мемлекеттік мекеме есебінен банктің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Мемлекеттік мекеме Қағидаларға және осы шартқа сәйкес алушының шотына тұрғын үй төлемін аударуға міндеттенеді.
4.2. Мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемін осы шарттың 9-бөлімінде белгіленген тәртіппен кері қайтарып алуға міндетті.
4.3. Алушы:
1) тұрғын үй төлемдерін Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға;
2) мемлекеттік мекемені отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілері тіркелген және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлікті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, балалардың кәмелеттік жасқа толған күнінен бастап хабардар етуге;
3) мемлекеттік мекемені тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы тұрғынжайға мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
4) шоттан ақша алушымен шарт бұзылған жағдайда мақсатына қарай пайдаланылмаған ақшаны шотқа қайтару бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
4.4. Алушы:
1) шотта пайдаланылмаған тұрғын үй төлемінің сомасын жинақтауға;
2) қайда қызмет өткеретініне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде тұрғын үй төлемін мақсаты бойынша пайдалануға;
3) мемлекеттік мекеменің және банктің келісімімен тұрғын үй төлемінің пайдаланылмаған сомасын осы шартқа қосымша келісім жасасу арқылы бір банктен басқасына аударуға құқылы.
4.5. Банк алушының операцияларының жария болмауына кепілдік береді.
4.6. Банкке алушы өз деректемелерінің (жеке басын куәландыратын құжаттарының деректері, ЖСН, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail электрондық мекенжайы, факс нөмірі және банкке берілген құжаттарда қамтылатын басқа да мәліметтер) өзгергені туралы өзгерген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндеттенеді.
5. Есеп айырысу тәртібі
5.1. Тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір алушы тұрғын үй төлеміне арналған шотты өзі ашады және оған қызмет көрсетеді.
6. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Осы шарт бойынша тараптар арасында туындаған даудың барлығы келіссөздер арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде шешіледі.
6.2. Тараптар келіссөздер жүргізу арқылы келісімге келмеген кезде дау мүдделі Тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген сот тәртібінде қаралады.
7. Қосымша шарттар
7.1. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда жарамды.
7.2. Осы шарт Тараптардың келісімімен ғана бұзылуы мүмкін.
7.3. Осы шарт Заңның 101-4-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік мекеменің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
7.4. Осы шарт заңдық күші бірдей, әрбір Тарапқа бір-бірден үш данада жасалды.
7.5. Осы шарт оған Тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
7.6. Осы шарттың талаптары құпия болып табылады.
8. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершілікті болғызбау
8.1. Тараптар осы шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ Тараптардың келісімінсіз мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
8.2. Кез келген жағдайда шарттың талаптары бұзылған кезде банктің жауапкершілігі банктің заңсыз әрекетімен/әрекетсіздігімен алушыға келтірілген нақты залал мөлшерімен шектеледі.
8.3. Алушы шот бойынша үзіндіде көрсетілген шот бойынша операцияны даулау туралы өтінішті мұндай операцияны жүргізу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беруге құқылы.
9. Тұрғын үй төлемі бойынша төлемді аудару кезінде қателер анықталған жағдайда алушының, мемлекеттік мекеменің және банктің іс-қимыл тәртібі
9.1. Алушы тұрғын үй төлемінің сомасы туралы мәліметтерді алған кезде шотта төленген тұрғын үй төлемінің жекелеген сомасының болмауын анықтағаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысына қатенің (заңсыз немесе артық аударылған және (немесе) аударылмаған тұрғын үй төлемінің) (бұдан әрі – қате аударылған) анықталғаны және тиісті мәліметтер алу және жіберілген қатені түзету шараларын қабылдау үшін оған кез келген уақыт үшін банкке тұрғын үй төлемін аудару туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерінен жеке өзіне қатысты үзінді көшірмені беру туралы жазбаша өтініш жібереді.
9.2. Мемлекеттік мекеме қатені анықтаған немесе ол алушының тұрғын үй төлемінің сомасын аудару кезінде жіберілген қатенің анықталғаны туралы жазбаша өтініш алған жағдайда қатені мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемінің кейінгі аударымын реттеу арқылы түзетеді. Тұрғын үй төлемін кейінгі аударуды реттеу арқылы қатені түзету мүмкін болмаған кезде мемлекеттік мекеме қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішпен банкке жүгінеді. Қате аударылған тұрғын үй төлемін қайтару туралы өтінішке қате аударылған тұрғын үй төлемін алған алушының қате есепке жатқызылған сомасын оның шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініш қоса беріледі.
9.3. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемінің сомасын қайтаруға арналған өтініште: мемлекеттік мекеменің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ шотынан қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сома көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік мекеменің басшысы, қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс.
9.4. Қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін қайтаруға мемлекеттік мекеменің өтініші түскен кезде банк өтінішті алған күннен бастап он операциялық күн ішінде:
1) мемлекеттік мекеменің хатында көрсетілген қате тұрғын үй төлемінің түсу фактісін тексереді;
2) қате есеп жатқызылған тұрғын үй төлемінің расталған түсімі бойынша қайтарымның болмау фактісін тексереді;
3) банктің өз шотына қате түскен ақшаны есептен шығаруға бенефициар келісімінің болуын тексереді;
4) қате есепке жатқызылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекемеге қайтаруды жүзеге асырады немесе себептерін негіздеп, мұндай қайтарудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
9.5. Электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін банк қателікке жол берген жағдайда банк жіберілген қатені "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
9.6. Алушының шотында қаражат болмаған жағдайда алушы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы негізінде мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына кейіннен қалпына келтіру үшін мемлекеттік мекеменің кассасына заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қалпына келтіреді.
Бұл ретте алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қалпына келтіру үшін комиссияны төлем күні қолданыста болған банктің тарифіне сәйкес төлейді.
9.7. Алушы заңсыз немесе артық аударылған тұрғын үй төлемін қайтарудан бас тартқан немесе қасақана жалтарған жағдайда оны өтеу сот тәртібінде жүргізіледі.
10. Әртүрлі
10.1. Шоттың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалады.
10.2. Шарт оған сәйкес шот жабылғанға дейін қолданылады.
10.3. Шотты жабу Тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.
10.4. Алушы банктің мемлекеттік мекемеге шартта көзделген тәртіппен және шарттарда шот нөмірі, шот бойынша ақша қозғалысы, шотты жабу туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруіне келісімін береді.
11. Шартты өзгерту тәртібі
11.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.
12. Форс-мажор
12.1. Тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамауы немесе тиісінше орындамауы осы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер еткен күтпеген мән-жағдайдың, атап айтқанда: орындауға тікелей әсер еткен қауіпті табиғи құбылыс, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия, соғыс іс-қимылы салдарынан болса, мұндай орындамау үшін жауапкершіліктен босатылады.
13. Тараптардың орналасқан жері мен төлем деректемелері
Мемлекеттік мекеме: М.О. | Банк: ________________________ (толық атауы) ________________________ (мекенжайы) ________________________ (телефон) ________________________ (аты-жөні, тегі) ________________________ (қолы) 20__ жылғы "__" _____ М.О. | Алушы: _________________________ _________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________ (ЖСН) _________________________ (мекенжайы) _________________________ (телефон) _________________________ (қолы) 20__ жылғы "__" _____ |